Қобыз және баян
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ
«ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ» РММ
«ҚОБЫЗ ЖӘНЕ БАЯН» КАФЕДРАСЫ
«Прима кобыз», «Баян, аккордеон» номинациялары бойынша
XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДА
ЕРЕЖЕСІ
Өтетін уақыты |
28 наурыз 2023 жыл |
Өтетін орны |
Алматы қ., Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, «Қобыз және баян» кафедрасы. |
Ұйымдастырушы |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, «Қобыз және баян» кафедрасы. |
Олимпиаданың мақсаты |
XV Республикалық кіші олимпиада «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік рухани даму бағдарламасы аясында қазақ дәстүрлі өнерінің дара тұлғалары Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына, Досымжан Тезекбаевтың 100 жылдығына, Шамғон Қажғалиевтың 95 жылдығына арналады. Олимпиаданың мақсаты – мамандырылған музыка мектеп оқушылары мен музыкалық колледж студенттерінің кәсіби деңгейін шыңдау барысында бағдарламада берілген шығармаларды прима қобыз, қыл қобыз, альт қобыз бен бас қобыз, баян және аккордеон аспаптарында нақышына келтіре отырып орындау, насихаттау және шеберлігін байқату болып табылады. |
Қатысушылар |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына «Прима қобыз», «Баян, аккордеон (варьете)» номинацияларына дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша оқитын шығармашылық ЖОО студенттері қатыса алады. |
Қатысу шарттары |
Қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан; Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып (жеребе олимпиада басталатын күні 09-00 анықталады), байқау соңына дейін сақталады; Алдыңғы жылдардағы Республикалық олимпиаданың 1 орын лауреаттары қатыса алмайды; ЖОО орындарынан қатысушылар санына шектеу қойылмайды; Тыңдау жариялы түрде өтеді. |
Студенттік олимпиаданы өткізу тәртібі
|
«Прима қобыз» номинациясы: 1. Күрделі құрылымды шығарма (I немесе II, III бөлімдері) 2. С.Мұхамеджановтың репертуарындағы шығарма (қатысушының таңдауы бойынша) 3. Шетел композиторының шығармасы (10 минуттан аспайтын)
«Баян, аккордеон» номинациясы бойынша: 1. Әр түрлі сипаттағы эстрадалық-джаз бағытындағы 2 шығарма (қатысушының таңдауы бойынша
2023 жылдың 14 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын e- mail арқылы, жіберу қажет): - Өтінім (Қосымша 1). - ЖОО орындары ішілік іріктеу кезеңінен өткен студенттік олимпиада қатысушылары туралы хаттамадан үзінді. - Жеке куәліктің көшірмесі. - Фото сурет 3х4 (электрондық нұсқасы). |
Бағалау критерилері |
- номинация бойынша бағдарлама шарттарына сәйкестігі; - музыкалық-орындаушылық құралдар мен тәсілдер кешенін жетік меңгеру (дыбыс шығару, фразировка, виртуозды-техникалық шеберлік және т.б.); - дәл биіктікте дыбыс шығара алу және темпо-ритмдік дәлдік пен тұрақтылыққа ие болу; - ойын аппаратының еркіндігін көрсету; - бағдарламаның тұрақты орындалу деңгейін көрсету. |
Марапаттау |
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағына ие болады және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. • I орын – 1 диплом • II орын – 2 диплом • III орын – 3 диплом Қазылар алқасы барлық сыйлықтар мен дипломдарды бермеуге, ең үздік орындағаны үшін дипломдармен марапаттауға құқылы. Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
|
Өтінімдерді жіберу |
«Прима қобыз» номинациясы бойынша қатысушылардың өтінімдері 2023 жылдың 14 наурызға дейін (қоса есептегенде) aiganym.shugai@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Үйлестіруші – Шұғай Айғаным Шұғайқызы, байланыс тел.: +7 702 423 15 76;
«Баян, аккордеон» номинациясы бойынша қатысушылардың өтінімдері 2023 жылдың 14 наурызға дейін (қоса есептегенде) gali.kakimbaev@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Үйлестіруші – Какімбай Ғали Жанабайұлы, байланыс тел.: +77000909232
|