Ішекті аспаптар
ЕРЕЖЕ
ҚР МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРІ МЕН МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДА
«Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша номинацияда (скрипка, альт, виолончель, контрабас)
Өтетін күні: 4-5 сәуір, 2022 ж.
Өтетін орны: Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы.
Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, «Ішекті аспаптар» кафедрасы.
Мақсаты: Болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін дамыту, ең талантты және дарынды білім алушыларды іріктеу және қолдау, отандық музыка мәдениеті мен Қазақстан Республикасының орындаушылық өнерінің үздік дәстүрлерін сақтау.
Міндеті: Қазақстан Республикасындағы музыкалық білім беруді жетілдіру және дамыту.
Олимпиада қатысушылары: ОАОО арасындағы «Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша XIV Республикалық кіші олимпиадасына келесі музыкалық мекемелердің студенттері қатыса алады:
1. ҚР-ның музыкалық колледждері (3-4 курстар)
2. Мамандандырылған музыка мектептері (11-12 сыныптар)
Олимпиада шарттары: өткен олимпиадалардың 1 сыйлығының лауреаты олимпиадаға қатыспайды
Олимпиаданы өткізу тәртібі:
ü Олимпиада 1 турдан тұрады.
ü Әрбір қатысушы өтінімде толық деректерді ұсынуы тиіс.
ü Оқу орнынан анықтама.
ü Жеке басын куәландыратын құжат.
Барлық қатысушыларға залда акустикалық дайындық үшін уақыт бөлінеді
Бағдарламасы:
1. Қазақстан композиторының пьесасы
2. Виртуоздық пьеса
Олипиада шарттары: Олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер 2022 жылдың 20 наурызына дейін кешіктірілмей электронды түрде e-mail-ге жіберілуі тиіс: stringsolympiad@mail.ru
Орындар мен дипломдар:
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиада лауреаттары атағына ие болады және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.
· 1 орын - 4 лауреат дипломы
· 2 орын - 7 лауреат дипломы
· 3 орын - 9 лауреат дипломы
· Қазақ пьесасын үздік орындағаны үшін-2 арнайы диплом
· Виртуоздық пьесасын үздік орындағаны үшін-2 арнайы диплом
Қазылар алқасының құқығы: жүлделі орындар мен дипломдардың барлығын бермеу, үздік орындағаны үшін дипломдарды бере алады.
Қазылар алқасының шешімі түбегейлі және қайта қарауға жатпайды.
Координатор:
Сугурова Зарина Талғатқызы +7 (701) 665 94 75 e-mail: