Menu HELPDESK

Болашақ

Болашақ дегеніміз не?

Болашақ Халықаралық стипендиясы - шетелде кадрлар даярлау санаттарын Республикалық комиссия айқындайтын қызметкерлердің магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін алуы, резидентурада оқуы немесе шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін азаматтарды күндізгі оқу нысаны бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту үшін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін стипендия.

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылған. «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектердің табысты мансаптық өсуінің және кәсіби өзін-өзі көрсетуінің өзіндік кепілі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері кім бола алады?

Бағдарламаға қатысуға үміткер Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады:

• бейіні бойынша магистр, философия докторы (PhD), доктор дәрежесін алу;

• резидентурада оқу;

• тағылымдамадан өту

«Болашақ» халықаралық стипендиясы тағылымдамадан өту, әрбір дәрежені (магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) алу, резидентурада оқу үшін бір рет берілетінін ескеру маңызды.

Бағдарламаның мақсаты - ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама жоғары оқу орындарының ғылыми дәрежесін алуды да, әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми және өндірістік тағылымдамаларды да қамтиды.

Стипендия иегері атану үшін байқаудан өту қажет.

Жалпы ізденушіге қойылатын талаптар қарапайым - аттестаттың немесе дипломның жоғары орташа балы, мемлекеттік және шет тілдерін білу. Бірінші кезеңде барлық қажетті құжаттардың сәйкестігін, орташа баллдарды және т.б. тексереді. Одан кейін шет және мемлекеттік тілдер бойынша тестілеуден өтеді. Қазақ тілін білу деңгейіне тестілеу TOEFL баламасы - Қазтест бағдарламасының көмегімен өтеді. Тілдік тестілеуден сәтті өткеннен кейін үміткер ЖОО өкілдерімен, БҒМ шенеуніктерімен және психологтармен әңгімелесуден өтеді.

 

https://bolashak.gov.kz/ru