Menu HELPDESK

Ұйғыр халық аспаптары

«6В02121 – ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ӨНЕРІ»

Ұйғыр халық аспаптары

(рабаб, чанг, тамбур, нәй, дутар)

 

І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН


 

Бағдарламаны орындау:

1. Күрделі формадағы 1 шығарма (концерт I-II-III бөлімдері, соната, фантазия т.б.);

2. Шетел, орыс және Совет композиторларының 1 шығармасы (техникалық мүмкіншілікті көрсету);

3. Қазақстан композиторларының 1 шығармасы (кантилена);

4. Халық аспаптарына арнайы жазылған II немесе III бөлімді халық шығармасы (мұқамдар).

 

 

ІІ. ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН


 

Сольфеджио – жазбаша: хроматизмдермен, альтерациямен, ауытқулармен немесе туыстықтың бірінші дәрежелі тональділіктегі модуляциямен кезең түріндегі 1 дауысты диктант.

Гармония – билеттер бойынша ауызша (диатоникалық немесе хроматикалық секвенция; туыстықтың I дәрежелі үндестікте модуляциясы бар кезең немесе бір тонды құрылым; шағын туындыны талдау).

 


Талапкерлерге арналған

шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері:

І шығармашылық емтихан


 

36-50 Өте жақсы:

Талапкердің орындаушылық шеберлік деңгейінің жоғары талапқа сай келуі, артистизмі, техникалық шеберлігі, шығармалардың авторлық мәтінін сауатты орындалуы.

21-35 Жақсы:

Шығармалардың орындаушылық жоспарын түсіне орындау, нота мәтінін нақты білу, музыкалық стилін ұстану. Бірақ, техникалық-динамикалық еркіндік ойдағыдай емес, дыбыс сапасы мен түрлілігі онша байқалмайды.

5-20 Қанағаттанарлық:

Бағдарламадағы шығармаларды тұрақсыз орындау, шығармалардың стилі мен мазмұнын түсінбеу, дыбыс бояуын жеткіліксіз меңгеруі (дыбыс алу, динамика, фразировка, ритм, есту қабілетін қадағалау).

0-4 Қанағаттанарлықсыз:

Тоқтау, мәтіндегі қателіктер, орындаушылық аппаратының тырысуы, тұрақсыздық, белсенділіксіздігі, дыбыс бояуы, техникалық және көркемдік құралдарының жеткіліксіз меңгеруі, түсуге арнайы бағдарламаның міндетті деңгейге сәйкес келмеуі.

 


Талапкерлерге арналған

шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері:

ІІ шығармашылық емтихан

 


36-50 Өте жақсы:

Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын еркін меңгеру;

21-35 Жақсы:

Диктантта шамалы дыбыстық және ритмикалық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы білу.

5-20 Қанағаттанарлық:

Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру заңдылықтарын білмеуі мен дағдыларының жеткіліксіздігі.

0-4 Қанағаттанарлықсыз:

Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі; музыканың қарапайым теориясының теориялық курсында тақырыптарды білу деңгейінің төмендігі.