Menu HELPDESK

Бос гранттар

Жоғары білім алу үдерісінде бос білім беру грантын тағайындау туралы ақпарат

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары, оның ішінде батыс, халық тығыз орналасқан және жаңадан құрылған өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.

      Конкурс бүкіл оқу кезеңінде үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша куәлік беріле отырып өткізіледі.

      ЖЖОКБҰ ұйымның сайтында (білім беру порталында) босаған білім беру гранттарының санын көрсете отырып, ашық конкурс туралы хабарландыру орналастырады.

      Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- ("өте жақсы") білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалар, бұдан әрі – аралас бағалар.

      Босаған білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ақылы негізде білім алып жатқан білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына өзінің GPA балын ашық қолжетімді болатындай жариялауға келісімін көрсете отырып, одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;

      2) ЖЖОКБҰ кадрларды даярлау бағыттары, білім беру бағдарламаларының топтары мен курстары бөлінісінде GPA балын көрсете отырып, босаған гранттарға үміткерлердің деректерін ұйымның сайтында (білім беру порталында) орналастырады;

      3) келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қаралады;

      4) ЖЖОКБҰ ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі негізінде тиісінше ағымдағы жылғы 5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде босаған білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жолдайды. Тізімге білім алушы өтінішінің көшірмесі, ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесі шешімі, білім алушының транскрипті, білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтан үзінді, оның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) мен оқудан шығару туралы бұйрықтан үзінді қоса беріледі;

      5) үміткерлердің болмауына байланысты ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға ұсынылған босаған білім беру гранттарын комиссия конкурстық негізде қайта бөледі;

      6) конкурс басқа ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде білім алып жатқан, конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған білім алушылар арасында білім беру бағдарламаларының топтары, курс бөлінісінде, бүкіл оқу кезеңінде GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша өткізіледі;

      7) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламаларының топтары, оқуға түскен жылын ескере отырып, оқу нысаны мен мерзімі бөлінісінде қарайды және шешім оң болған жағдайда босаған білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру бағдарламаларының топтары бойынша үміткерлер болмаған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары даярлық бағытының немесе білім беру саласының ішінде қайта бөлінеді);

 


https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033345


Бос гранттар тізімі 

Құрметті студенттер!

Босаған мемлекеттік білім гранттарына конкурсқа қатысу үшін өтініш қабылдау жалғастыруда. (өтініш үлгісі «Платонус» жүйесіндегі бас мәзірде «Хабарландырулар» бөлімінде тіркелген)

 Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарының саны (2025 жылғы 08 қаңтардағы жағдай бойынша)


2025 жылғы 08 қаңтар



ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ МАГИСТРЛЕР!


Босаған мемлекеттік білім гранттарына конкурсқа қатысу үшін өтініш қабылдау жалғастыруда. Өтініштер 2021 жылдың 29 желтоқсанға дейін «Платонус» жүйесінде БАҚКО модулындағы жеке кабинеті арқылы өтінім беруге болады (өтініш үлгісі «Платонус» жүйесіндегі бас мәзірде «Хабарландырулар» бөлімінде тіркелген)


Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарының саны

2024 жылғы 11 маусым

2023 жылғы 20 желтоқсан

2022 жылғы 23 маусым

2022 жылғы 26 желтоқсан

2023 жылғы 15 маусым


Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарының саны

2021-2022 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясының нәтижелері бойынша бос білім гранттары үшін барлық үміткерлердің тізімі

2021 жылғы 28 желтоқсан



ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ МАГИСТРЛЕР!


Босаған мемлекеттік білім гранттарына конкурсқа қатысу үшін өтініш қабылдау жалғастыруда. Өтініштер 2021 жылдың 20 шілдеге дейін «Платонус» жүйесінде БАҚКО модулындағы жеке кабинеті арқылы өтінім беруге болады (өтініш үлгісі «Платонус» жүйесіндегі бас мәзірде «Хабарландырулар» бөлімінде тіркелген)

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде
босаған бос білім беру гранттарының саны


2021 жылдың 13 желтоқсанына
2021 жылдың 12 шілдесіне
2020 жылдың 11 желтоқсанына
2020 жылдың 01 маусымына
2019 жылдың 11 наурызына
2019 жылдың 26 қарашасына


Бос білім гранттарына үміткерлер тізімі 

2023-2024 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясының нәтижесі бойынша
2023-2024 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша
2022-2023 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша
2022-2023 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша
2020-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша




2019 жылғы бос білім гранттарын беру туралы бұйрық

2018-2019 жж. оқу жылының бос білім гранттар иегерлері

Білім алу процессінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрық