Фортепиано
«6B02115 – АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ»
Фортепиано
Білім беру бағдарламасы бойынша
шығармашылық емтихан өткізу
БАҒДАРЛАМАСЫ
I. Мамандық бойынша шығармашылық емтихан
Бағдарламаны орындау:
1. Бір полифониялық шығарма (И.С. Бахтың, Д. Шостаковичтің, Р. Щедриннің Прелюдиялары мен фугалары);
2. Үлкен формадағы бір шығарма: сонатаның бір бөлігі (сонаталық allegro), вариациялар (Й. Гайдн, В. Моцарт, Л. В. Бетховен, Ф. Шуберт);
3. Бір концерттік этюд.
4. Тағы бір концерттік этюд немесе виртуоздық сипаттағы пьеса.
Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
І-шығармашылық емтихан
36-50 Өте жақсы:
Талапкер әртістікті, орындаушылық еркіндікті, авторлық мәтінді оқуды, орындаушылық интонация мәдениетін, техникалық шеберлігін көрсетуі тиіс.
21-35 Жақсы:
Талапкердің орындауы мағыналы, дәл авторлық мәтін оқылып, стилистикалық түрде сақталған. Бірақ, ол техникалық еркіндікті көрсетпейді, орындау әр түрлілігі мен және дыбыс сапасымен ерекшеленбейді.
5-20 Қанағаттанарлық:
Орындалатын шығармалардың стилистикасы мен мазмұнын нашар түсіну, музыкалық интонацияның мәнерлі құралдарын жеткіліксіз меңгеру (ырғақ, фраза сезімі, көркем-бейнелі орындау, есту бақылауы).
0-4 Қанағаттанарлықсыз:
Ұстамдылықтың, бастаманың, ырғақтық еркінің болмауы, орындаушылық интонацияның техникалық және көркемдік құралдарын нашар меңгеру, бағдарламаның түсу үшін қажетті деңгейге сәйкес келмеуі.
ІІ. МУЗЫКА-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Гармония – билеттер бойынша ауызша (туыстықтың бірінші дәрежелі үндестігінде модуляция ойнау, өтетін хроматикалық дыбыстарды қамтитын диатоникалық немесе хроматикалық жоғары немесе төмен секвенция; туындының бастапқы кезеңіне гармоникалық талдау);
Сольфеджио – жазбаша: хроматизмдермен, альтерациямен, ауытқулармен немесе туыстықтың бірінші дәрежелі тоналдылығымен модуляциямен кезең түріндегі 2 дауысты диктант.
Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
ІІ -шығармашылық емтихан
36-50 Өте жақсы:
Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдысын еркін меңгеру.
21-35 Жақсы:
Диктантта шамалы дыбыстық және ырғақтық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы меңгеру.
5-20 Қанағаттанарлық:
Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру машықтары мен дағдыларының жеткіліксіздігі.
0-4 Қанағаттанарлықсыз:
Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі.