Қобыз прима
Қазақстанның халық артисі, професор Ф.Балғаеваның, Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, профессор Хабидолла Тастановтың 90 жылдығына арналған 2017 жылғы
ҚР БҒМ-нің ІХ Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға қатысу үшін
ЕРЕЖЕ
«5В040400 – «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы, «Қобыз прима» номинациясы бойынша
Өтетін уақыты: 6 сәуір 2017 жыл
Өткізілу орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы».
Мақсат: Қазақстан Білім және ғылым минстрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын алға іске асыру, сонымен қатар жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми зерттеу, ізденіс, техникалық – ақпарат құралдарымен жұмыстарына жағдай жасап, жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау; Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл- өріс салаластығына тәрбиелеу; Республика ЖОО студенттері арасында достық қарым-қатынастың орнауына, игілікті бастамаларды қолдауымен қатар, өзара бәсекелестік тудыруға ықпал ету.
Қатысу шарттары:
2017 жылдың 25 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық Студенттік Олимпиада Ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын e-mail арқылы, түпнұсқасын өздерімен бірге алып келу қажет):
- ЖОО ішілік іріктеу кезеңінен өткен Олимпиада қатысушылары туралы хат (ректор немесе проректордың қолымен) немесе Республикалық студенттік Олимпиадаға жолдама (ЖОО-ның Ғылыми кеңес хаттамасынан үзінді көшірмесі). мерзімі жоо ректорының бұйрығымен 1қазан мен1 қаңтар аралығында бекітіледі.
- жеке куәліктің көшірмесі.
Олимпиада талаптары:
· қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан;
· бұрын өткен Республикалық Студенттік Олимпиада лауреаттары (1 орын) қатыса алмайды;
· ЖОО- нан қатысушылар санынан шектеу қойылмайды;
· Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып, байқау соңына дейін сақталады;
· Тыңдау жариялық түрде өтеді.
Олимпиаданың қазылар алқасы құрамы ҚР- ның көрнекті өнер қайраткерлері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарынан құралады.
Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындар мен сыйлықтарды қорытындылай бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.
Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.
ӨТКІЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ:
1 кезең (жоғары оқу орны ішілік іріктеу) оқу орындары базасында жүргізіледі
2 кезең (жоғары оқу орны аралық) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы базасында жүргізіледі.
Олимпиаданың ІІ кезеңінің (жоғары оқу орындары арасында) жүргізу тәртібі:
1. Орындаушылық конкурсы
2. Тестілеу
Орындаушылық конкурсы: жеке бағдарламаны орындау (20 минут).
1) Х.Тастанов «Белгісіз солдат» (міндетті түрде)
2) Шетел композиторларының шығармасы
3) Күрделі форма
Тестілеу: ҚР халық артисі, профессор Ф.Балғаева мен Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, профессор Хабидолла Тастановтың өмірі мен шығармашылығына, қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, жыраулық поэзия, мамандық пәніне қатысты 20 сұрақтан құралады.
Олимпиадаға қатысушылар:
· Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
· Қазақ ұлттық өнер университеті
· Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
· Республикадағы ЖОО –ның музыка факультеттері
Өткен жылғы Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың І дәрежелі сыйлық лауреаттарының қатысуға құқығы жоқ
Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2017 жылдың 25 наурызына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:
Координаторлар: Рақымжан Асель Амалбекқызы +7 702 303 55 70, e-mail: ashkon_ra@mal.ru