Menu HELPDESK

Үрмелі және ұрмалы аспаптар

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының
«Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының профессоры Өтеуов Мұхтар Жамашұлының 75-жылдық мерейтойына» арналған
«Қазақстан Республикасының мамандандырылған мектептері мен музыкалық колледждерінің оқушылары арасындағы Аспаптық орындаушылық (Үрмелі және ұрмалы
аспаптар) мамандығы бойынша XIV кіші олимпиада» өткізеді.

  Жалпы ережелер:

Өткізу мерзімі: 6-7 сәуір 2022 жыл.
Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасы).
Өтетін орны: XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында өтеді.
Мақсаты: ҚР орта оқу орындары арасындағы студенттік олимпиада болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін дамыту, студенттердің (оқушылардың) оқу-танымдық жүйесі мен оқу-зерттеу қызметін ынталандыру, ең дарынды және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, сондай-ақ отандық музыкалық мәдениет пен орындаушылық өнердің үздік дәстүрлерін сақтау және Қазақстан Республикасының музыкалық-педагогикалық мектептерінің одан әрі ынтымақтастығы мақсатында өткізіледі.
Қатысу шарты: ХІV Республикалық пәндік студенттік олимпиада ережесіне сәйкес қатысушы келесі сканерленген құжаттарды (knc.duhoviki@mail.ru e-mail-ге) жолдайды:
- Өтінім;
- Фото 3/4;
- Оқу орнынан анықтама;
- Жеке куәліктің көшірмесі (екі жағынан).
 
2022 жылғы 31 наурыздан кейін ұсынылған өтінімдер қарастырылмайды.

Олимпиада қатысушылары:

Республикалық кіші олимпиадаға келесі музыкалық мекемелердің оқушылары қатыса алады:

1. Қазақстан Республикасының музыкалық колледждері (4-курс).
2. Мамандандырылған музыка мектептері (12-сынып).

Орындар және дипломдар

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағын алады және бірінші, екінші және үшінші сатылардағы дипломдармен марапатталады:
·  I орын – бір лауреат дипломы;
·  II орын – екі лауреат дипломы;
·  III орын – үш лауреат дипломы.

Қазылар алқасы барлық жүлделі орындар мен дипломдарды бермеуге, бағдарламаның жекелеген нөмірлерін үздік орындағаны үшін дипломдар беруге, үздік педагогтар мен концертмейстерлерді грамоталармен марапаттауға, бағдарламаны қысқарту немесе орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Әділқазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
     
ҮРМЕЛІ ЖӘНЕ ҰРМАЛЫ АСПАПТАР НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАР

ФЛЕЙТА

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес)
2. Қатысушының таңдауы бойынша:
А) Ірі нысандағы шығарманың I немесе II – III бөлімдері; Б) Фантазия.

ГОБОЙ

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес) 

2. Қатысушының таңдауы бойынша:
А) Ірі нысандағы шығарманың I немесе II – III бөлімдері; Б) Фантазия.

 КЛАРНЕТ

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес) 2. Қатысушының таңдауы бойынша:
А) Ірі нысандағы шығарманың I немесе II – III бөлімдері; Б) Фантазия

ФАГОТ

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес)
2. Қатысушының таңдауы бойынша:
А) Ірі нысандағы шығарманың I немесе II – III бөлімдері; Б) Фантазия.

     САКСОФОН (АЛЬТ, ТЕНОР, БАРИТОН)

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес) 

2. Қатысушының таңдауы бойынша:
А) Ірі нысандағы шығарманың I немесе II – III бөлімдері; Б) Фантазия

ТРУБА

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес)
2. Қатысушының таңдауы бойынша:
А) Ірі нысандағы шығарманың I немесе II – III бөлімдері; Б) Концерттік пьеса, Концертино немесе Виртуоздық пьеса
  
ВАЛТОРНА

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес)
2. Қатысушының таңдауы бойынша:
А) Ірі нысандағы шығарманың I немесе II – III бөлімдері; Б) Концерттік пьеса, Концертино немесе Виртуоздық пьеса.

  ТРОМБОН

  ТУБА

  ҰРМАЛЫ АСПАПТАР

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес) Ксилофон.
2. Қатысушының таңдауы бойынша. Ксилофон.
3. Қатысушының таңдауы бойынша. Малый барабан.

Толық ақпарат Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның сайтында: www.conservatoire.edu.kz
Олимпиадаға қатысты барлық сұрақтар бойынша хабарласуға:
Нестерова О.В. – Кафедра меңгерушісі, «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының аға оқытушысы +7-707-222-93-47
Иманбаев А.К. – «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының хатшысы және оқытушысы,
+7-707-336-20-70
E-mail: knc.duhoviki@mail.ru
    
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ ХІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДА КЕСТЕСІ

    Күні       Уақыты                                     Іс-шара
    Өту орны 

6В02102 – Аспаптық орындаушылық Үрмелі және ұрмалы аспаптар
  6 сәуір   09:00 – 10:00   Қатысушыларды     тіркеу,     салтанатты     ашылу,
жеребелеу
 Кіші зал
 10:00 – 18:00  Олимпиадаға қатысушылардың дайындықтары  Кіші зал
  7 сәуір  10:00 – 13:00  Тыңдалымдар  Кіші зал
 14:00 – 16:00  Тыңдалымдар  Кіші зал
 17:00 – 18:00  Олимпиада қатысушыларын марапаттау  Кіші зал

Үйлестіруші: Иманбаев Азамат Капуханович +7-707-336-20-70, E-mail: knc.duhoviki@mail.ru

Өтінім