Menu HELPDESK

«Джаз ансамблі» номинациясы бойынша ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Батырхан Шөкенов атындағы II Республикалық конкурстың

«Джаз ансамблі» номинациясы бойынша

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Батырхан Шөкенов атындағы II Республикалық конкурс Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен Алматы қаласында 2019 жылғы 9 - 13 қараша кезеңінде өтеді. «Джаз ансамблі» номинациясы бойынша тыңдау 2019 жылғы 12 қарашада болады.

2. Конкурстың құрылтайшысы «Батырхан Шөкенов атындағы қор» Қоғамдық қоры болып табылады.

3. Конкурсқа қоса алғандағы 16 - 32 жас аралығындағы музыканттар қатыса алады. Қатысушылардың жасы 2019 жылғы 12 қарашадағы жасы бойынша айқындалады.

4. Қатысушылар Алматы қаласына Конкурстың ұйымдастыру комитеті шақыруда көрсеткен мерзімге сәйкес келуге тиіс.

5. Алматы қаласында қатысушылардың тұратын жерлеріне Конкурстың ұйымдастыру комитеті алдын ала тапсырыс беріп қояды.

6. Ансамбльге дайындалу үшін аудиторияларды тегін пайдалану мүмкіндігі беріледі.

7. Конкурс екі турдан тұрады:

         I тур – бейнежазба бойынша тыңдау (ноталар бойынша орындауға рұқсат етіледі).

         II тур – конкурстық тыңдау.

8. Қатысушылардың өнер көрсету реті конкурсты ашу кезінде жеребе тастау арқылы анықталады да, конкурстың соңына дейін сақталады.

9. Конкурсқа қатысушылар конкурста өнер көрсеткені үшін, сондай-ақ сол көрсеткен өнерінің жазбалары мен трансляцияларын одан кейінгі пайдаланылуы үшін де қаламақы алмайды.

10. Қатысушылардың дыбыстық және бейнежазбаларына, сондай-ақ көрсеткен өнерінің онлайн-трансляцияларына деген құқықтар Ұйымдастыру комитетіне тиесілі болады.

11. Конкурсқа қатысушылардың келетін күні – 2019 жылғы 10 қараша.

12 Жеребе тастау және дайындалу 2019 жылғы 11 қарашада Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында өтеді.

13. Конкурстың 2-туры 2019 жылғы 12 қарашада Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында өтеді.

14. Қорытынды концерт және лауреаттарды марапаттау рәсімі 2019 жылғы 13 қарашада сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында өтеді.

15. Барлық ақпарат қордың www.batyr.foundation ресми веб-сайтында орналастырылады және жарияланған сәтінде дұрыс болып табылады. Бұл орайда Ұйымдастыру комитеті егер мән-жайлар талап ететін болса, өзгерту енгізу құқығын өзінде қалдырады. Конкурстың ресми поштасы: apply@batyr.foundation .

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

ӨТІНІМ БЕРУ ТӘРТІБІ

1. Конкурсқа Қазақстан азаматтығы бар, ҚР-да тұратын, оқитын немесе оның тиісті органдарында тіркелген, кәсіби білімі жоқ музыканттар, сондай-ақ мамандандырылған музыкалық оқу орындарының оқушылары мен студенттері, кәсіби музыканттар қатыса алады.

2. Конкурсқа қатысу туралы өтінімді Конкурстың Ұйымдастыру комитетіне 2019 жылғы 8 қазаннан кешіктірмей, www.batyr.foundation сайтында онлайн беру қажет.

3. Үміткерлердің конкурсқа қатысушылар ретінде қабылданғаны туралы растау хатты Ұйымдастыру комитеті 2019 жылғы 15 қазаннан кешіктірмей жібереді.

4. Электрондық пішімдегі өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

– 1-ші турдың бағдарламасына сәйкес www.youtube.com желісінде орналастырылған өңделмеген бейнежазбаның сілтемесі.

– ансамбльге қатысушылардың төлқұжаттарының немесе туу туралы куәліктерінің көшірмесі;

– ансамбльдің қатысушылар құрамы көрсетілген, қазақ және орыс тілдеріндегі өмірбаяны;

– басқа конкурстарда алған дипломдары мен марапаттарының (болған жағдайда) көшірмелері;

– ансамбльдің цифрлық пішімдегі, жоғары ажыратымдылықпен және ірі көріністе түсірілген фотосуреті;

– әр шығарманың орындалатын дәл уақыты көрсетілген, әр турда өнер көрсету бағдарламасы.

 

БЕЙНЕ ЖАЗУ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАП 

– Сыртқы микрофонды пайдалануға (дыбыс сигналын өңдеместен) рұқсат етіледі;

– Бейнетүсірілім бейнекамераны өшірместен және тоқтатпастан, шығарма орындала бастағаннан аяқталғанға дейін, тоқтатпастан және монтажсыз жүргізілуге тиіс. Шығармалар арасында кідіріс жасауға жол беріледі. Бағдарламаны орындау кезінде бейнежазбада ансамбльдің барлық қатысушылары анық көрініп тұруға тиіс.

Конкурстың қалған барлық шарттары орындалған жағдайда, әуесқойлық пішімдегі бейнежазбаны қолдануға жол беріледі. Бейнежазба конкурстың техникалық талаптарына сай келмеген жағдайда, жіберілген өтінім қарастырылмайды.

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

1. Регламент бұзылған жағдайда қазылар алқасының ансамбльді тоқтатуға құқығы бар.

2. Конкурстың қатысушыларына конкурс өткізілетін уақытқа дайындық жасайтын сынып бөлмелері және конкурстық тыңдау өткізілетін залда бір акустикалық дайындық (саундчек) беріледі.

3. Конкурстың ұйымдастыру комитеті ансамбльге саундчек пен сахнада өнер көрсетуі үшін қажет болған жағдайда мынадай аспаптар мен аппаратураны береді:

– бас, гитаралық, пернелі комбиктер;

– соқпалы аспап;

– пернелі аспап.

I турға қатысуға (бейнежазба) мыналар жіберіледі

– міндетті түрде ағаш және (немесе) мыс үрмелі аспаптар қатысатын ансамбльдер

– өтінімдерін қажетті құжаттар пакетімен бірге уақтылы жіберген барлық ансамбльдер.

II турға мыналар жіберіледі:

– ансамбльдердің көп дегенде жартысы.

СЫЙЛЫҚТАР

Номинацияда төмендегі сыйлықтар белгіленеді:

I сыйлық: 525 000 теңге және Лауреат атағы;

ІI сыйлық: 350 000 теңге және Лауреат атағы;

ІІI сыйлық: 175 000 теңге және Лауреат атағы;

Конкурстың Ұйымдастыру комитеті сондай-ақ төмендегі дипломдарды белгілейді:

Екі құрмет дипломы және Дипломант атағы

Конкурс лауреаттарына берілетін ақшалай сыйлықтар ұлттық валютада (теңгелей) төленеді.

Қол жеткізілген нәтижелерге және сыйлықтардың белгіленген санына қарай қазылар алқасының: 

- сыйлықтардың кейбіреуін бермеуге;

- сыйлықтарды ансамбльдердің арасында бөлуге құқығы бар.

Ұйымдастыру комитетімен келісе отырып, қазақстандық болсын, немесе шетелдік болсын, басқа да мемлекеттік, коммерциялық, қоғамдық немесе шығармашылық ұйымдар да арнайы және қосымша сыйлықтарды белгілей алады. Сыйлықтарды конкурс басталардан бір ай бұрын Ұйымдастыру комитетімен келісіп алу керек.

Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды.

КОНКУРСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

1. Шөкенов Бауыржан Камалұлы – Батырхан Шөкенов атындағы қордың Қамқоршы кеңесінің төрағасы

2. Шөкенова Наргиз Бауыржанқызы – Батырхан Шөкенов атындағы қордың директоры

3. Кумамбетова Нина – Батырхан Шөкенов атындағы қордың үйлестірушісі

3. Зеленцова Анна Викторовна – арт-менеджер

4. Ожерельева Марина Вячеславовна – арт-менеджер

Батырхан Шөкенов атындағы II Республикалық конкурстың «Джаз ансамблі» номинациясына қойылатын бағдарламалық талаптар

1-ші тур (бейнежазбалар бойынша)

– Еркін бағдарлама (көп дегенде 10 минут)

2-ші тур

– түрлі сипаттағы 2-3 шығарма (көп дегенде 15 минут)

КОНКУРСТЫҢ КЕСТЕСІ

11 қараша – жеребе тастау, дайындалу

12 қараша – «Джаз ансамблі» номинациясының 2-туры бойынша конкурстық тыңдау

13 қараша, 19.00 – Конкурстың жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау.