Menu HELPDESK

Абай-Верн

Абай-Верн дегеніміз не?

«Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасы - бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Еуропа министрлігі мен Француз Республикасының сыртқы істер министрлігінің бірлескен бағдарламасы.

Қазақстандық жоғары оқу орындарында 2 жыл оқитын магистранттар үшін 30 стипендия және бірлескен ғылыми жетекшілікпен диссертация дайындауды жүзеге асыратын докторанттар үшін 5 стипендия көзделген осы Бағдарлама шеңберінде мамандықтарды таңдауға шек қойылмай конкурс жарияланады.

Магистратура бағдарламасы бойынша стипендия алуға арналған конкурсқа қатысу шарттары:

• Қазақстан азаматтығы;

• жас шектеулерсіз;

• 2023-2024 оқу жылының басында қазақстандық жоғары оқу орындарының бірінде магистратураның екінші курсында оқуы тиіс;

• Францияның жоғары оқу орындарының біріне Франциядағы Master 1 немесе Master 2 бағдарламасына қабылдарғаны туралы растау/ шақыру;

• қос диплом бағдарламалары шеңберінде оқытуды жүзеге асыратын магистранттарға басымдық беріледі.

Докторантура бағдарламасы бойынша стипендия алуға арналған конкурсқа қатысу шарттары:

• Қазақстан азаматтығы;

• жас шектеулерсіз;

• 2023-2024 оқу жылының басында бірлескен ғылыми жетекшілікпен диссертация дайындауды жүзеге асыратын қазақстандық жоғары оқу орындарының бірінде 1-курс докторанты болуға;

• Францияның жоғары оқу орындарының біріне 1 жылдық докторантура бағдарламасына қабылданғаны туралы растау/шақыру болуы тиіс.

«Абай-Верн» бағдарламасының стипендиаты:

• магистранттар үшін 10 ай бойы (қыркүйектен маусымға дейін) ай сайын 800 еуроны және докторанттар үшін 3 жыл бойы 6 ай сайын 1200 еуроны құрайтын тұруға арналған ай сайынғы стипендия (ЖОО бұйрық шығарған кездегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің курсы бойынша);

• француз үкіметінің мынадай артықшылықтарды ұсынатын әлеуметтік қамсыздандыруға арналған стипендиясы (BCS):

• Француз Республикасының Жоғары білім, ғылыми зерттеулер және инновациялар министрлігіне бағынысты мемлекеттік ЖОО-ларда тіркеу жарнасын төлеуден босату;

• жыл сайынғы студенттік жарнадан (CVEC) босату;

• жылына 264 евро мөлшерінде қосымша сақтандыру шығыстарын өтеу;

• Университеттер мен мектептер істері жөніндегі өңірлік орталықтың (CROUS) университеттік жатақханаларынан тұрғын үй іздеуге көмектесу;

• Campus France ұйымдастырған мәдени іс-шараларға қатысу үшін жеңілдікті тарифтер;

• тегін тұрғын үй кепілдігі «VISALE- тұрғын үй және жұмыс үшін виза»;

• Отбасылық жәрдемақы қорының (CAF) тұрғын үйін төлеуге көмек;

• француздық әлеуметтік сақтандырудың жалпы жүйесіне тегін бекіту;

• Қазақстандағы Франция Елшілігінің ұзақ мерзімді студенттік визаны тегін беруі жеңілдіктерге ие болады.

https://www.kazakhstan.campusfrance.org/stipendialnaya-programma-abay-vern