Menu HELPDESK

ШЕТЕЛДІК ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА

1. Шетел азаматтары міндетті түрде С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің біріккен университеттік клиникасында медициналық тексеруден өтеді, онда безгекке (малярия) қан анализін тапсырады.

Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 126, Досмұхамедов көшесінің қиылысы мекенжайы бойынша өзімен бірге 3х4 көлеміндегі бір фотосурет, жеке куәлік немесе паспорт болуы тиіс.


2. Сондай-ақ, Алматы қаласы, Бәсенов көшесі, 2, Жароков көшесінің қиылысы мекенжайы бойынша ЖИТС-тың (СПИД) алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі қалалық орталықта АИТВ-ға (ВИЧ) талдау тапсырады.