Консерватория жаңалықтары
2024 жылдың 5 сәуірінде Құрманғазы атындағы ҚҰК А.Жұбанов атындағы концерт залында «6В02115, 6В02102 - Аспаптық орындаушылық» мамандығы «Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
2024 жылдың 5 сәуірінде Ғ.Жұбанова атындағы камералық залда «Халық музыкасы» факультеті «Халық әні» кафедрасының ұстазы ҚР Мәдениет саласының үздігі Э.Ж.Қарабалинаның шәкірттері Республикалық конкурстардың лауреаттары Тілеш Әділет пен Темірбекова Аиданың «Көктем сазы» атты жеке концерті болып өтті. Концерттік бағдарламада сондай-ақ кеш қонақтары «Хафиз» ансамблі, Анель Ахмедиярова, Қадыр Ерқанат, Тайыпова Айдана, Зинор Нұрай өнер көрсетті.
2024 жылдың 5 сәуірінде А.Жұбанов атындағы концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының доценті Карибаев Бекмұхамбет Есіркепұлының Валторна сыныбы концерті болып өтті. Концерттік кеште консерватория студенттерімен қатар К.Байсейітова атындағы РММОМИ және А.Жұбанов атындағы РҚМММИ оқушылары өнер көрсетті.
Фортепиано партиясы – Скрипченко Елена, Қоқыбасова Шынар, Ни Ирина.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы биыл өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Осыған орай өнер-білім ордасының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіровтің «Ана тілі» газетіне берген сұхбатын ұсынамыз.
Концерттік бағдарлама барысында Төребай Әсел (прима қобыз), Рақымжан Әсел (прима қобыз), Әбілсейіт Аружан (альт), Мазанбеков Ернұр (виолончель), Жүнісова Балжан (прима қобыз), Ташимова Салтанат (скрипка) өнер көрсетті.
Концертмейстерлер – Абдықадырова Жаннель, Қоқыбасова Шынар, Жүнісова Рахима, Ғимарат Ерназар, Ташимова Әсел.
2024 жылдың 3 сәуірінде А.Жұбанов атындағы концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай ҚР Еңбек сіңірген артисі, профессор А.М.Гайсин мен ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық конкурстардың лауреаты, аға оқытушы, Г.М.Нарымбетованың баян сыныбы шәкірттерінің концерті болып өтті.