ШЕРТЕР, ДОМБЫРА-ПРИМА, БАС ДОМБЫРА
«6В02116 – ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ӨНЕРІ»
Үш ішекті аспаптар
Білім беру бағдарламасы бойынша
шығармашылық емтихан өткізу
БАҒДАРЛАМАСЫ
І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Бағдарламаны орындау:
- Күрделі формадағы бір шығарма (Концерт, соната және т.б.);
- Шеберлік көрсететін бір шығарма;
- Қазақстан композиторларының бір шығармасы;
- Кантилена жанрында бір шығарма;
- Бір күй (шертер аспабында орындаушылар үшін).
ІІ. ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Сольфеджио – жазбаша: хроматизмдермен, альтерациямен, ауытқулармен немесе туыстықтың бірінші дәрежелі тональділіктегі модуляциямен кезең түріндегі 1 дауысты диктант.
Гармония – билеттер бойынша ауызша (диатоникалық немесе хроматикалық секвенция; туыстықтың I дәрежелі үндестікте модуляциясы бар кезең немесе бір тонды құрылым; шағын туындыны талдау).
Талапкерлерге арналған
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері:
І шығармашылық емтихан
36-50 Өте жақсы:
Талапкердің орындаушылық шеберлік деңгейінің жоғары талапқа сай келуі, артистизмі, техникалық шеберлігі, шығармалардың авторлық мәтінін сауатты орындалуы.
21-35 Жақсы:
Шығармалардың орындаушылық жоспарын түсіне орындау, нота мәтінін нақты білу, музыкалық стилін ұстану. Бірақ, техникалық-динамикалық еркіндік ойдағыдай емес, дыбыс сапасы мен түрлілігі онша байқалмайды.
5-20 Қанағаттанарлық:
Бағдарламадағы шығармаларды тұрақсыз орындау, шығармалардың стилі мен мазмұнын түсінбеу, дыбыс бояуын жеткіліксіз меңгеруі (дыбыс алу, динамика, фразировка, ритм, есту қабілетін қадағалау).
0-4 Қанағаттанарлықсыз:
Тоқтау, мәтіндегі қателіктер, орындаушылық аппаратының тырысуы, тұрақсыздық, белсенділіксіздігі, дыбыс бояуы, техникалық және көркемдік құралдарының жеткіліксіз меңгеруі, түсуге арнайы бағдарламаның міндетті деңгейге сәйкес келмеуі.
Талапкерлерге арналған
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері:
ІІ шығармашылық емтихан
36-50 Өте жақсы:
Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын еркін меңгеру;
21-35 Жақсы:
Диктантта шамалы дыбыстық және ритмикалық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы білу.
5-20 Қанағаттанарлық:
Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру заңдылықтарын білмеуі мен дағдыларының жеткіліксіздігі.
0-4 Қанағаттанарлықсыз:
Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі; музыканың қарапайым теориясының теориялық курсында тақырыптарды білу деңгейінің төмендігі.