Қобыз және баян
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ
«ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ» РММ
«ҚОБЫЗ ЖӘНЕ БАЯН» КАФЕДРАСЫ
«Прима кобыз», «Кыл кобыз», «Альт кобыз и бас кобыз», «Баян, аккордеон» номинациялары бойынша
МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕР МЕН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ
ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДА
ЕРЕЖЕСІ
Өтетін уақыты |
29 наурыз 2023 жыл |
Өтетін орны |
Алматы қ., Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, «Қобыз және баян» кафедрасы. |
Ұйымдастырушы |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, «Қобыз және баян» кафедрасы. |
Олимпиаданың мақсаты |
XV Республикалық кіші олимпиада «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік рухани даму бағдарламасы аясында қазақ дәстүрлі өнерінің дара тұлғалары Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына, Досымжан Тезекбаевтың 100 жылдығына, Шамғон Қажғалиевтың 95 жылдығына арналады. Олимпиаданың мақсаты – мамандырылған музыка мектеп оқушылары мен музыкалық колледж студенттерінің кәсіби деңгейін шыңдау барысында бағдарламада берілген шығармаларды прима қобыз, қыл қобыз, альт қобыз бен бас қобыз, баян және аккордеон аспаптарында нақышына келтіре отырып орындау, насихаттау және шеберлігін байқату болып табылады. |
Қатысушылар |
«Халық аспаптар» мамандығы бойынша оқитын мамандырылған музыка мектептерінің 11-12 сынып оқушылары мен музыкалық колледждердің 3-4 курс студенттері.
Ескерту: «Альт қобыз және бас қобыз» номинациясы бойынша музыкалық колледждердің 2-4 курс студенттері қатыса алады. |
Қатысу шарттары |
1. Қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан; 2. Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып (жеребе олимпиада басталатын күні 09-00 анықталады), байқау соңына дейін сақталады; 3. Алдыңғы жылдардағы Республикалық кіші олимпиаданың 1 орын лауреаттары қатыса алмайды; 4. Қатысушылар санына шектеу қойылмайды; 5. Тыңдау жариялы түрде өтеді.
|
Кіші олимпиаданы өткізу тәртібі
|
«Прима қобыз» номинациясы: 1. Қатысушының таңдауы бойынша күрделі құрылымды шығарма (І немесе ІІ, ІІІ бөлімдері) 2. С.Мұхамеджановтың репертуарындағы шығарма (қатысушының таңдауы бойынша)
«Қыл қобыз» номинациясы: 1. Ықылас «Ерден» (Д.Мықтыбаевтың орындауындағы Б.Қосбасаровтың «Қобыз өнері» кітабындағы нұсқа) 2. Қатысушының таңдауы бойынша бір күй 3. Қатысушының таңдауы бойынша тізімдегі бір шығарма (А.Жұбанов «Көктем», Н.Тілендиев «Сарын», Н.Меңдіғалиев «Романс»)
«Альт қобыз және бас қобыз» номинациясы: 1. Күрделі құрылымды шығарма (I немесе II, III бөлім) 2. Қазақстан композиторларының шығармасы
«Баян, аккордеон» номинациясы бойынша: 1. Полифония (2-бөлімді полифониялық цикл (3-дауыстан кем емес фугамен) 2. Қатысушының қалауы бойынша шығарма
2023 жылдың 15 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын e-mail арқылы, жіберу қажет): - Өтінім (Қосымша 1). - Жеке куәліктің көшірмесі. - Фото сурет 3х4 (электрондық нұсқасы).
|
Бағалау критерилері |
- номинация бойынша бағдарлама шарттарына сәйкестігі; - музыкалық-орындаушылық құралдар мен тәсілдер кешенін жетік меңгеру (дыбыс шығару, фразировка, виртуозды-техникалық шеберлік және т.б.); - дәл биіктікте дыбыс шығара алу және темпо-ритмдік дәлдік пен тұрақтылыққа ие болу; - ойын аппаратының еркіндігін көрсету; - бағдарламаның тұрақты орындалу деңгейін көрсету. |
Марапаттау |
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағына ие болады және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. • I орын – 1 диплом • II орын – 2 диплом • III орын – 3 диплом • Арнайы жүлде – 3 диплом Қазылар алқасы барлық сыйлықтар мен дипломдарды бермеуге, ең үздік орындағаны үшін дипломдармен марапаттауға құқылы. Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
|
Өтінімдерді жіберу |
«Прима қобыз» номинациясы бойынша қатысушылардың өтінімдері 2023 жылдың 15 наурызға дейін (қоса есептегенде) kobyz.olimpiada@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Үйлестіруші – Амантаева Фариза Ерболатқызы, байланыс тел.: +7 778 575 7273;
«Қыл қобыз» номинациясы бойынша қатысушылардың өтінімдері 2023 жылдың 15 наурызға дейін (қоса есептегенде) kobyz_olymp01@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Үйлестіруші – Аязбаева Анар Исатаевна, байланыс тел.: +7 775 728 4757;
«Альт қобыз және бас қобыз» номинациясы бойынша қатысушылардың өтінімдері 2023 жылдың 15 наурызға дейін (қоса есептегенде) fnmkb18@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Үйлестіруші – Ихсанова Айғаным Ганибулатовна, байланыс тел.:+7072544545;
«Баян, аккордеон» номинациясы бойынша қатысушылардың өтінімдері 2023 жылдың 15 наурызға дейін (қоса есептегенде) mr.salauat@list.ru электронды поштасына қабылданады. Үйлестіруші – Ишбеков Салауат Айдарбекұлы, байланыс тел.: +7 702 778 7349
|