Menu HELPDESK

ҒАКҚ Құрылымы

Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметінің құрылымы:


ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ҚОРЛАРДЫ ЖИЫНТЫҚТАУ ЖӘНЕ САҚТАУ БӨЛІМІ


Оқу әдебиетін беру мен қабылдауды жүзеге асырады. Кітапхана қорының сақталымдылығын, сақтау режимін, жөндеуді, қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді; кітап көрмелерін, оқу және ғылым үдерістеріне көмектесетін жаңа кітаптардың тұсаукесерлерін ұйымдастырады. Бөлім сондай-ақ, баспа басылымдарын жинақтауды, жүйелеуді, каталогтауды, ғылыми және техникалық өңдеуді жүзеге асырады. Түсілімдердің жалпы және жеке есебін жүргізеді. Дәстүрлі түрдегі қызметтік каталогты жасауды, электронды каталогты жүргізу мен редакциялауды жүзеге асырады. Мамандықтар мен пәндердің кітаппен қамтамасыз етілу картотекасын жүргізеді.


ОҚУ АБОНЕМЕНТІ 

Оқу әдебиетінің абонементі – кітапхана қабырғасынан тыс жерде пайдалануға арналған әдебиетті беруді қарастыратын кітапханалық қызмет көрсету түрі. Оқырмандарды кітапханаға тіркеу жүргізіледі. Консерватория қызметкерлері мен профессорлық оқытушылар құрамына, докторанттар мен магистрантарға, барлық курстың студенттеріне қызмет көрсетіледі. Қорда оқу материалдары бар. Оқырман қажетті әдебиетті 30 күнтізбелік күнге  немесе бір семестрге (сұранысқа байланысты) алады. Оқырмандар көктемгі-жазғы семестр біткен бойда (15 маусымға дейін) қолдарындағы бар әдебиетті барлығын өткізуге міндетті. Қызметтердің түрлері – оқырмандарға жеке қызмет көрсету, оқырмандарға топтық қызмет көрсету (оқулықтар жиынтығын тұтас семестрге беру).

   

Оқу абонементінің жұмыс уақыты: «Б» корпусы (жаңа), 3 қабат, 315 кабинет.

Дүйсенбі – жұма: 09:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін)

Сенбі, жексенбі – демалыс

Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні.

 

ОҚУ ЗАЛЫ

Оқу залы студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, профессорлық оқытушылық құрамға арналған. Оқу залында оқулықтар, оқу құралдары, ноталық басылымдар, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мен құқықтық (тарих, философия, саясаттану, әлеуметтану, жантану, мәдениеттану, этика, эстетика, дінтану) жөніндегі әдебиеттер қойылған. Оқу үдерісі мен ғылыми жұмысқа көмек ретінде ғылыми әдебиеттер, анықтамалықтар, сөздіктер, энциклопедиялар, диссертациялар, авторефераттар, мерзімдік басылымдар ұсынылады. Халықаралық ақпараттық ресурстарға, Консерваторияның толықмәтінді басылымдары бар ИРБИС электронды каталогына қолжетімділік қамтамасыз етілген.

Оқу залының жұмыс уақыты: «А» корпусы, 2 қабат, 200 кабинет,

Дүйсенбі – жұма: 08:00-ден 20:00-ге дейін

Сенбі – 09:00-ден 14:00-ге дейін

Жексенбі – демалыс

Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні.

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАР БӨЛІМІ

Құрманғазы атындағы ҚҰК Электронды кітапханасының мәліметтер базасын білім беру және ғылыми бағдарламаларға сәйкес қалыптастырады. Бөлімде ай сайын студенттерге оқу жоспарымен бекітілген әртүрлі тақырыптар мен пәндер шегін кеңейтетін ақпаратпен танысуға мүмкіндік беретін ақпараттық және тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады. Мәліметтер базасында тіркелу мен іздеу жөніндегі үйрететін семинарлар/тренингтер өткізеді, виртуалды кітап көрмелерін, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шаралар ұйымдастырады.

Электронды оқу залы Құрманғазы атындағы ҚҰК ҒАКҚ электронды қорына қолжетімділікті және ақпараттық-библиографиялық қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге арналған. Студенттер мен оқытушылар осы заманға сай құрал-жабдықтармен – 15 моноблокпен, проектормен, теледидармен, сканерлермен жабдықталған электрондық залда Интернет желісі мен электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады.

 

Электронды залдың жұмыс уақыты: «Б» корпусы (жаңа), 3 қабат, 318 кабинет

Дүйсенбі – жұма: 09:00-ден 18:00-ге дейін

Үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін

Сенбі, жексенбі – демалыс

Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні.