«ТАЛАПКЕР-2024» ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
Шығармашылық емтихандарға қатысуға арналған
құжаттар тізімі:
1) қабылдау комиссиясы төрағасының атына қабылдау туралы өтініш;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа), қосымша бес немесе жеті жылдық музыкалық білімі бар жалпы білім беретін мектепті бітіргені туралы аттестат («Арт-менеджмент») (түпнұсқа);
3) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
4) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
5) № 075-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорография суреті), 063-нысан және көшірмесі (егу паспорты);
6) ҰБТ сертификаты;
7) тіркеу куәлігі немесе әскери билет (ұлдар үшін міндетті);
8) білім беру грантын беру туралы куәлік (бар болса);
9) жеңілдіктерді растайтын құжаттар: соңғы үш жылдағы лауреат дипломы – 2022, 2023, 2024 (түпнұсқа және көшірме), жетімдерге ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік және т. б., талапкердің мүгедектігі туралы анықтама;
10) қағаз папка, 6 файл, конверт (фотосуреттер үшін).
Құжаттарды қабылдау екі міндетті тәсілмен жүзеге асырылады:
1. Платонус ААЖ арқылы құжаттарды электрондық форматта беру https://platonus.conservatoire.kz/ / Құжаттарды сканерлеген кезде барлық әріптер, қолтаңбалар және мөрлер анық көрінуі тиіс;
2. Құжаттарды консерваторияның Қабылдау комиссиясына (Алматы қ., Абылай хан даңғылы 86) қағаз түрінде тапсыру.