Халық әні, жыршылар
М.Ешекеевтің 80 жылдығына арналған 2017 жылғы
ҚР БҒМ-нің ІХ Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға қатысу үшін
ЕРЕЖЕ
«5В040400 – «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы, «Халық әні, жыршылар» номинациясы бойынша
Өтетін уақыты: 3-5 сәуір 2017 жыл
Өткізілу орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы».
Мақсат: Қазақстан Білім және ғылым минстрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын алға іске асыру, сонымен қатар жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми зерттеу, ізденіс, техникалық – ақпарат құралдарымен жұмыстарына жағдай жасап, жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау; Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл- өріс салаластығына тәрбиелеу; Республика ЖОО студенттері арасында достық қарым-қатынастың орнауына, игілікті бастамаларды қолдауымен қатар, өзара бәсекелестік тудыруға ықпал ету.
Қатысу шарттары:
2017 жылғы 25 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық Студенттік Олимпиада Ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын e-mail арқылы, түпнұсқасын өздерімен бірге алып келу қажет):
- ЖОО ішілік іріктеу кезеңінен өткен Олимпиада қатысушылары туралы хат (ректор немесе проректордың қолымен) немесе Республикалық студенттік Олимпиадаға жолдама (ЖОО-ның Ғылыми кеңес хаттамасынан үзінді көшірмесі). мерзімі жоо ректорының бұйрығымен 1қазан мен1 қаңтар аралығында бекітіледі.
- жеке куәліктің көшірмесі.
Олимпиада талаптары:
· қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан;
· бұрын өткен Республикалық Студенттік Олимпиада лауреаттары (1 орын) қатыса алмайды;
· ЖОО- нан қатысушылар санынан шектеу қойылмайды;
· Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып, байқау соңына дейін сақталады;
· Тыңдау жариялық түрде өтеді.
Олимпиаданың қазылар алқасы құрамы ҚР- ның көрнекті өнер қайраткерлері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарынан құралады.
Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындар мен сыйлықтарды қорытындылай бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.
Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқыл
ӨТКІЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ:
1 кезең (жоғары оқу орны ішілік, іріктеу) оқу орындары базасында жүргізіледі
2 кезең (жоғары оқу орны аралық) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы базасында жүргізіледі.
Олимпиаданың ІІ кезеңінің (жоғары оқу орындары арасында) жүргізу тәртібі:
1. Орындаушылық конкурсы
2. Тестілеу
Орындаушылық конкурсы: бойынша жеке бағдарламаны орындау (20 минут).
«Халық әні»
1) Халық әні
2) Халық композиторының бір әні
3) Дәстүрлі ән үлгісінде жазылған қазіргі заман композиторларының бір әні.
«Жыршылар»
1) Өзінің жыршылық мектебінен бір терме
2) Өзге жыршылық мектептен бір терме-толғау
3) Дастаннан үзінді (бір оқиғаның желісінде 5 минут)
*Ескерту: «Халық әні» номинациясының үміткерлеріне! Егер үміткер фестиваль-конкурстағы көрсетілген шартта М.Ешекеевтің репертуарынан халық әнін орындаса, онда екінші ән міндетті түрде халық композиторының әні болуы тиіс (екі бірдей халық әні немесе екі бірдей халық композиторларының әндері болмауы керек).
М.Ешекеевтің реперутарындағы әндердің тізімдері:
1. |
Халық әні |
Аққұм |
2. |
Халық әні |
Сұржекей |
3. |
Халық әні |
Жиырма бес |
4. |
Халық әні |
Қарғам-ау |
5. |
Біржан сал |
Айтбай |
6. |
Біржан сал |
Ләйлім шырақ |
7. |
Жаяу Мұса |
Хаулау |
8. |
Жаяу Мұса |
Көкаршын |
9. |
Ақан сері |
Құлагер |
10. |
Ақан сері |
Майда қоңыр |
11. |
Ақан сері |
Әудем жер |
12. |
Абай |
Көзімнің қарасы |
13. |
Абай |
Сегіз аяқ |
14. |
Әсет |
Інжу-Маржан |
15. |
Балуан Шолақ |
Ғалия |
16. |
Ғазиз |
Ғазиздің әні |
17. |
Естай |
Жай қоңыр |
18. |
Мәди |
Қарқаралы |
19. |
Сәтмағамбет (Сәтжан сал) |
Қанатталды |
20. |
Үлебайдың әні (М.Жагорқызы) |
Дудар-ай |
21. |
К.Әзірбаев |
Бозторғай |
22. |
М.Ержанов |
Паравоз |
23. |
Р.Елебаев |
Жас қазақ |
24. |
Ә.Еспаев |
Өзгеге көңілім тоярсың |
25. |
С.Кәрімбаев |
Ақ ерке |
Тестілеу: М.Ешекеевтің өмірі мен шығармашылығына, қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, жыраулық поэзия, мамандық пәніне қатысты 20 сұрақтан құралады.
Олимпиадаға қатысушылар:
· Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
· Қазақ ұлттық өнер университеті
· Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
· Республикадағы ЖОО –ның музыка факультеттері
Өткен жылғы Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың І дәрежелі сыйлық лауреаттарының қатысуға құқығы жоқ
Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2017 жылдың 25 наурызына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:
Координатор: Қарабалина Эльза Жеңіскызы +7 701 362 30 35, elza.8181@mail.ru