Домбыра
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУ
ЕРЕЖЕСІ
АРНАЙЫ ОРТА ОҚУ ОРЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН (МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МУЗЫКА МЕКТЕПТЕРІ, КОЛЛЕДЖДЕР)
«ДОМБЫРА», «ҮШ ІШЕКТІ АСПАПТАР», «ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АСПАПТАР» НОМИНАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША
Өтетін уақыты: 18,19,20 сәуір 2022 жыл
Өтетін орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.
Кіші олимпиаданы ұйымдастырушы: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы. "Халық музыкасы" факультеті.
Кіші олимпиаданың мақсаты: Республикалық кіші олимпиада «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік рухани даму бағдарламасы аясында «Ұлы ұстаздан ұлағат» айдарымен қазақ дәстүрлі өнерінің дара тұлғалары, Әлшекейдің 175 жылдығына, Қали Жантілеуов 120 жылдығына, Хабидолла Тастановтың 95 жылдығына, Мағауия Хамзиннің 95 жылдығына, Кенжебек Күмісбековтың 95 жылдығына және Қаршыға Ахмедияровтың 75 жылдығына арналады. Олимпиаданың мақсаты Орта оқу орындарындағы студенттердің кәсіби деңгейін шыңдау барысында, бағдарламада берілген шығармалар мен күйлерді домбыра, үш ішекті аспаптар және фольклорлық аспаптарында нақышына келтіре отырып орындау, насихаттау және шеберлігін байқату.
Кіші олимпиаданың міндеттері:
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын іске асыру;
- Жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми ізденістер мен зерттеулер жүргізу;
- Білім алушыларды жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау;
- Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл-өрісін тәрбиелеу;
- Республикамыздағы Арнайы орта оқу орындары (Мамандандырылған музыка мектептері, колледждер) қатысушылары арасында достық қарым-қатынастың орнауына, игілікті бастамаларды қолдауымен қатар, өзара бәсекелестік тудыруға ықпал ету.
Қатысу шарттары:
2022 жылғы 30 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық кіші олимпиада ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын e-mail арқылы, жіберу қажет):
- Өтінім (Қосымша 1);
- Жеке куәліктің көшірмесі.
Кіші Олимпиада талаптары:
· Республикалық кіші олимпиада өткізілуі: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (А.Жұбанов атындағы кіші зал)
· Республикалық кіші Олимпиада лауреаттары қатыса алмайды;
· Арнайы орта оқу орындарынан (Мамандандырылған музыка мектептері, колледждер) қатысушылар санына шектеу қойылған, әр оқу орындарынан 2 қатысушыдан ғана қатыса алады;
· Тыңдау жариялы түрде өтеді.
Республикалық кіші олимпиаданың қазылар алқасы құрамы ҚР-ның көрнекті өнер қайраткерлері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарынан құралады. Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындар мен сыйлықтарды қорытындылай бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.
Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.
Орындаушылық конкурс: жеке бағдарламаны орындаудан тұрады (15 минут).
Республикалық кіші олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу құжаттары 2022 жылдың 30 наурызына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:
Үйлестірушілер:
«Домбыра» аспабы бойынша – Кенигесов Асылбек +7-777-133-47-84, asil-ken@mail.ru
«Үш ішекті аспаптар» бойынша – Какежанов Ернар +7-707-966-56-72, Kakezhanov_91@mail.ru
«Фольклорлық аспаптар» бойынша – Қашқымбаева Эльмира +7-707-786-26-36, elika_sazgen@mail.ru
«ДОМБЫРА» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА
Домбыра
1. К. Күмісбеков «Қорқыт туралы аңыз» (міндетті түрде);
2. А. Барчунов «Концерттік пьеса» (міндетті түрде);
3. Әлшекей «Тоқтаған» (міндетті түрде) (Е. Нұрымбетов «Сыр сүлейін сұрасаң» кітабынан);
4. Сүгір «Бес жорға» (міндетті түрде) (Б. Ысқақов «Төлеген толғаулары» кітабынан);
5. Махамбет «Арысымнан айрылдым» (міндетті түрде);
6. Құрманғазы «Жима».
«ҮШ ІШЕКТІ АСПАПТАР» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА
Домбыра-прима
1. Күрделі түрдегі бір шығарма (концерттің І немесе ІІ, ІІІ бөлімдері, соната екі бөлімнен, сюита үш бөлімнен кем болмау керек, т.с.с.);
2. Ғ. Жұбанова - Юмореска;
3. А. Цыганковтың шеберлік көрсететін бір шығармасы.
Шертер
1. Күрделі түрдегі бір шығарма (концерттің І немесе ІІ, ІІІ бөлімдері, соната екі бөлімнен , сюита үш бөлімнен кем болмау керек, т.с.с.);
2. А.Жайымов «Концертная пьеса»;
3. Шеберлік көрсететін бір шығарма;
4. Қалауы бойынша бір күй.
Домбыра-бас
1. Күрделі түрдегі бір шығарма (концерттің І немесе ІІ, ІІІ бөлімдері, соната екі бөлімнен, сюита үш бөлімнен кем болмау керек, т.с.с.);
2. К.Күмісбеков «Поэма»;
3. Шеберлік көрсететін бір шығарма.
«ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АСПАПТАР» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА
Жетіген
1. Шетел немесе Қазақстан композиторларының шығармасы (фортепиано аспабының сүйемелдеуімен);
2. Халық композиторларынан бір күй;
3. Халық күйі «Арбиян қоңыр».
Сыбызғы
1. Шет ел немесе Қазақстан композиторларының бір шығармасы (фортепиано, сырнай, жетіген аспабының сүйемелдеуімен);
2. Кәлек «Арман» (міндетті түрде);
3. Өз қалауы бойынша бір күй.
Сазсырнай
1. Шет ел композиторының шығармасы;
2. Сазсырнай аспабына арнайы жазылған шығарма;
3. Қалауы бойынша бір күй.