Menu HELPDESK

Вокалдық өнер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНСТРИЛІГІ  МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ

«ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ» РММ

 

«ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫ

«Әйелдер дауысы», «Ерлер дауысы» номинациялары бойынша

«Қазақ КСР халық әртісі, профессор Бекен Жылысбаевтың 100 жылдығына» орай

 

МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕР МЕН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ

 ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДА

 

ЕРЕЖЕСІ

Өткізілу күні:

30-31 наурыз 2023 жыл

Өтетін орны

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокалдық өнер» кафедрасы,

Ұйымдастырушылар:

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы («Вокалдық өнер» кафедрасы).

Мақсаты:

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында кіші олимпиада дарынды жастарды анықтау, ең дарынды және талантты студенттерді іріктеу және қолдау, сондай-ақ отандық музыка мәдениеті мен орындаушылық өнердің үздік дәстүрлерін сақтау және орта арнаулы музыкалық білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында өткізіледі

Қатысушылар:

Кіші олимпиадаға орта, арнаулы оқу орындарының студенттері: музыкалық колледждердің 3-4 курс студенттері, мамандандырылған музыка мектептерінің 11-12 сынып оқушылары, сондай-ақ «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының оқу орны бойынша іріктеу турынан өткен дайындық курстарының студенттері қатыса алады.

Қатысу шарттары:

1.Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың өткен жылдардағы 1-ші жүлделі лауреаттары қатысуға құқылы емес.

2.Барлық шығармалар түпнұсқа тілінде орындалады.

3.Опералардан алынған ариялар түпнұсқа тоналдікте орындалады.

3.Көне ариялар, романстар ыңғайлы кілтте орындауға болады.

4.Көлік, іс-сапар, тұрғын үй шығындары жіберуші тараптың есебінен жүргізіледі.

Өткізу тәртібі:

Барлық номинациялар бойынша конкурстық бағдарлама:

1 тур.

1.                Көне ария (15-17ғ)

2.                Шетел композиторларының операларынан ария, ариетта немесе ариозо.

3.                Б.Б.Жылысбаевтың репертуарынан Қазақтың халық әні (таңдау бойынша).

2тур

1.                Орыс композиторларының операларынан ария, ариетта немесе ариозо.

2.                Қазақ композиторларының операларынан ария, ариетта немесе ариозо.

3.                Қазақстан композиторларының ромастары.

Бағалау критерийлері

1.Шығармалардың формасы мен стилін сенімді түрде жеткізу

2.Вокалдық техниканы меңгеру, музыкалық 3.Жақсы дикция

4.Таза интонация, икемді нюанс

5.Әртістік шеберлік

Марапаттау

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағына ие болады және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

• I орын – 1 диплом

• II орын – 2 диплом

• III орын – 3 диплом

• Арнайы жүлде – 3 диплом

Қазылар алқасы барлық сыйлықтар мен дипломдарды бермеуге, ең үздік орындағаны үшін дипломдармен марапаттауға құқылы.

Концерттік қойылым. Байқау екі номинация бойынша өткізіледі: «Әйелдер дауысы» және «Ерлер дауысы» және 2 турдан тұрады.

30 наурыз - «Әйелдер дауысы» және «Ерлер дауысы» номинациялары бойынша 1 тур.

31 наурыз - «Әйелдер дауысы» және «Ерлер дауысы» номинациялары бойынша 2 тур.

Байқау нәтижелері барлық тыңдаулардан кейін қазылар алқасының қорытындысы бойынша 31 наурызда жарияланады.

Конкурстық тыңдаулар көпшілік алдында өткізіледі. Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

Өтінім беру

Қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 15 наурызына дейін (қоса алғанда) электронды түрде vocalsofa@mail.ru электронды поштасына тақырып жолында «КІШІ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ» деген белгімен жіберіледі.

Жеңімпаздар ҚР Білім және Ғылым министрлігінің дипломдарымен және Құрманғазы атындығы ҚҰК грамоталарымен марапатталады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері:

Координатор:  Благодарная Софияна Хакимовна

Байланыс телефоны +7(777)3518288 vocalsofa@mail.ru

Кіші олимпиада туралы ақпарат: Өткізу тәртібі мен өтініш формасы қосымшада.


Өтінім