Menu HELPDESK

ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


АБОНЕМЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Оқу абонементінде кітап және ноталық басылымдарды қолға беру жүзеге асырылады, бірақ бақылау, сирек және жалғыз даналары оқырмандарға берілмейді.

2. Оқырман қажетті әдебиетті 30 күнтізбелік күнге немесе бір семестрге (сұранысқа байланысты) алады. Оқырман алынған басылымдардың мерзімін, егер оған басқа оқырман тарапынан сұраныс болмаса, белгіленген тәртіппен ұзарта алады.

3. Оқырман әдебиетті белгіленген мерзімнен артық пайдаланғаны үшін ескерту алады, ал содан соң абонементті пайдалану құқығынан 1 ай мерзімге айырылады.

4. Кітапхана қорынан кітаптарды және басқа да материалдарды алған кезде оқырман басылымдарды мұқият қарап шығуға және қандай да бір кемшіліктер анықталған жағдайда бұл туралы кітапханашыға хабарлауға міндетті. Олай болмаған жағдайда басылымның бүлінуі үшін соңғы  пайдаланған оқырман жауапты болады. 

5. Абонементте алынған әрбір басылым данасы үшін оқырман қолын қойып, кітап формулярына алған күнін жазады. Кітап формуляры басылымды беру мен қайтару фактісін куәландыратын құжат болып табылады. Кітап пен ноталық басылымдарды беру жабылардан 15 минут бұрын тоқтайды.

     

 


Оқу залын пайдалану ережелері

1. Оқу залынан әдебиетке тапсырыс берерде оқырмандар оқырман билетін көрсетеді, оқырман сұранысы талабын толтырады және тапсырысты алған кезде кітап немесе ноталық басылымның формулярына қол қояды.

2. Назар аударыңыз! Оқу залынан әдебиетті алып шығуға болмайды. Аталған ережені бұзған оқырмандар кітапхана қызметін пайдалану құқығынан 1 ай мерзімге айырылады.

3. Энциклопедиялар, анықтамалықтар, мерзімді және қосалқы қордың басқа да басылымдары тек оқу залында пайдалануға беріледі.

4. Назар аударыңыз! ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың 1 жартысында жарық көрген кітап және ноталық басылымдардың көшірмесін жасауға мәтіннің бұзылу ықтималдығына байланысты тыйым салынады. Олармен электронда нұсқада танысуға болады. Олармен электронда нұсқада танысуға болады.

5. Оқу залынан шығарда оқырман барлық басылымдарды өткізуі тиіс.

6. Оқу залындағы басылымдарды өткізу жабылардан 15 минут бұрын тоқтатылады.

















Электронды залды пайдалану ережесі

1. Кітапхананың Электронды залын пайдалану үшін пайдаланушы кітапханашыға оқырман билетін көрсетсе (бірінші курс студенттері оқырман билетін алғанға дейін жеке куәлігін көрсетеді) жеткілікті.
  2. Пайдаланушының компьютерлермен жұмыс жөніндегі және қажетті ақпаратты іздеу бойынша кітапхана қызметкерлерінен кеңес алуға, компьютердегі қолжетімді бағдарламаларды пайдалануға құқығы бар.
  3. Жеке немесе сатып алынған электрондық дерекқорлар мен кітапхананың электрондық каталогындағы толық мәтінді құжаттарды монитор экранынан оқу арқылы тек білім алу, ғылыми және зерттеу мақсаттарында пайдалануға болады.
  4. Магистранттар, докторанттар және оқытушылар Консерваторияның ғылыми шығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректорының жазбаша келісімі бойынша ксерокөшірме, суретке түсіру және сақтау бөлмесінен шығару құқығынсыз диссертациялармен таныса алады.
  5. Бакалавриат диплом жұмыстары, магистранттар және докторанттар диссертацияларының PDF-форматындағы құжаттарымен электронды және дәстүрлі нұсқада оқу арқылы танысуға болады.
  6. Құрманғазы атындағы ҚҰК сирек кітаптар Виртуалдық кітапханасының PDF форматындағы сирек басылымдарымен құжаттарды электронды нұсқада оқу арқылы танысуға болады.
  7. Қордың сақталуын қамтамасыз ету және авторлық құқықты сақтау мақсатында диссертациялар, сирек, құнды кітаптар, бақылау даналары, энциклопедиялар ксерокөшірмелеуге жатпайды.
  8. Электрондық залдағы компьютерлерді пайдалану кезінде бағдарламалар мен компьютерлік техникадағы қателер немесе ақаулар туралы кітапхана қызметкерлерін дереу хабардар ету керек. Жұмысты аяқтағаннан кейін барлық бағдарламаларды жауып, жұмыс орнын ретке келтіру керек. Пайдаланушы бағдарламалары мен файлдары сақталмайды.
9. Рұқсат етілмейді:
- компьютердің конфигурациясы мен параметрлерін өзгертуге;
- бағдарламалалық жасақтаманы орнатуға;
- өткізгіштер мен олардың қосылымдарына тиісуге;
- қандай да бір құрылғыларды қосып, ажыратуға;
- флеш-жинақтағыштарды, дискілерді пайдалануға;
- компьютермен жұмыс орнында электр нүктелерін және компьютерді қуаттағыш құрылғыларға пайдалануға;
- интернет желісіне қолжетімділікті коммерциялық мақсатта пайдалануға және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын ақпаратты қарауға;
- интернет желісінен дыбыстық және бейнеақпараттарды, бағдарламалық өнімдерді жүктеуге;
- танысу сайттарына, ойындарға және басқа да оқу сабақтарына қатысы жоқ сайттарға кіруге;
- жекеменшік және сатып алынған электронды мәліметтер базалары мен электронды каталогтың толықмәтінді құжаттарын коммерциялық мақсаттарға пайдалануға.

10.  Компьютермен жұмыс жабылардан 15 минут бұрын тоқтатылады.

11.  Компьютерлер мен қосалқы құрылғыларды (көшірме аппараттарын) қосуды, ажыратуды және қайта жүктеуді тек қана кітапханашы жүзеге асырады.