Menu HELPDESK

Nordplus

Nordplus дегеніміз не?

Жыл сайын Nordplus мобильділікті, жобалар мен желілерді қаржыландыруға шамамен 9,8 миллион еуро бөледі. Nordplus - Аланд аралдары, Фарер аралдары және Гренландия автономды аймақтарын қоса алғанда, Солтүстік Еуропа мен Балтық елдерінде білім алуға арналған мобильді және желілік бағдарлама. Nordplus - Солтүстік Еуропа мен Балтық елдері қаржыландыратын Солтүстік елдердің Министрлер кеңесінің ең ірі білім беру бағдарламасы.

Мақсаты

• Шектес өңірлермен ынтымақтастыққа қатысты Солтүстік Елдердің Министрлер Кеңесінің (СЕМК) басымдықтарын қолдау.

• Солтүстік Еуропа елдері мен шектес өңірлер арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты қолдау

• Солтүстік Еуропа елдеріндегі және шектес өңірлердегі мемлекеттік емес мекемелер (қоғамдық ұйымдар) арасындағы ынтымақтастықты қолдау

Кім өтінім бере алады

Өтінімдер төменде көрсетілген мекемелер бере алады:

Білім беру мекемелері

Мемлекеттік емес білім беру мекемелері

 

Өтінімді өзіне желілік үйлестірушінің функцияларын алатын мекеме/институт беруі тиіс.

Өтінімде мекеме/институт басшысының және

жобаның желілік үйлестірушісінің аты-жөні (бұл бір тұлға болуы мүмкін) көрсетілуі тиіс.

Жобаны үйлестіруші мекеме/үйлестіруші Солтүстік Еуропа елдері немесе шектес өңірлер өкілі болуы тиіс. Қатысуға зерттеушілер, оқытушылар мен студенттер шақырылады.

NORDPLUS КІШІ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

• Nordplus жасөспірімдер бағдарламасы (Nordplus Junior)

• Nordplus (Nordplus Higher Education) жоғары білім беру бағдарламасы

• Ересектерге арналған Nordplus (Nordplus Adult) білім беру бағдарламасы

• Nordplus көлденең бағдарламасы (Nordplus Horizontal)

• Nordplus тілдік бағдарламасы (Nordplus Language)

 

https://www.nordplusonline.org/