Menu HELPDESK

Фольклорлық аспаптар: саз сырнай, жетіген, сыбызғы

«6В02116 – ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ӨНЕРІ»

Фольклорлық аспаптар

Білім беру бағдарламасы бойынша

шығармашылық емтихан өткізу

БАҒДАРЛАМАСЫ


І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЕМТИХАН


Бағдарламаны орындау:

-       Күрделі формадағы шығарма (соната немесе концерт);

-       Қазақстан композиторларының бір шығармасы;

-       Шеберлікті көрсететін бір шығарма;

-       Екі күй ( біреуі - жылдам, біреуі – орташа немесе баяу қарқында)


ІІ. ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН


Сольфеджио – жазбаша: хроматизмдермен, альтерациямен, ауытқулармен немесе туыстықтың бірінші дәрежелі тональділіктегі модуляциямен кезең түріндегі 1 дауысты диктант.

Гармония – билеттер бойынша ауызша (диатоникалық немесе хроматикалық секвенция; туыстықтың I дәрежелі үндестікте модуляциясы бар кезең немесе бір тонды құрылым; шағын туындыны талдау).


Талапкерлерге арналған

 шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері:

І  шығармашылық емтихан


36-50 Өте жақсы:

Талапкердің орындаушылық шеберлік деңгейінің жоғары талапқа сай келуі, артистизмі, техникалық шеберлігі, шығармалардың авторлық мәтінін сауатты орындалуы.

21-35 Жақсы:

Шығармалардың орындаушылық жоспарын түсіне орындау, нота мәтінін нақты білу, музыкалық стилін ұстану. Бірақ, техникалық-динамикалық еркіндік ойдағыдай емес, дыбыс сапасы мен түрлілігі онша байқалмайды.

5-20 Қанағаттанарлық:

Бағдарламадағы шығармаларды тұрақсыз орындау, шығармалардың стилі мен мазмұнын түсінбеу, дыбыс бояуын жеткіліксіз меңгеруі (дыбыс алу, динамика, фразировка, ритм, есту қабілетін қадағалау).

0-4 Қанағаттанарлықсыз:

Тоқтау, мәтіндегі қателіктер, орындаушылық аппаратының тырысуы, тұрақсыздық, белсенділіксіздігі,  дыбыс бояуы, техникалық және көркемдік құралдарының жеткіліксіз меңгеруі, түсуге арнайы бағдарламаның міндетті деңгейге сәйкес келмеуі.


Талапкерлерге арналған

 шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері:

ІІ  шығармашылық емтихан


36-50 Өте жақсы:

Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын еркін меңгеру;

21-35 Жақсы:

Диктантта шамалы дыбыстық және ритмикалық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы білу.

5-20 Қанағаттанарлық:

Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру заңдылықтарын білмеуі мен дағдыларының жеткіліксіздігі.

0-4 Қанағаттанарлықсыз:

Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі; музыканың қарапайым теориясының теориялық курсында тақырыптарды білу деңгейінің төмендігі.