Menu HELPDESK

Композиция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНСТРИЛІГІ
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ
  «МУЗЫКАТАНУ ЖӘНЕ КОМПОЗИЦИЯ» КАФЕДРАСЫ


  6В02111-Композиция білім беру бағдарламасы бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында 2022 XIV Республикалық пәндік студенттік олимпиадасының

ЕРЕЖЕСІ


 Өтетін күні:  21-22 сәуір
 Өтетін орны  Құрманғазы         атындағы         Қазақ         ұлттық консерваториясының          «музыкатану          және
композиция» кафедрасы,
         Ұйымдастырушылар:

 ҚР Білім және ғылым министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы («музыкатану және композиция» кафедрасы).
 Мақсаты:  болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін дамыту, талантты және дарынды білім алушыларды іріктеу және қолдау.
 Қатысушылар:  - ҚР музыкалық мектептерінің оқушылары мен
колледждерінің студенттері
 Қатысу шарттары:  1.Қатысушының жеке қатысуы міндетті емес;
 2.Олимпиадаға   қатысу   авторлық   бүркеншік   ат болған жағдайда ғана мүмкін болады;
 3. Алдыңғы конкурстардың, олимпиадалардың және халықаралық конкурстардың лауреаттары болған туындылар Олимпиадаға қатыса алмайды;
 4. Тірі жазбаны міндетті түрде ұсыну (аудио, видео).
 Өткізу ережелері:  Олимпиадаға қатысу үшін конкурстық шығармаларды алдын ала іріктеуді комиссия мүшелері Қазақ ұлттық консерваториясы базасында жүзеге асырады. Қатысушылар өз туындыларын және клавир/партитураны олимпиада үйлестірушісіне қазылар алқасының жұмысы
басталардан 1 апта бұрын жіберуі тиіс.
 Номинация 2022  Кез келген бағыттағы, жанрдағы және аспаптық құрамдағы бір немесе көп бөлімдегі шығармалар


  Олимпиаданы өткізу тәртібі:

· Авторлық шығарма:
Олимпиада қатысушыларының аудио немесе бейне тасымалдағышта mp3 форматында ұсынылған авторлық туындыларын тыңдау.


  Олимпиада қатысушыларын бағалау критерийлері:

1. Авторлық шығарма:
- 2022 номинацияға қойылатын талаптарды сақтау;
- Қызықты композиторлық шешім, композиторлық шеберліктің негізгі дағдыларын меңгеру (қалыптау, гармоникалық және полифониялық жазу, фактура, аспаптардың ерекшеліктерін білу және т.б.).
- композиция саласындағы заманауи әдістер мен тәсілдермен шығармашылық ойды жеткізе білу.


Марапаттау

Кіші олимпиада: 1 орын (1 диплом), 2 орын (2 диплом), 3 орын (3 диплом). Қазылар алқасы барлық сыйлықтарды беруге, сондай-ақ қосымша номинацияларды енгізуге құқылы.

Өтініш беру:
Қатысу үшін өтінімдер 14 сәуір күнге дейін астындағы пошта мекенжайына жіберілуі керек:
- 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 90, Қазақ ұлттық консерваториясы Құрманғазы, 217 каб, "Б" корпусы,
- Немесе "КІШІ ОЛИМПИАДА" хатының тақырыбын көрсете отырып, электрондық мекенжайына: olimp_comp2022@mail.ru
- Міндетті түрде, Cіздің өтініміңізді жоба үйлестірушісінен алғаныңызды растауды сұраңыз.

Байланыстар:
+ 7 (727) 272-72-34 – "Музыкатану және композиция" кафедрасы (лаборант Динара)
+7-747-341-09-91 – Бержапраков Данияр Бағдатұлы, жоба үйлестірушісі.


Өтінім