Menu HELPDESK

Үрмелі және ұрмалы аспаптар

«6B02115 – АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ»

Үрмелі және ұрмалы аспаптар

Білім беру бағдарламасы бойынша

шығармашылық емтихан өткізу

БАҒДАРЛАМАСЫ


І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН


1. Бағдарламаны орындау:

1.        Ірі формадағы шығарма (аспаптық концерт бөлімі). Шығарманы таңдау аспапқа байланысты және кез-келген дәуір мен стилистикалық бағытқа тиесілі болуы мүмкін;

2.        Виртуоздық сипаттағы пьеса немесе Қазақстан композиторларының пьесасы (соло туындысының орындалуы мүмкін);

3.        4 белгіге дейін гаммаларды және нота бойынша 5 түрлі сипатты этюдтерді орындау.


І-шығармашылық емтиханды бағалау критерийлері:

-         Шығарманы музыкалық-көркем түсіндіру;

-         Жұмыстың стилі мен формасын сезіну;

-         Техникалық жабдықталуы (дыбысталу сапасы, техникалық шеберлігі, ойын тәсілдерін, штрихтарды және әртістікті меңгеру.);

-         Орындалу тұрақтылығы.



Талапкерлер үшін

шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері

І-шығармашылық емтихан


36-50 Өте жақсы:

Талапкер әртістікті, орындаушылық еркіндікті, авторлық мәтінді оқуды, орындаушылық интонация мәдениетін, техникалық шеберлігін көрсетуі тиіс.

21-35 Жақсы:

Талапкердің орындауы мағыналы, дәл авторлық мәтін оқылып, стилистикалық түрде сақталған. Бірақ, ол техникалық еркіндікті көрсетпейді, орындау әр түрлілігі мен және дыбыс сапасымен ерекшеленбейді.

5-20 Қанағаттанарлық:

Орындалатын шығармалардың стилистикасы мен мазмұнын нашар түсіну, музыкалық интонацияның мәнерлі құралдарын жеткіліксіз меңгеру (ырғақ, фраза сезімі, көркем-бейнелі орындау, есту бақылауы).

0-4 Қанағаттанарлықсыз:

Ұстамдылықтың, бастаманың, ырғақтық еркінің болмауы, орындаушылық интонацияның техникалық және көркемдік құралдарын нашар меңгеру, бағдарламаның түсу үшін қажетті деңгейге сәйкес келмеуі.


ІІ. МУЗЫКА-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН


Сольфеджио – жазбаша: хроматизмдермен, альтерациямен, ауытқулармен немесе туыстықтың бірінші дәрежелі тональділіктегі модуляциямен кезең түріндегі 2 дауысты диктант.

Гармония – билеттер бойынша ауызша (диатоникалық немесе хроматикалық секвенция; туыстықтың I дәрежелі үндестікте модуляциясы бар кезең немесе бір тонды құрылым; шағын туындыны талдау).


Талапкерлер үшін

шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері

ІІ-шығармашылық емтихан


36-50 Өте жақсы:

Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын еркін меңгеру;

21-35 Жақсы:

Диктантта шамалы дыбыстық және ритмикалық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы білу.

5-20 Қанағаттанарлық:

Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру заңдылықтарын білмеуі мен дағдыларының жеткіліксіздігі.

0-4 Қанағаттанарлықсыз:

Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі; музыканың қарапайым теориясының теориялық курсында тақырыптарды білу деңгейінің төмендігі.