Вокалдық өнер
«6В02103 – ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР»
Білім беру бағдарламасы бойынша
шығармашылық емтихан өткізу
БАҒДАРЛАМАСЫ
І.МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Жеке бағдарлама талапкердің орындаушылық құзіреттілігін аша түсуі керек. Бағдарлама:
1. Көне ария;
2. Батыс еуропа, орыс және қазақстандық композиторларының операларынан ария;
3. Қазақ халық әні
Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
І-шығармашылық емтихан
36-50 Өте жақсы:
Талапкер ерекше вокалдық дауыс мүмкіншіліктерін, стиль мен музыканы сезінуін, жоғары көркем-орындаушылық мәдениеті мен әртістік қабілеттілігін, интонация тазалығынкөрсетуі тиіс.
21-35 Жақсы:
Талапкердің шығарманы орындауы мағыналы, авторлық мәтін нақты оқылған, стилистикалық түрде сақталған түрде болу керек. Бірақ бұл ретте ол вокалды-техникалық еркіндікті көрсете алмаған, орындаушылық сапасымен ерекшеленбеген болса.
5-20 Қанағаттанарлық:
Орындалатын шығармалардың стилистикасы мен мазмұнын нашар түсіну, мәнерлеу мүмкіншіліктерін ( есту, фразировка, ритм), музыкалық интонация тазалығын жеткіліксіз меңгеру.
0-4 Қанағаттанарлықсыз:
Ұстамдылықтың, ырғақтық ерік-жігердің болмауы, вокалды-техникалық және көркемдік орындаушылықтың әлсіз болуы, нотаның таза болмауы, бағдарламаның оқуға түсу үшін қажетті деңгейге сәйкес келмеуі.
ІІ. МУЗЫКА-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Музыканың қарапайым теориясы – билеттер бойынша ауызша: дыбыстан және тоналдылықтан диатоникалық интервалдар мен аккордтарды құру және анықтау (мажор мен минордың 2-ден 5-ке дейінгі негізгі белгілері), ырғақ сезімін тексеру. Сольфеджио оқулығынан нөмірді парақтан оқу.
Сольфеджио – (жазбаша) кезең түрінде өтетін және хроматикалық дыбыстары бар диатоникалық 1-дауысты диктант.
Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
ІІ-шығармашылық емтихан
36-50 Өте жақсы:
Диктантты дұрыс жазу; музыканың қарапайым теориясы курсының тақырыптарын терең білу; интервалдарды немесе аккордты дәл және жылдам анықтау; ырғақты суретті дәл және нақты қайталау; нөмірді жақсы қарқынмен оқу, айқын интонация, тоналдылықты дәл анықтау
21-35 Жақсы:
Диктантта шамалы дыбыстық және ритмикалық қателіктердің болуы; музыка теориясының теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; интервалдарды немесе аккордты анықтаудағы аз кідірістер; тоқталумен нөмірді оқу, интонациялаудағы дәлсіздіктер
5-20 Қанағаттанарлық:
Диктант жазудағы елеулі қателіктер; музыканың қарапайым теориясының теориялық курсының тақырыптарын нашар білу; интервалдар мен аккордтарды дұрыс анықтамау; нөмірді сенімсіз оқу
0-4 Қанағаттанарлықсыз:
Диктант жазу дағдыларының болмауы; музыканың қарапайым теориясының теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі; нөмірді оқу дағдыларының болмауы.