Menu HELPDESK

Батырхан Шөкенов атындағы II Республикалық конкурс

Батырхан Шөкенов атындағы II Республикалық конкурстың

(мыс үрмелі және соқпалы аспаптар)

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.      Батырхан Шөкенов атындағы II Республикалық конкурс Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен  Алматы қаласында 2019 жылғы 9-13 қараша аралығында өтеді.

2.      Конкурстың құрылтайшысы: «Батырхан Шөкенов атындағы қор» Қоғамдық қоры.

3.      Конкурсқа қоса алғанда 16-32 жас аралығындағы музыканттар қатыса алады. Қатысушылардың жасы 2019 жылғы 9 қарашадағы жағдай бойынша анықталады.

4.      Конкурс мыс үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар және джаз музыкасы номинацияларында өткізіледі.

5.      Қатысушылар конкурстың Ұйымдастыру комитеті шақыруда көрсеткен мерзімде Алматы қаласына келуге тиіс.

6.      Қатысушылардың Алматы қаласында тұратын орындарын Ұйымдастыру комитеті алдын ала брондайды.

7.      Конкурстың Ұйымдастыру комитеті екінші және үшінші турларға өткен конкурсанттарға мейманханада тегін тұру мүмкіндігін береді.

8.      Екінші және үшінші турларға өтпеген конкурсанттардың, сондай-ақ қатысушыларды алып жүретін тұлғалардың конкурстың аяғына дейін Алматы қаласында өзінің есебінен қала беруіне болады.

9.      Финалға өтпеген екінші турдың қатысушылары конкурс аяқталғанға дейін Ұйымдастыру комитетінің есебінен мейманханада тұра алады.

10. Барлық қатысушыларға репетиция жасау үшін аудиторияларды тегін пайдалану мүмкіндігі беріледі.

11. Конкурс үш турдан тұрады:

I тур: бейнежазба бойынша тыңдау (ноталар бойынша орындауға рұқсат етіледі).

II тур: соло орындау.

III тур: оркестрдің сүйемелдеуімен орындау.

II және III тур бойынша тыңдау көпшілік алдында жүзеге асырылады.

12. Қатысушылардың өнер көрсету тәртібі конкурстың ашылуында жеребе кезінде белгіленеді және сол тәртіп конкурстың соңына дейін сақталады.

13. Конкурсанттың қалауы бойынша Ұйымдастыру комитеті екі репетицияға (45 минуттан) және конкурстық тыңдауда өнер көрсетуге концертмейстер береді.

14. Конкурсқа қатысушылар конкурста өнер көрсеткені үшін, сол сияқты өнер көрсетуінің жазбалары мен трансляцияларының одан кейін кез келген пайдаланылуы үшін қаламақы алмайды.

15. Конкурсқа қатысушылардың өнер көрсетуінің дыбыс және бейнежазбаларына, сондай-ақ онлайн-трансляцияларына құқықтар Ұйымдастыру комитетіне тиесілі.

16. Конкурсқа қатысушылардың келуі 2019 жылғы 9 қарашада.

17. Конкурстың ашылуы және жеребе рәсімі 2019 жылғы 9 қараша сағат 19.00-де өтеді.

18. Қорытынды концерт және лауреаттарды марапаттау рәсімі 2019 жылғы 13 қараша сағат 19.00-да басталады.

19. Қордың www.batyr.foundation ресми веб-сайтында орналастырылған бүкіл ақпарат жарияланған сәттегі жағдай бойынша дұрыс болып табылады. Осы орайда, егер жағдай қажет ететін болса, Ұйымдастыру комитеті өзгертулер енгізуге құқығын сақтап қалады.

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ 

ӨТІНІМ БЕРУ ТӘРТІБІ 

1.              Конкурсқа Қазақстан азаматтығы бар, ҚР-да тұратын, оқитын немесе ҚР тиісті органдарында тіркелген мамандандырылған музыкалық оқу орындарының оқушылары мен студенттері, кәсіпқой музыканттар қатыса алады.

2.              Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың Ұйымдастыру комитетіне 2019 жылғы 9 қазаннан кешіктірмей www.batyr.foundation сайтында онлайн тапсыру қажет.

3.              Үміткерлердің конкурсқа қатысушылар ретінде қабылдануының растауын Ұйымдастыру комитеті 2019 жылғы 20 қазаннан кешіктірмей жолдайды.

4.              Өтінімге электрондық түрде мыналар қоса тіркеледі:

– І турдың бағдарламасы бойынша www.youtube.com сайтында орналастырылған редакцияланбаған бейнежазбаға сілтеме; 

– төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі;

– қатысушының қазақ және орыс тілдеріндегі өмірбаяны;

– музыкалық білімі туралы құжатының көшірмесі (оқу орнынан алынған анықтама); 

– басқа конкурстарда берілген дипломдар мен марапаттардың көшірмелері;

– цифрлық пішімдегі ажыратымдылығы жоғары фотосурет, соның ішінде ірі планда түскен фотосурет;

– әр турда өнер көрсетудің бағдарламасы, онда әр шығарманың орындалатын дәл уақыты көрсетіледі.


БЕЙНЕ ЖАЗУ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАП 

–  Сыртқы микрофонды пайдалануға рұқсат етіледі (аудио-сигнал өңделмеуге тиіс);

– Бейне түсірілім шығарма орындалатын кезде басынан аяғына дейін, бейнекамераны ажыратпастан және тоқтатпастан, тоқтатылмай және монтаж жасалмай жүргізілуге тиіс. Жазу кезінде шығармалардың арасында пауза жасауға жол беріледі. Бағдарлама орындалатын уақытта бейнежазбада номинацияға қарай орындаушының қолдары, аспабы және беті анық көрініп тұруға тиіс.

Конкурстың қалған барлық шарттары орындалған жағдайда әуесқойлық пішінге жол беріледі. Бейнежазба конкурстың техникалық талаптарына сай келмейтін жағдайда, жіберілген өтінім қарастырылмайды.

   

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ    

1.     II-III турдың шығармалары жатқа орындалады.

2.     Регламент бұзылған жағдайда қазылар алқасының конкурсанттарды тоқтатуға құқығы бар.

3.     Конкурстың қатысушыларына конкурс өткізілетін уақытқа репетиция сыныптары және конкурстық тыңдау өткізілетін концерт залында әр турда өнер көрсетер алдында бір акустикалық репетиция беріледі.

4.     Қатысушыға конкурстың ІІІ турының алдында оркестрмен бір репетиция беріледі.

I турға қатысуға (бейнежазба бойынша):

— өтінімдерді және қажетті құжаттар пакетін уақтылы тапсырған барлық қатысушылар жіберіледі.

II турға:

— әр номинацияда солистердің жартысынан аспайтын бөлігінің қатысуына жол беріледі.

— III турға:

мыс үрмелі аспаптар номинациясында ең көп дегенде 15 солистің (осы орайда әр аспап бойынша ең көбі 3 солист) және джаз музыкасы номинациясында ең көп дегенде 3 солистің қатысуына жол беріледі.

   

СЫЙЛЫҚТАР

Әр номинацияда мынадай сыйлықтар белгіленеді:

525 000 теңге мөлшеріндегі I сыйлық және Лауреат атағы;

350 000 теңге мөлшеріндегі II сыйлық және Лауреат атағы;

175 000 теңге мөлшеріндегі III сыйлық және Лауреат атағы;

Конкурстың Ұйымдастыру комитеті сондай-ақ мынадай дипломдарды белгілейді:

Екі құрметті диплом және Дипломант атауы

Әр номинация бойынша «Конкурстың үздік концертмейстері» дипломы.

Конкурс лауреаттарына ақшалай сыйлық ұлттық валютамен (теңгемен) төленеді.

Қол жеткен нәтижелерге қарай және сыйлықтардың белгіленген мөлшері шегінде қазылар алқасының мынадай құқығы бар: 

– сыйлықтардың барлығын бірдей бермеу;

– сыйлықтарды конкурсанттардың арасында бөлу.

Ұйымдастыру комитетімен келісім бойынша басқа қазақстандық, сондай-ақ шетелдік мемлекеттік, коммерциялық, қоғамдық немесе шығармашылық ұйымдардың арнайы және қосымша сыйлықтарды белгілеуі мүмкін. Сыйлықтар конкурс басталардан бір ай бұрын Ұйымдастыру комитетімен келісілуге тиіс.

Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып қайта қаралуға жатпайды.

     

КОНКУРСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

1. Шөкенов Бауыржан Қамалұлы – Конкурстың төрағасы, Батырхан Шөкенов атындағы қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы

2. Шөкенова Наргиз Бауыржанқызы – Батырхан Шөкенов атындағы қордың директоры

3. Кумамбетова Нина – Батырхан Шөкенов атындағы қордың маманы

3. Зеленцова Анна Викторовна – арт-менеджер

4. Ожерельева Марина Вячеславовна – арт-менеджер

 

Батырхан Шөкенов атындағы II Республикалық конкурстың

Мыс үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар номинациясы бойынша бағдарламалық талаптар

(керней, тромбон, валторна, туба) 

 

Валторна

І тур (бейнежазба бойынша)

1. В. А. Моцарт Оркестрдің сүйемелдеуіндегі валторнаға арналған №4 концерт, I бөлім, каденциямен (валторна мен ф-ноға ыңғайланған)

2. Қатысушының таңдауы бойынша:

- П. Дюка «Ауылдағы рақат өмір» (Вилланела)

- Е. Бозза «Орманда»

ІІ тур

1. Ж. Виньери Соната

2. А. Абдинуров Пьеса

Конкурстық бағдарлама жатқа орындалады.

ІІІ тур

Р. Глиэр Оркестрдің сүйемелдеуіндегі валторнаға арналған концерт (В. Полех каденциясы)


Керней

І тур (бейнежазба бойынша)

1. Қатысушының таңдауы бойынша:

– В. Брандт Кернейге арналған ми-бемоль мажор концерттік пьесасы

– Т. Альбинони Оркестрдің сүйемелдеуіндегі кернейге арналған ми-бемоль мажор концерті (керней мен ф-ноға ыңғайланған)

ІІ тур

1. В. Брандт Этюд (қатысушының таңдауы бойынша)

2. Қатысушының таңдауы бойынша:

– О. Беме Оркестрдің сүйемелдеуіндегі кернейге арналған концерт, I бөлім (керней мен ф-ноға ыңғайланған)

– С. Василенко Оркестрдің сүйемелдеуіндегі кернейге арналған концерт, I бөлім (керней мен ф-ноға ыңғайланған)

3. Қазақстан композиторларының шығармалары

Конкурстық бағдарлама жатқа орындалады.

ІІІ тур

А. Арутюнян Оркестрдің сүйемелдеуіндегі кернейге арналған концерт


Тромбон

І тур (бейнежазба бойынша)

1. Қатысушының таңдауы бойынша еркін бағдарлама, 15 минуттан ұзақ емес.

ІІ тур

1. Қатысушының таңдауы бойынша пьеса:

- Б. Кноп Вариациялар және полонез

- Э. Боцца «Баллада»

- А. Гильман Симфониялық пьеса

- А. Дютийе Хорал, каденция және фугато

2. Қатысушының таңдауы бойынша соло тромбонға арналған шығармалардың бірі:

- В. Буяновский Соло тромбонға арналған 3 пьеса

- Ф. Рабе «Баста»

- Э. Креспо «Импровизация»

ІІІ тур

Н. Римский-Корсаков Оркестрдің сүйемелдеуіндегі тромбонға арналған концерт


Туба

І тур (бейнежазба бойынша)

1. Қатысушының таңдауы бойынша еркін бағдарлама, 15 минуттан ұзақ емес.

2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары

ІІ тур

1.  Қатысушының таңдауы бойынша шығарма:

- А. Капуцци «Анданте және рондо»

- Д. Хаддаа Сюита

2. Қатысушының таңдауы бойынша шығарма:

- А. Плог 3 миниатюра

- А. Катоцци «Belzebub»

- Д. Шостакович «Адажио»

- Н. Раков «Вокализ»

ІІІ тур

Р. Воган-Уильямс Оркестрдің сүйемелдеуіндегі тубаға арналған концерт


Соқпалы аспаптар:

І тур (бейнежазба бойынша)

1. Қатысушының таңдауы бойынша маримбаға арналған виртуоз сипатты шығарма

2. Қатысушының таңдауы бойынша вибрафонға арналған шығарма (бірақ 6 минуттан ұзақ емес)

3. Қатысушының таңдауы бойынша кіші барабанға арналған шығарма (бірақ 5 минуттан ұзақ емес)

ІІ тур

1. Маримбаға арналған виртуоз сипатты шығарма (бірақ 5 минуттан ұзақ емес)

2. Қатысушының таңдауы бойынша вибрафонға арналған шығарма:

- Д. Фридман «Түнгі аспандағы жұлдыз»

- Д. Фридман «Жел»

- Н. Живкович Соло вибрафонға арналған «Suomineito»

3. Қатысушының таңдауы бойынша литаврларға арналған шығарма (бірақ 5 минуттан ұзақ емес)

ІІІ тур

1.      Н Розарио Оркестрдің сүйемелдеуіндегі маримбаға арналған концерт

 

КОНКУРСТЫҢ КЕСТЕСІ

9 қараша – Конкурстың ашылуы, жеребе, концерт

10 қараша – конкурстың ІІ туры (соло)

11 қараша – ІІ тур (соло)

12 қараша – Оркестрмен репетициялар/«Джаз ансамблі» номинациясындағы ІІ тур

13 қараша – ІІІ тур (оркестрмен бірге өнер көрсету). Конкурстың жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау.