Сапа саласындағы саясат
Міндет: мамандандырылған музыкалық білім беру мен музыкалық өнер саласындағы жоғары кәсіби және бәсекеге қабілетті, өз шығармашылық әлеуетін ел ішінде және шет елдерде іске асыра алатын мамандарды даярлау.Көрініс: 2025 жылы Консерватория - мәдениет және білім саласындағы ұйымдарға кадр даярлауда басты серіктес болатын ғылыми және ағартушылық бағыттағы мамандандырылған музыкалық білім беретін заманауи ЖОО.
Құндылықтар:
- руханилық;
- білімге бас ию;
- кәсіпқойлық, бәсекеге қабілеттілік;
- отаншылдық;
- академиялық адалдық және еркіндік;
- жаңашылдық;
- инновациялық белсенділік.
Талпыныстар мен қағидалар:
- мамандандырылған музыкалық білім берудегі сұранысты арттыруға және бәсекеге қабілеттілікті жергілікті орталықтан сыртқы нарыққа көшіру көзделеді;
- барлық деңгейдегі білім беру үдерісі сапасының үздіксіз арттыру;
- мамандандырылған музыкалық білім беру және ғылым саласындағы әлемдік көшбасшылармен стратегиялық серіктестік орнату;
- оқытушылық-профессорлық әлеуетті дамыту, «оқытушы-орындаушы-зерртеуші»үлгісін қалыптастыру;
- көшбасшылық, корпоративтік этика мен ұжымдағы сенім үстемдігі;
- ішкі сапамен қамтамасыз ету және сапа мәдениеті үдерістерін жетілдіру.
Консерватория басшылығы ISO 9001 халықаралық стандарт талаптарында және Консерватория саясатында көрсетілген барлық қағидалардың сақталуы мен орындалуына жауапкершілік жүктейді.
Қабылдау 2024