Әскери үрмелі аспаптар оркестрінің дирижері
«6В02118 – ӘСКЕРИ ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ДИРИЖЕРІ»
Білім беру бағдарламасы бойынша
шығармашылық емтихан өткізу
БАҒДАРЛАМАСЫ
І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
1. Шығармаларды орындау:
– екі түрлі контрасттық шығармаларды дирижерлау (симфонияның бір бөлімі, увертюра, поэма);
– комиссияның таңдауы бойынша фортепианалық шығармаларды жатқа ойнап беру;
2. Дыбыстық талдау (интервалдар, аккордтар, 1-дәрежелі туыстық модуляциялар).
3. Коллоквиум келесі сұрақтарды қамтиды:
– орындалатын шығарма бойынша композиторлардың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы (композиторлық стилінің, жанрының, шығармасының сипаттамасы);
– музыкалық-теориялық пәндер мен опералық және симфониялық әдебиеті бойынша жалпы музыкалық дүние танымы.
II. ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Гармония – жазбаша: аккордтық емес дыбыстармен альтерацияны қолдана отырып, туыстық тональділікке ауытқулары бар кезең түріндегі біртональді тапсырма.
Сольфеджио – жазбаша: туыстықтың I дәрежесіне модуляциясы бар гармониялық жазбаның 3 дауысты диктанты.
Тапсырушыларға арналған
шығармашылық емтиханды бағалау критерилері
I – шығармашылық емтихан
36-50 Өте жақсы:
Өтініш берушінің жарқын музыкалық деректері бар, мануалдық техникасының барлық әдістерін және музыкалық аспапты еркін меңгерген, авторлық мәтінді сауатты оқитын, туындының мазмұны туралы хабардар, дүниетанымы кең, музыка тарихы мен орындаушылық өнерді терең меңгерген
21-35 Жақсы:
Өтініш берушінің жақсы музыкалық деректері бар, қолдың мануалдық техникасының әдістерін және музыкалық аспапты қанағатпен меңгерген, авторлық мәтінді сауатты оқитын, туынды мазмұны туралы хабардар, мазмұнды, бірақ коллоквиум жауаптары толық аяқталмаған
5-20 Қанағаттанарлық:
Талапкердің музыкалық деректері мен музыкалық аспапта ойнауының орташа болуы, орындалатын шығарманың стилі мен мазмұнын нашар түсінуі, коллоквиумға нашар жауап беруі, дүние танымының шектеулі болуы
0-4 Қанағаттанарлықсыз:
Талапкерде музыкалық деректердің жоқ болуы және аспапта ойнау қабілетінің болмауы. Оқуға тусу үшін қойылған талаптарға бағдарламасы сай емес. Коллоквиум сұрақтары бойынша білімі нашар.
Тапсырушыларға арналған
шығармашылық емтиханды бағалау критерилері
II – шығармашылық емтихан
36-50 Өте жақсы:
Диктантты толығымен дұрыс жазу; музыканың қарапайым теориясы курсының тақырыптарын терең білу; гармониялық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; үйлесімді тізбекті ойнаудағы еркіндік.
21-35 Жақсы:
Диктантта мардымсыз және ырғақты қателіктердің болуы; музыка теориясының теориялық курсында тақырыптарды жақсы білу; гармониялық дәйекті ойнаудың шеберлігі.
5-20 Қанағаттанарлық:
Диктант жазудағы маңызды қателіктер; музыканың қарапайым теориясының теориялық курсы тақырыптары туралы орташа білім; гармониялық талдаудағы функциялардың дұрыс анықталмауы; гармониялық тізбекті ойнаудың жеткіліксіз дағдылары.
0-4 Қанағаттанарлықсыз:
Диктантты жазу, модуляциялар мен дәйектіліктерді ойлау қабілетінің болмауы; музыканың қарапайым теориясының теориялық курсында тақырыптарды білу деңгейінің төмендігі.