Menu HELPDESK

Экспозиция: Құрманғазы атындағы ҚҰК ректорлары




 


Экспозиция: Құрманғазы атындағы ҚҰК ректорлары

 

Экспозиция: ректоры КНК им. Курмангазы

 

Exposition: Rector of the Kazakh National Conservatory named after Kurmangazy

 

1. Иван Васильевич Круглыхин. Жоғары оқу орнының тұңғыш ректоры (1944 жылдың тамыз айында тағайындалған), тәжірибелі педагог әрі талантты ұйымдастырушы, республиканың музыкалық білім беру ісінің көрнекті қайраткерлерінің бірі. 1945 жылы ректорлық «эстафетасын» өзінің ізбасары А.Қ.Жұбановқа табыстаған И.В.Круглыхин консерваторияны 1951-1957-жж. аралығында қайта басқарды. Сол жылдары консерваторияның іргесі қаланды. И.В.Круглыхиннің басты жетістігі республиканың музыкалық жоо-ның қоғамдық танылуы болды. Иван Васильевич 1955 жылы қазақтың музыкалық туындыларына негізделген сольфеджио бойынша оқу құралын шығарды.

Қазақстанның музыкалық білім беру ісін ұйымдастырып, дамытудағы еңбегі үшін И.В.Круглыхин медальдармен және «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

 

Иван Васильевич Круглыхин. Первый ректор вуза (назначен в августе 1944 года), опытный педагог и талантливый организатор, один из видных деятелей музыкального образования республики. Передав в 1945 году ректорскую «эстафету» своему преемнику А.К.Жубанову, И.В.Круглыхин вновь будет возглавлять консерваторию в период с 1951 по 1957 гг. В эти годы закладывались основы консерватории. Главным достижением И.В.Круглыхина стало общественное признание музыкального вуза республики. Иван Васильевич в 1955 году выпустил первое учебное пособие по сольфеджио с использованием казахских музыкальных произведений.

За заслуги в организации и развитии музыкального образования Казахстана И.В.Круглыхин был награждён медалями и Орденом «Знак почёта».

 

Ivan Vasilyevich Kruglykhin. The first rector of higher education institution (appointed in August, 1944), experienced teacher and talented organizer, one of eminent persons of music education of the Republic. Having passed the position of rector to the successor A. K. Zhubanov in 1945, I. V. Kruglykhin will again head Conservatory during the period from 1951 to 1957. These are the years foundation of Conservatory was laid. Public recognition of Conservatory became the main achievement of I. V. Kruglykhin. In 1955 he issued the first education guidance on solfeggio with use of the Kazakh pieces of music.

For achievements in the organization and development of music education of Kazakhstan I. V. Kruglykhin was awarded by medals and the Award "Order of the Badge of Honor".

 

 

2. Ахмет Қуанұлы Жұбанов. 1945-жылғы желтоқсаннан 1951-жылғы қарашаға дейін консерватория ректоры қызметін атқарды. Сан қырлы дарын иесі Ахмет Қуанұлы ғалым-этнограф, музыкатанушы, композитор, дирижер, педагог, көсемсөзші, музыка саласы бойынша қоғам қайраткері, республикадағы кәсіби музыкалық білім беру ісінің негізін қалаушылардың бірі, тәжірибелі де жігерлі жетекші-ұйымдастырушы болған. Оның консерваторияның іс-қызметін жетілдіру тұрғысындағы еселі еңбегінің қатарында халық музыкасын зерттеу бойынша кабинет, қазақ халық аспаптарын жетілдіру бойынша эксперименталды шеберхана және халық аспаптары бөлімін ұйымдастыруы ерекше орын алады.

 

Марапаттары мен атақтары: Республикаға еңбегі сіңген әртіс (1936), Қазақ КСР-інің Халық әртісі (1944), «Еңбек Қызыл Ту» ордені (1946), Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің мақтау қағазы (1954), «Тың жерлерді игергені үшін» медалі (1956), «Ленин ордені» (1961), Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық (1968).

 

Ахмет Куанович Жубанов. Ректор консерватории с декабря 1945 по ноябрь 1951 года. Учёный-этнограф, музыковед, композитор, дирижёр, педагог, публицист, музыкально-общественный деятель, один из основателей профессионального музыкального образования в республике, опытный и энергичный руководитель-организатор – таковы были грани его дарования. В числе его заслуг по усовершенствованию деятельности консерватории: организация кабинета по изучению народной музыки, экспериментальной мастерской по усовершенствованию казахских инструментов и отделения народных инструментов.

Награды и звания: Заслуженный артист республики (1936), Народный артист Казахской ССР (1944), Орден «Трудового Красного Знамени» (1946), грамота Верховного Совета КазССР (1954), медаль «За освоение целинных земель» (1956), «Орден Ленина» (1961), премия им.Ч.Валиханова (1968).

 

Ahmet Kuanovich Zhubanov. The rector of Conservatory from December, 1945 to November, 1951. The scientist-ethnographer, musicologist, composer, conductor, teacher, publicist, musical public figure, one of the founders of professional music education in the Republic, the experienced and vigorous head-organizer – these were sides of his talent. Among his merits on enhancement of activities of Conservatory: organization of an office for studying folk music, experimental workshop for enhancement of the Kazakh tools and department of national tools.

Awards and ranks: The honored artist of the republic (1936), the People's artist of the Kazakh SSR (1944), the Award of "the Labour Red Banner (1946)", the letter of the Supreme Council of KAZSSR (1954), the medal "For Development of Virgin Lands" (1956), "Order of Lenin" (1961), an award of Ch. Valikhanov (1968).

 

 

 

3. Құддыс Қожамиярұлы Қожамияров. Консерваторияны 1957-ші жылдан 1967-жылға дейін басқарды. Құддыс Қожамияров – тұңғыш кәсіби ұйғыр композиторы, көптеген симфониялардың, опералардың, камералық шығармалардың авторы. Қ.Қ.Қожамияровтың ректор қызметіндегі маңызды жетістіктері оның стратегиялық тұрғыдан салмақты кадрлық саясатынан, материалдық-техникалық қордың едәуір нығаюынан (К.Байсейітова атындағы көшеде жаңа оқу корпусының, жаңа жатақхана ғимаратының салынуы, Үлкен концерт залы бой көтеріп, онда орган орнатылуы, опера студиясының, аспирантура, дыбыс жазу кабинетінің ашылуы) көрінді.

Марапаттары мен атақтары: «Германияны жеңгені үшін» медалі (1947), КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1951), «Ленин ордені» (1959), «Құрмет белгісі» (1961), КСРО Мәдениет министрілігінің «Үздік қызметкер» медалі (1964), «Еңбек Қызыл Ту» ордені (1971), Қазақ КСР-інің Халық әртісі құрметті атағы (1973), «Қазан төңкерісі» ордені және «Жұмыстағы үздік табыстары үшін» медалі (1978), «Еңбек ардагері» медалі (1980), Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1984), КСРО Халық әртісі құрметті атағы (1987).

 

Куддус Ходжамьярович Кужамьяров. Возглавлял консерваторию с 1957 по 1967 год. Куддус Кужамьяров - первый профессиональный уйгурский композитор, автор многочисленных симфоний, опер, камерных произведений. Важнейшими достижениями К.Х.Кужамьярова в должности ректора явились стратегически выверенная кадровая политика, значительное укрепление материально-технической базы (строительство нового учебного корпуса по улице им.К.Байсеитовой, нового здания общежития, возведение Большого концертного зала с установкой в нем органа, открытие оперной студии, аспирантуры, кабинета звукозаписи) Награды и звания: медаль «За победу над Германией» (1947), Государственная премия СССР (1951), «Орден Ленина» (1959), «Знак почёта» (1961), медаль «Отличный работник» Минкультуры СССР (1964), Орден «Трудового Красного Знамени» (1971), почётное звание Народный артист КазССР (1973), Орден «Октябрьской революции» и медаль «За отличные успехи в работе» (1978), медаль «Ветеран труда» (1980), Государственная премия КазССР (1984), почётное звание Народный артист СССР (1987).

 

Quddus Hodzhamyarovich Kuzhamyarov. He headed Conservatory from 1957 to 1967. Quddus Kuzhamyarov is the first professional Uigur composer, the author of numerous symphonies, operas, chamber works. The most important achievements of K.Kh.Kuzhamyarov as the rector were strategically verified human resources policy, a significant strengthening of the material-technical base (construction of a new academic building on K.Bayseitova Street, the new dormitory building, the construction of the concert hall with the installation of organ, opening of opera studio, graduate school, and sound recording office).

Awards and ranks: medal "For a Victory over Germany" (1947), State award of USSR (1951), "Order of Lenin" (1959), "Order of the Badge of Honor" (1961), medal "Excellent Worker" of Ministry of culture of the USSR (1964), Award of "the Labour Red Banner (1971)", honorary title People's artist of KAZSSR (1973), Award of "The October revolution" and medal "For Excellent Progress in Work" (1978), medal "Veteran of Work" (1980), State award of KAZSSR (1984), honorary title People's artist of the USSR (1987).

 

 

 

4. Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев. 1967-жылдың наурыз айынан 1975-жылдың маусым айына дейінгі аралықта ректорлық қызметке республиканың көрнекті қоғам қайраткері, композитор, шығармашылық, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі мол Е.Р.Рахмадиев келді. Оның басшылығымен опера студиясы жаңа серпінмен дами бастады. Сол жылдары республикадағы алғашқы орган орнатылды. Жаңа ректордың бастамасымен консерваторияда арнайы қыл қобыз класы ашылып, оған оқытушылық қызметке белгілі халық музыканттары шақыртылды. Консерватория елден тыс танымал бола бастады, әр түрлі музыкалық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық байланыста болды.

Марапаттары мен атақтары: «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалі (1947), «Еңбек Қызыл Ту» ордені (1971), Қазақ КСР-інің Халық әртісі құрметті атағы (1975), Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы, КСРО Халық әртісі құрметті атағы (1981), «Халықтар достығы» ордені (1982), Өнердегі аса зор еңбегі үшін Пенсильвания штатының медалі (АҚШ).

 

Еркегали Рахмадиевич Рахмадиев. Смарта 1967 по июнь 1975 ректором становится видный общественный деятель республики, композитор, имеющий большой опыт творческой, научной и организационной работы. Под руководством Е.Р.Рахмадиева новый импульс для своего развития получают оперная студия. В его годы был установлен первый в республике орган. По инициативе нового ректора в консерватории был открыт специальный класс кыл-кобыза, преподавать в котором приглашаются известные народные музыканты. Консерватория стала известна за пределами страны, вел активное сотрудничество с различными музыкальными организациями.

Награды и звания: медаль «За доблестный труд в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.» (1947), Орден «Трудового Красного Знамени» (1971), Народный артист КазССР (1975), Государственная премия КазССР, Народный артист СССР (1981), Орден «Дружбы народов» (1982), медаль штата Пенсильвания (США) за выдающиеся заслуги в искусстве.

 

Erkegali Rakhmadiyevich Rakhmadiyev. From March, 1967 to June, 1975 the eminent public figure of the Republic, composer having wide experience of creative, scientific and organizational work becomes the rector. Under the leadership of E.R.Rakhmadiyev opera studio received a new boost for the development. The state's first organ was installed during his period. In accordance with new rector’s initiative, a special class of a kyl-kobyz was opened in Conservatory. It was taught by famous national musicians. The Conservatory became known outside the country, it conducted an active cooperation with various musical organizations.

Awards and ranks: the medal "For Valorous Work in days of the Great Patriotic War of 1941-1945." (1947), the Award of "the Labour Red Banner (1971)", the People's artist of KAZSSR (1975), the State award of KAZSSR, the People's artist of the USSR (1981), the Award of "Friendship of the people"(1982), a medal of the State of Pennsylvania (USA) for outstanding achievements in art.

 

5. Ғазиза Ахметқызы Жұбанова. 1975-жылдың маусым айынан 1987-жылдың ақпан айына дейін консерватория ректоры қызметін атқарған Ғазиза Ахметқызы Жұбанова ректорлық эстафетасын өзінің ұлы әкесінен қабылдап алды. Ғазиза Ахметқызы – аса дарынды қазақ композиторы, симфонизм шебері. Оның ректор қызметіндегі іс-қайраткерлігі ұжымның көптеген жетістіктерімен нышандалды: Мәскеу, Ташкент, Әзірбайжан, Рига және басқа да консерваториялармен шығармашылық қатынастар жандандырылды, құрамына консерваторияның студенттік оркестрлері, ансамбльдері, солистері, хор ұжымдары мен опера студиясының қатысушылары кірген ауқымды делегациялардың (300 адамға дейін) Мәскеуге шығармашылық сапарлары жүзеге асырылды. Ташкент пен Бакумен өзара алмасып, концерттер қойылды, студенттердің Чехословакияда, Польша мен Румынияда өнер көрсетуі ұйымдастырылды. Беделді халықаралық, бүкілодақтық және республикалық конкурстардың алғашқы лауреаттары пайда болды.

Марапаттары мен атақтары: «Еңбекте ерекшеленгені үшін» медалі (1959), Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағазы (1961), Бүкілодақтық жас композиторлар шығармашылығы байқауының дипломдары (1960, 1962), Ленин комсомолының сыйлығы (1964), Қазақ КСР-інің Еңбегі сіңген өнер қайраткері (1965), «Ақ құс туралы аңыз» балеті үшін Мәскеудегі Бүкілодақтық тетарлар байқауының Бірінші дәрежелі дипломы, Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы және «Ерен еңбегі үшін» медалі (1970), «Батырлық поэмасы» және «Мерекелік увертюра» шығармасы үшін А.В.Александров атындағы күміс медаль (1973), Қазақ КСР-інің Халық әртісі құрметті атағы (1973), «Халықтар достығы» ордені (1977), КСРО Халық әртісі құрметті атағы (1981), «Еңбек Қызыл Ту» ордені (1988).

 

Газиза Ахметовна Жубанова. Ректор консерватории с июня 1975 по февраль 1987 года. Газиза Ахметована Жубанова переняла эстафету ректорства у своего великого отца. Она - крупнейший казахский композитор, мастер симфонизма. Годы её деятельности в должности ректора ознаменовались многими достижениями коллектива: активизировались творческие контакты с Московской, Ташкентской, Азербайджанской, Рижской и другими консерваториями, состоялись творческие поездки в Москву больших (до 300 человек) делегаций, в состав которых входили студенческие оркестры, ансамбли, солисты, хоровые коллективы и участники оперной студии консерватории. Проходили обменные концерты в Ташкенте и Баку, организовывались студенческие выступления в Чехословакии, Польше и Румынии. Появились первые лауреаты престижных международных, всесоюзных и республиканских конкурсов.

Награды и звания: медаль «За трудовое отличие» (1959), Грамота Верзовного Совета КазССР (1961), дипломы Всесоюзного смотра творчества молодых композиторов (1960, 1962), Премия Ленинского комсомола(1964), Заслуженный деятель искусств КазССР (1965), диплом Первой степени Всесоюзного смотра театров в Москве за балет «Легенда о белой птице», Государственная премия КазССР и медаль «За доблестный труд» (1970), серебряная медаль им.А.В.Александрова за «Героическую поэму» и «Праздничную увертюру» (1973), Народная артистка КазССР (1973), Орден «Дружбы народов» (1977), Народная артистка СССР (1981), Орден «Трудового Красного Знамени» (1988).

 

Gaziza Akhmetovna Zhubanova. She was the rector of the Conservatory from June, 1975 to February, 1987. She is an influential Kazakh composer, the master of symphonic style. The years of her activities as the rector were marked by many achievements of a collective: creative contacts with Moscow, Tashkent, Azerbaijan, Riga and other conservatories became more active, creative trips of big delegations (up to 300 people) to Moscow took place. Exchange concerts in Tashkent and Baku, students’ performances in Czechoslovakia, Poland and Romania were organized. There were first winners of prestigious international, all-Union and republican contests.

Awards and titles: the medal "For Labor Merit" (1959), Diploma of Supreme Court of the Kazakh SSR (1961), diplomas of All-Union review of young composers’ creativity (1960, 1962), Lenin Komsomol Prize (1964), Honored Artist of the Kazakh SSR Art (1965), First degree diploma of All-Union review of theaters in Moscow for the ballet "The Legend of the white bird", the State Award of the Kazakh SSR and a medal "For Valiant Labor" (1970), silver medal named after A.V.Aleksandrova for "Heroic poem" and "Festive overture" ( 1973), People's Artist of the Kazakh SSR (1973), the Order of "Friendship of peoples" (1977), People's Artist of the USSR (1981), the Order "Red Banner of Labor" (1988).

 

6. Дүйсен Құрабайұлы Қасейінов. 1987-ші жылдың ақпан айынан бастап 1997-ші жылдың наурыз айына дейін консерватория ректоры ретінде қызмет етті. Оның қажырлы ұйымдастырушылық тәжірибесі экономикалық тұрғыдан аса күрделі кезеңде консерватория қорын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Ол оқу үдерісіне сыбызғы тарту кәсіби мектебін енгізу, «Халық әні» кафедрасын құру, домбырашыларды оқытуда этнопедагогика элементтерін қосу, «Концерттік және театрлық қайраткерлікті ұйымдастыру және жоспарлау» кафедрасын ашу, фольклор кабинетін (ғылыми-зерттеу фольклор зертханасы болып өзгертілген) және қайта ашылған «Қазақ музыкасы мен фольклор» кафедрасын жаңарту бастамасын көтерді.

«Қазақ КСР-інің Халыққа білім беру ісінің үздігі» және «Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген өнер қайраткері" құрметті атақтарымен, «Астана» медалімен және "Құрмет" орденімен марапатталған.

 

Дюйсен Курабаевич Касеинов. Ректор консерватории с февраля 1987 по март 1997 года. Был первым ректором - инструменталистом-исполнителем. Его огромный организаторский опыт позволил ему сохранить базу консерватории в самое экономически сложное время. Выступает инициатором внедрения в учебный процесс профессиональной исполнительской школы на сыбызгы, создания кафедры «Народного пения», включения в обучение домбристов элементов этнопедагогики, открытия кафедры «Организации и планирования концертной и театральной деятельности», модернизации фольклорного кабинета (преобразованного в научно-исследовательскую фольклорную лабораторию) и вновь открывшейся кафедры «Истории казахской музыки и фольклора».

Награждён почётными званиями «Отличник народного образования КазССР» и «Заслуженный деятель искусств Республики Казахстан", медалью «Астана» и Орденом "Курмет".

 

Dyuysen Kurabayevich Kaseinov. He was the rector of the Conservatory from February, 1987 to March, 1997. Dyuysen Kurabayevich Kaseinov was the first rector - the instrumentalist contractor. His extensive organizing experience allowed keeping the base of Conservatory in the most economically hard time. He acted as the initiator of implementation of vocational performing school on sybyzgy into the educational process, he initiated the department of "National singing", he included elements of ethnopedagogics in training of dombrists, he opened the department of "The organization and planning of concert and theatrical activities", he also upgraded the folklore office (transformed it to research folklore laboratory) and re-opened "Stories of the Kazakh Music and Folklore" department.

Awards and titles: "The excellent student of national education of KAZSSR", "The honored worker of arts of the Republic of Kazakhstan", the medal "Astana" and the Award "Kurmet".

 

 

7. Жәния Яхияқызы Әубәкірова. 1997 жылдың сәуір айынан бастап 2018 жылдың мамыр айына дейін консерватория ректоры қызметін атқарды. Майталман пианист, халықаралық конкурстардың лауреаты, профессор Ж.Я.Әубәкірова жоғары музыкалық білім берудің мемлекеттік стандарттарын жаңартуға, консерваторияның Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі беделін арттыруға, материалдық-техникалық базасын күшейтуге зор үлес қосты. Жоғары оқу орнының концерттік қайраткерлігі және халықаралық қатынасы жанданды. Басшы қызметінің тиімділігі музыкалық аспаптар паркін толықтай жаңалау және бұрынғы Байланыс министрлігіне қарасты ғимараттың консерваторияға берілуі есебінен оның аумағын кеңейтуден, құрылымы мен акустикалық өлшемдері жағынан бірегей жаңа концерт залын салудан көрініс тапты.

Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметі атағының (1991), «Францияның әдебиеті мен өнері» орденінің (1998), "Парасат" орденінің (2009) және «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының (2001) иегері. 2002-жылы оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

 

Жания Яхияевна Аубакирова. Ректор консерватории с апреля 1997 года по май 2018 года. Пианистка, лауреат международных конкурсов, профессор. Главные стратегические приоритеты: обновление государственных стандартов высшего музыкального образования, повышение престижа консерватории в Казахстане и за его пределами, укрепление материально-технической базы. Активизируется концертная и международная деятельность вуза. Эффективность руководителя проявилась в полном обновлении парка музыкальных инструментов и расширении площадей через передачу консерватории бывшего здания Министерства связи, возведении уникального по конструкции и акустическим параметрам нового концертного зала.

Удостоена почётного звания Народной артистки Республики Казахстан (1991), Орденом «Литературы и искусства Франции» (1998) Орденам "Парасат"(2009) и независимой премии «Платиновый Тарлан» (2001). В 2002 году ей была присуждена Государственная премия Республики Казахстан.

 

Zhaniya Yakhiyaevna Aubakirova. In April, 1997 the outstanding pianist, the laureate of international competitions, professor Zh. Ya. Aubakirova becomes the rector. Main strategic priorities: updating state standards of the higher music education, increasing the prestige of Conservatory in Kazakhstan and beyond its boundaries, strengthening of material and technical resources. Concert and international activity of higher education institution is stirred up during the years of activities as the rector. Efficiency of the head was shown in regeneration of the park of musical instruments and expansion of the areas through transfer of the former building of the Ministry of Communications to Conservatory and construction of new concert hall with unique design and acoustic parameters.

Awards and titles: an honorary title of People’s Artist of the Republic of Kazakhstan (1991), the Award "Literatures and Arts of France" (1998), the Award "Parasat" (2009) , the independent award "Platinum Tarlan" (2001), and the State award of the Republic of Kazakhstan (2002).

Арман Әділханұлы Жүдебаев

2018 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен консерватория ректоры болып тағайындалды.

2010 ж. Құрманғазы атындағы VIII Республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауында «Домбыра, шертер» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері;

2011 ж. Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» саз фестивалі аясындағы байқаудың «Дирижерлеу» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері;

2012 ж. КСРО халық артисі, композитор М.Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Алтын таяқша» Республикалық дирижерлер байқауында Бас жүлде иегері;

2014 ж. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

2017 ж. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

 

 

8. Арман Адильханулы Жудебаев. В июне 2018 года в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан был назначен ректором консерватории.

2006 г. Обладатель Гран-при Республиканского конкурса домбристов посвященный к 145 летию кюйши-композитора Сейтека Оразалиева;

2010 г. Обладатель Гран-при по номинации «Домбыра, шертер» в VIII Республиканском конкурсе исполнителей на народных инструментах имени Курмангазы;

2011 г. Обладатель Гран-при по номинации «Дирижирование» в рамках II музыкального фестиваля имени Н. Тлендиева «Өз елім»;                                          

2012 г. Обладатель Гран-при Республиканского конкурса дирижеров «Алтын таяқша» посвященный   к 100 летнему юбилею Народного артиста СССР, композитора М. Тулебаева;

2014 г. Лауреат Государственной молодежной премии «Дарын».

2017 г. Заслуженный деятель Республики Казахстан.  

 

Arman Adilkhanuly Zhudebayev. In June 2018, in accordance with the Decree of the President of the Republic of Kazakhstan, he was appointed rector of the conservatory.

2006 Winner of the Grand Prix of the Republican competition of dombra players dedicated to the 145th anniversary of the kyuishi-composer Seitek Orazaliev;

2010 Winner of the Grand Prix in the category “Dombyra, sherter” in the VIII Republican Competition of Folk Instrument Performers named after Kurmangazy;

2011 Winner of the Grand Prix in the category “Conducting” within the framework of the II Music Festival named after N. Tlendiev “Oz Elim”;

2012 Winner of the Grand Prix of the Republican Conducting Competition “Altyn Tayaksha” dedicated to the 100th anniversary of the People’s Artist of the USSR, composer M. Tulebaev;

2014 Laureate of the State Youth Prize “Daryn”.

2017 Honored Worker of the Republic of Kazakhstan.

 

 

9. Гаухар Қошқарбекқызы Тасбергенова 1980 жылы Алматы қаласында мәдени және музыкалық дәстүрлерге бай шығармашылық отбасында дүниеге келген. Ол көрнекті виртуоз күйші, домбырашы, композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қошқарбек Тасбергеновтың қызы.

1987 жылы Гаухар К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық арнайы орта музыка мектебіне түсіп, оны үздік аяқтайды. Өз білімін Қазақ Ұлттық музыка академиясында «фортепиано» сыныбында жалғастырды. Гаухар - аталған мекеменің алғашқы түлектерінің бірі. 2002-2004 жылдары Гаухар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «фортепиано» мамандығы бойынша ассистентура-тағылымдамадан өтеді. 2009 жылы Гаухар «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2021 жылы «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша Қазақстандағы алғашқы PhD докторлық дәрежесін қорғады.

Гаухар Қошқарбекқызы Тасбергенова 1998 жылы ҚазҰМА-ның студенті бола жүріп концертмейстер ретінде еңбек жолын бастаған. Гаухар Қазақстанда көп жылдан бері жобалық менеджментті дамытумен айналысып келеді. Ол ҚР СТ ISO жобалық басқарудың ұлттық стандарты бойынша жоғары біліктілігін растаған «Жаттықтырушы - кеңесші».

2013-2017 жылдар аралығында Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қатысуымен «Париж-Астана: Дебюссиден Жұбановаға дейін» халықаралық концерттік жобасының жетекшісі және қатысушысы, А.Жұбанов, Л.Хамидидің «Абай» (қоюшы-режиссері Джанкарло дель Монако), Е.Брусиловский «Қыз Жібек» (қоюшы режиссер Михаил Панджавидзе) және т.б опералық спектакльдерін қоюдағы бас пианист-концертмейстері болды.

2017-2019 жылдар аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Орталық жобалық кеңсесінде мәдениет саласының өкілі болып, Бас менеджер ретінде ірі жобалар мен мәдени бағыттағы іс-шараларды іске асыруға белсене қатысты.

2019-2024 жылдар кезеңінде мәдениет саласындағы көптеген жобаларды әзірлеуші және іске асырушы, оның ішінде: 1-11 сынып оқушылары үшін бейне-сабақтарды қамтитын madeni-m.kz порталындағы «Ұлағатты ұрпақ», Франция, Армения, Беларусь, Польша мәдениет және өнер саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті жаһандық әлемге ілгерілету» бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының авторы және жетекшісі; балаларға арналған «Жас өрен» атты жаңа әндер мен поэзия шығару жөніндегі бірінші республикалық конкурстың ұйымдастырушысы болды. Гаухар Тасбергенова Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпусы үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған - «Наурыз бал» жобасының бас продюсері, Цифрлық үкіметті қолдау орталығында Мониторинг және жобаларды басқару орталығының үйлестірушісі болып жұмыс істеді. Сонымен қатар ол мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды басқару және іске асыру мониторингі бойынша жұмыс жүргізді.

Гаухар Тасбергенова - көптеген халықаралық конкурстардың атап айтсақ, Ресей Федерациясы, Қазан қаласында өткен Р. Яхин атындағы IV Халықаралық камералық әншілер мен концертмейстерлер конкурсының II дәрежелі лауреаты, Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында өткен М.Глинка атындағы XXIII Халықаралық вокалистер конкурсында вокалист М.Чотабаевпен 1 сыйлықтың жеңімпаздары атанған.

2023 жылғы маусымда «Қазақстанда және шетелде мәдениетті дамыту мен ілгерілетуді басқару» авторлық монографиясын шығарды, сондай-ақ ол 11 ғылыми жарияланымның, оның ішінде Scopus, Q1 базасында индекстелетін ең жоғары квартильдің авторы болып табылады.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Тасбергенова Гаухар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болып табылады.

 

Гаухар Кошкарбековна Тасбергенова родилась в г. Алматы в 1980 году в творческой семье с богатыми культурными и музыкальными традициями. Она – дочь выдающегося кюйши-виртуоза, домбриста, композитора, заслуженного артиста Республики Казахстан Кошкарбека Тасбергенова.

В 1987 году Гаухар поступила в Республиканскую средне-специальную музыкальную школу для одарённых детей имени К. Байсеитовой, которую окончила с отличием. Своё образование продолжила в Казахской Национальной академии музыки по классу «фортепиано». Гаухар – одна из первых выпускниц данного учреждения. С 2002 по 2004 годы Гаухар проходит ассистентуру – стажировку по специальности «фортепиано» в Казахской Национальной консерватории имени Курмангазы. В 2009 году Гаухар получила степень магистра по специальности «Арт-менеджмент». В 2021 году защитила первую в Казахстане докторскую степень PhD по специализации «Арт-менеджмент».

Гаухар Тасбергенова начала трудовую деятельность в 1998 году в качестве концертмейстера, будучи студенткой первого курса КазНАМ.

Гаухар много лет занимается развитием проектного менеджмента в Казахстане. Она «Тренер - консультант», которая подтвердила высшую квалификацию по Национальному стандарту проектного управления СТ РК ISO.

В период с 2013 по 2017 являлась руководителем и участником международного концертного проекта «Париж-Астана: от Дебюсси до Жубановой» при участии Посольства Франции в Казахстане, главным пианистом-концертмейстером при постановке оперных спектаклей: А.Жубанов, Л.Хамиди «Абай» (режиссер-постановщик Джанкарло дель Монако), Е.Брусиловский «Қыз Жібек» (режиссер-постановщик Михаил Панджавидзе) и тд.

В период с мая 2017 по 2019 представляла сферу культуры в Центральном проектном офисе Программы «Рухани жаңғыру» в качестве Главного менеджера принимала активное участие в реализации крупных проектов и мероприятий культурной направленности.

В период с 2019 по 2024 разработчик и реализатор многочисленных проектов в сфере культуры, в том числе: «Ұлағатты ұрпақ» на портале madeni-m.kz , включающий видео-уроки для учащихся 1-11 классов, Автор и руководитель Первой Международной научно-практической конференции «Продвижение современной казахстанской культуры в глобальный мир» с участием ведущих экспертов в области культуры и искусства Франции, Армении, Беларусии, Польши; организатор первого Республиканского конкурса по созданию новых песен и поэзии для детей «Жас өрен». Гаухар Тасбергенова была главным продюсером проекта, организованного Министерством культуры и информации для дипломатического корпуса Министерства иностранных дел – «Наурыз бал» и др. Работала Координатором Центра мониторинга и управления проектами в Центре поддержки цифрового правительства. Ею велась работа по управлению и мониторингу реализации госпрограмм в сфере культуры и искусства.

Гаухар Тасбергенова - лауреат многочисленных международных конкурсов: IV Международный конкурс камерных певцов и концертмейстеров им. Р. Яхина, г. Казань, Российская Федерация, Лауреат II степени, XXIII Международный конкурс вокалистов им. М. Глинки, г.Москва, Российская Федерация, Победители 1 премии с вокалистом М. Чотабаевым и др.

В июне 2023 года выпустила авторскую монографию «Управление развитием и продвижением культуры в Казахстане и за рубежом», а также она является автором 11 научных публикаций, в том числе индексируемых в базе Scopus, Q1 - самый высокий квартиль.

Также на сегодняшний день Тасбергенова Гаухар является членом Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политики при Президенте Республики Казахстан.

 

Gaukhar Koshkarbekovna Tasbergenova was born in 1980 in Almaty into a creative family with rich cultural and musical traditions. She is the daughter of the outstanding kuishi-virtuoso, dombra player, composer, and Honored Artist of the Republic of Kazakhstan, Koshkarbek Tasbergenova.

In 1987, G. Tasbergenova enrolled in the K. Baisseitova Republican Secondary Special Music School for Gifted Children, from which she graduated with honors. She continued her education at the Kazakh National Academy of Music in the piano class. G. Tasbergenova was one of the first graduates of this institution. From 2002 to 2004, G. Tasbergenova completed an assistant internship in piano at the Kurmangazy Kazakh National Conservatory. In 2009, she obtained a master's degree in "Art Management". In 2021, she defended the first PhD degree in Kazakhstan in "Art Management".

G. Tasbergenova began her career in 1998 as an accompanist while being a first-year student at the Kazakh National Academy of Music.

G. Tasbergenova has been involved in developing project management in Kazakhstan for many years. She is a "Trainer-Consultant" who confirmed the highest qualification under the National Project Management Standard ST RK ISO.

From 2013 to 2017, she was the leader and participant of the international concert project "Paris-Astana: from Debussy to Zhubanova" with the participation of the French Embassy in Kazakhstan, and the principal pianist-accompanist for opera productions such as A. Zhubanov and L. Khamidi's "Abai" (directed by Giancarlo del Monaco) and Ye. Brusilovsky's "Kyz Zhibek" (directed by Mikhail Pandzhavidze).

From May 2017 to 2019, she represented the cultural sector in the Central Project Office of the "Rukhani Zhangyru" Program as the Chief Manager, actively participating in the implementation of major cultural projects and events.

From 2019 to 2024, she developed and implemented numerous cultural projects, including "Ulagatty urpak" on the madeni-m.kz portal, which features video lessons for students from grades 1-11. She was the author and leader of the First International Scientific and Practical Conference "Promotion of Contemporary Kazakh Culture in the Global World" with the participation of leading experts in culture and art from France, Armenia, Belarus, and Poland. She also organized the first Republican contest for creating new songs and poetry for children "Zhas oren". G. Tasbergenova was the chief producer of the project organized by the Ministry of Culture and Information for the diplomatic corps of the Ministry of Foreign Affairs – "Nauryz Bal", among others. She worked as the Coordinator of the Project Monitoring and Management Center at the Digital Government Support Center, overseeing the management and monitoring of state programs in the field of culture and art.

G. Tasbergenova is a laureate of numerous international competitions: the IV International Competition of Chamber Singers and Accompanists named after R. Yakhin in Kazan, Russian Federation, laureate of the II degree, and the XXIII International Competition of Vocalists named after M. Glinka in Moscow, Russian Federation, winners of the 1st prize with vocalist M. Chotabayev, among others.

In June 2023, she published her monograph "Management of the Development and Promotion of Culture in Kazakhstan and Abroad", and she is also the author of 11 scientific publications, including those indexed in the Scopus database, Q1 – the highest quartile.

Currently, G. Tasbergenova is a member of the National Commission for Women and Family-Demographic Policy under the President of the Republic of Kazakhstan.