Домбыра
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚҰК, «ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ» ФАКУЛЬТЕТІ 5В040400 – «ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР» (ДОМБЫРА) МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША, XIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЕРЕЖЕСІ
«ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ӨНЕРІ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ «ДОМБЫРА» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША
Өтетін уақыты: 30,31 наурыз 2022 жыл
Өтетін орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Олимпиаданы ұйымдастырушы: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы. Халық музыкасы факультеті.
Олимпиаданың мақсаты: Олимпиада «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік рухани даму бағдарламасы аясында «Ұлы ұстаздан ұлағат» айдарымен қазақ дәстүрлі өнерінің дара тұлғалары, Қали Жантілеуов 120 жылдығына, Хабидолла Тастановтың 95 жылдығына, Мағауия Хамзиннің 95 жылдығына және Қаршыға Ахмедияровтың 75 жылдығына арналады. Олимпиаданың мақсаты ЖОО студенттерінің кәсіби деңгейін шыңдау барысында, бағдарламада берілген шығарма мен күйлерді домбыра аспабында нақышына келтіре отырып орындау, насихаттау және шеберлігін байқату.
Олимпиаданың міндеттері:
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын іске асыру;
- Жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми ізденістер мен зерттеулер жүргізу;
- Білім алушыларды жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау;
- Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл-өрісін тәрбиелеу;
- Республика ЖОО орындарының қатысушылары арасында достық қарым- қатынастың орнауына, игілікті бастамаларды қолдауымен қатар, өзара бәсекелестік тудыруға ықпал ету.
Олимпиадаға қатысушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Республикадағы ЖОО-ның музыка факультеттері.
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:
- 2022 жылдың 10 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық пәндік олимпиада ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын e- mail арқылы, жіберу қажет):
- Өтінім (Қосымша 1).
- ЖОО орындары ішілік іріктеу кезеңінен өткен студенттік олимпиада қатысушылары туралы хат (ректор немесе проректордың қолымен) немесе Республикалық студенттік олимпиадаға жолдама (ЖОО-ның Ғылыми кеңес хаттамасынан үзінді көшірмесі.
- Жеке куәліктің көшірмесі.
- Фото сурет 3х4 (электрондық нұсқасы).
ОЛИМПИАДА ТАЛАПТАРЫ:
Қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан;
Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып (жеребе олимпиада басталатын күні 09-00 анықталады), байқау соңына дейін сақталады;
Республикалық олимпиада лауреаттары қатыса алмайды;
ЖОО орындарынан қатысушылар санына шектеу қойылмайды;
Тыңдау жариялы түрде өтеді.
Олимпиаданың қазылар алқасы құрамы ҚР-ның көрнекті өнер қайраткерлері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарынан құралады. Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындар мен сыйлықтарды қорытындылай бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.
Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.
Орындаушылық конкурс: жеке бағдарламаны орындаудан тұрады (15 минут).
Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу құжаттары 2022 жылдың 10 наурызына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:
ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕР:
«Домбыра» аспабы бойынша - Нұрбаева Динара +7-701-328-27-13, d.nurbayeva@mail.ru
«ДОМБЫРА» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА
ДОМБЫРА
1. Х.Тастанов «Фантазия» (міндетті түрде).
2. Құрманғазы «Төремұрат» (Қ. Ахмедияровтың орындауында) (міндетті түрде).
3. Дәулеткерей «Жігер» (Қ. Жантілеуовтың орындауында) (міндетті түрде).
4. Тәттімбет «Саржайлау» (М. Хамзиннің орындауында) (міндетті түрде).
ҚОСЫМША 1