Menu HELPDESK

Музыкалық білім беру

   ЕРЕЖЕ


«МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ» ПӘНІ БОЙЫНША «МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ» ББ ҚР БҒМ XIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ ЕКІ НОМИНАЦИЯДАН ТҰРАДЫ: «МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ», «МУЗЫКАЛЫҚ АҒАРТУШЫЛЫҚ»



Өтетін мерзімі: 10-13 сәуір 2022 ж.

Өтетін орны: Алматы қ., Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасы.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ, «Музыкалық білім беру және педагогика» кафедрасы.

Мақсаты: кәсіби құзыреттілекті дамыту, болашақ музыка мұғалімдерінің оқу-танымдық, музыкалық-ағартушылық, ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, сондай-ақ музыкалық білім берудің отандық педагогикасының үздік дәстүрлерін сақтау, жастардың бойында патриоттық тәрбие мен Қазақстан Республикасының мәдени мұрасына қызығушылықты қалыптастыру.

Міндеттері: Қазақстан Республикасында Музыкалық білім беруді жетілдіру және дамыту, болашақ мамандардың шығармашылық қызметін ынталандыру.

Олимпиада қатысушылары: ҚР ЖОО музыкалық кафедраларының студенттері.

Олимпиаданың шарттары: 

Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың талаптарына сәйкес қатысушы келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

· Өтініш;

· Жеке куәліктің көшірмесі (екі жағынан);

· 3*4 фотосүрет (электрондық нұсқасы);

· Оқу орнынан анықтама;

· Бірінші кезеңнен өту туралы хаттамадан үзінді (ЖОО ішіндегі).

 

Сканерленген құжаттар moip2020@mail.ru электронды поштасына 2022 жылдың 28 наурызға дейін (қоса есептегенде) қабылданады.

 

Қатысушылар құжаттардың түпнұсқаларын 106 каб. келген соң тапсырады.

 

Өткізу кезеңдері:

Бірінші кезең (ЖОО ішіндегі) – оқу орындарының базасында тыңдау және іріктеу;

Екінші кезең (ЖОО аралық) – Құрманғазы атындағы ҚҰК базасында қатысу.

 

ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ


Күні

Уақыты 

Іс-шара

 Өту орны

10 сәуір

 10:00-11:00

 Қатысушыларды тіркеу

 106 каб.

 11:00-16:00

 Қатысушылардың акустикалық дайындығы

 Кіші зал

11 сәуір 

10:00-11:00

 Салтанатты ашылу, жеребелеу

 Кіші зал

11:00-13:00

 1 кезең бірінші номинация бойынша қатысушыларды тыңдау

 Кіші зал

14:00-15:00

 Консерваторияның ПОҚ мастер-классы

 Кіші зал

15:00-18:00

 2 тур бірінші номинация бойынша қатысушылардың дайындығы

 Кіші зал

12 сәуір 

 11:00-13:00

 1 тур екінші номинация бойынша қатысушыларды тыңдау

 215 каб.

 14:00-15:00

 Консерваторияның ПОҚ мастер-классы

 Кіші зал

 15:00-18:00

 2 тур Екінші номинацияға қатысушылардың шығармашылық тапсырмаларды шешу

 215 каб.

13 сәуір 

10:00-12:00

 Комиссияның нәтижелерді талқылауы

 106 каб.

16:00-18:00

 Олимпиада жүлдегерлерін салтанатты марапаттау

 Кіші зал

 

* ұйымдастырушылар Олимпиаданы өткізу кестесін түзетуге құқылы.

 

 

БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

№1 «Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі»

номинациясы бойынша

 

1 тур. Екі музыкалық аспаптың шеберлігін көрсету: негізгі және қосымша.

Негізгі музыкалық аспап

Музыканы тыңдау бойынша 2-6-сыныптардың «Музыка» типтік бағдарламасының тізімінен қатысушы бір туындыны (міндетті) таңдайды және орындайды:

Фортепиано

1. И. Бах «Екі дауысты инвенция» №1 C-dur;

2. И. Бах «Екі дауысты инвенция» №4 d-moll.

Домбыра

1. Халық күйі «Ақсақ құлан»;

2. Н. Тлендиев «Аққу».

Баян, қобыз

1. И. Бах «Екі дауысты инвенция» №1 C-dur;

2. И. Бах «Екі дауысты инвенция» №4 d-moll;

3. Құрманғазы «Адай»;

4. Құрманғазы «Балбыраун».

 

Қосымша музыкалық аспап

Музыканы тыңдау бойынша 2-6-сыныптардың «Музыка» типтік бағдарламасынан қатысушы қалаған бір шығарманы орындайды.

 

2 тур. Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасының студенттік хорымен бір шығарманы концерттік орындау. Шығарманы таңдау жеребе тастау арқылы жасалады.

1. А. Жұбанов «Ақ көгершін»;

2. Т. Алагузов «Қандай сұлу дүние»;

3. С. Әбдінұров «Дала түні»;

4. С. Байтереков «Қазақстан – қыран далам»;

5. С. Байтереков «Жасаңдар ағалар»;

6. Е. Крылатов «Три белых коня»;

7. В. Шаинский «Когда мои друзья со мной»;

8. А. Рыбников «Буратино»;

9. К. Певзнер «Оранжевая песенка»;

10. Ю. Тугаринов «Вьюга».

 

Номинацияны бағалау критерийлері: 

- авторлық мәтінді дәл ұстану;

- аспапты техникалық меңгеру деңгейі ;

- дирижерлік аппаратты техникалық меңгеру деңгейі;

- музыкалық, бейнелі мазмұнды берудің динамикалық айқындығы және орындаудың интонациялық мәнерлігі;

- шығарманың стилін түсіну;

- әртістік.

 

Орындау нәтижелері жалпы 100 ұпайлық жүйе бойынша бағаланады, оның ішінде:

- негізгі музыкалық аспап – 50 ұпай;

- қосымша құрал – 30 ұпай;

- хормен дирижерлеу – 20 ұпай.

 

Орындарды беру:

1 орын - 90-100 ұпай жинаған қатысушыларға беріледі.

2 орын - 80-89 ұпай жинаған қатысушыларға беріледі.

3 орын - 70-79 ұпай жинаған қатысушыларға беріледі.

 

 

БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

№2 «Музыкалық ағарту» номинациясында

«Музыкалық білім – заманауи концепциялар» тақырыбы аясында

 

1 тур. Баяндама тақырыбын ұсыну. Бұл номинацияға қатысушы жалпы білім беретін мектепте музыкалық-ағартушылық жұмыстың әртүрлі формалары туралы білімдерін көрсетуі керек.

Көпшілік алдында сөйлеу баяндама мен презентацияны қамтиды.

Қатысушы орыс немесе қазақ тілінде қорғайды. Регламент уақыты 10 минуттан аспайды.


Баяндама тақырыптарының үлгісі:

1. Музыка сабақтарын онлайн режимде өткізу тәжірибем;

2. Онлайн форматта оқытудың инновациялық технологиялары;

3. Менің ЖОО-да қашықтықтан оқытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық ерекшеліктері;

4. Мектептегі қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері;

5. Қашықтықтан оқыту және қашықтықтан білім беру технологиялары;

6. Қашықтықтан оқыту: құралдар мен әдістер;

7. Мультимедиялық технологиялар және қашықтықтан оқыту және т. б.

 

Номинацияны бағалау критерийлері:

- болашақ музыка мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін көрсету (ағартушылық, шешендік, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, педагогикалық, ақпараттық және т. б.);

- материалды ұсынудың өзектілігі мен жаңалығы;

- пәнаралық байланыстардың болуы;

- өндірістік және педагогикалық практика аясында музыкалық-жобалық қызмет түрлерін қолдануы;

- фото-бейнематериалдарды, аудиожазбаларды және т. б. пайдалану.;

- регламентті сақтау;

- жеке қасиеттері: эмоционалдылық, көркемдік, сөйлеу мәдениеті.

 

2 тур. Шығармашылық тапсырмалар. 1-6 сыныптардың «Музыка» типтік бағдарламасы бойынша үзінділерден музыкалық викторина (10 композиция).

Keys study – шығармашылық тапсырманы шешу.

 

Орындау нәтижелері жалпы 100 ұпайлық жүйе бойынша бағаланады, оның ішінде:

музыкалық викторина - 30 ұпай

шығармашылық тапсырма - 20 ұпай

баяндама-презентация - 50 ұпай

 

Орындарды беру:

1 орын 90-100 ұпай жинаған қатысушыларға беріледі.

2 орын 80-89 ұпай жинаған қатысушыларға беріледі.

3 орын 70-79 ұпай жинаған қатысушыларға беріледі.

 

Республикалық олимпиаданың қорытындыларын шығару тәртібі

І. Құрманғазы атындағы ҚҰК Республикалық конкурстық қазылар алқасы «Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі» номинациясы бойынша жүлдегерлерді келесі тәртіпте марапаттауға ұсынады:

1 орын үшін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломымен (бір студенттен артық емес);

2 орын үшін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломдарымен (екі студенттен артық емес);

3 - орын үшін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломдарымен (үш студенттен артық емес).

 

ІІ. Құрманғазы атындағы ҚҰК Республикалық конкурстық қазылар алқасы «Музыкалық ағарту» номинациясы бойынша жүлдегерлерді келесі тәртіпте марапаттауға ұсынады:

1 орын үшін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломымен (бір студенттен артық емес);

2 орын үшін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломдарымен (екі студенттен артық емес);

3 - орын үшін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломдарымен (үш студенттен артық емес).