МУЗЫКАТАНУ
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ: «8D02101 – МУЗЫКАТАНУ»
Докторантураға түсушілер шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынған жағдайда ғана қабылдау жүзеге асыралады.
1. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Мамандық бойынша шығармашылық емтиханға билет және жазу жұмысы бойынша жауап кіреді.
Билет бойынша жауап
Билеттерде тарихи пәндер (шетел музыкасының тарихы, замануи музыкасының тарихы, қазақ музыкасының тарихы); теоретикалық пәндер (музыка теориясы, гармония, полифония, музыкалық туындыларды талдау); әдебиет бойынша үш-үш сұрақтан берілген.
Музыка тарихы бойынша сұрақтар:
1. Эволюциялық музыкатану заманауи ғылымның өзекті бағыты ретінде.
2. Музыкалық археология және оның музыканың ертедегі тарихы туралы түсініктерді жаңғыртудағы рөлі.
3. Антикалық нотация жүйелері: сына жазулы хурриттік, әріптік гректік, қытайлық.
4. Пифагор және оның музыкалық-теоретикалық жүйесі.
5. Боэций және оның музыкалық-теоретикалық жүйесі.
6. Григориандық ән шырқау жүйесі және XX-XXI ғасырлардағы ертедегі христиандық интонирлеуді реконструкциялау тәжірибелері.
7. XIII-XV ғасырлардың еуропалық музыкасындағы ауызша және жазбаша кәсіпқойлық.
8. Ренессанс және Барокко – XVI-XVII ғасырлардың композициялық ойы мен жанрлық жүйесінің трансформациясы.
9. Иоганн Себастьян Бах және оның XVIII-XXI ғасырлардың музыкасындағы мұрасы.
10. Мангейм мектебі мен Веналық классицизмнің тарихи сабақтастығы.
11. Романтизм дәуірінің музыкасындағы ұлттық бастаудың рөлі. Ұлттық композиторлық мектептер.
12. XX ғасырдың бірінші жартысының музыкасындағы модернизм: тарихи алғышарттары, көркемдік ағыстар, негізгі фигуралар.
13. Жаңа веналық мектеп: тарихы, композициялық принциптері, ХХ ғасырдың музыкасындағы мәні.
14. Қудалауға ұшыраған өнер: XX ғасырдың бірінші жартысындағы тоталитаризм және оның Ресей, Германия, Италия, Жапония мен басқа елдердің музыкасындағы салдары.
15. Жаңа музыканың Дармштадтық курстарының тарихы және мәні.
16. XX ғасырдың екінші жартысының музыкасындағы аспаптық театр феномені.
17. Джон Кейдж, оның үзеңгілестері және XX-XXI ғасырлардың композиторларының музыкасындағы мұрасы.
18. Қазақтың ғұрыптық фольклоры XX ғасырдың екінші жартысының отандық этномузыкатанушыларының жіктемелерінде (Б.Ерзакович, А.Құнанбаева, А.Мұхамбетова, С.Елеманова).
19. XIX ғасырдың соңының – XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың халықтық-кәсіби ән өнері: дәстүрлердің орнықтылығы және трансформациясы.
20. Батыс Қазақстан күйлерінің дәстүрлі композициялық терминологиясының концептілері және Орталық Азияның аспаптық музыкасындағы олардың параллельдері.
21. Қазақтың музыкалық-речитативтік дәстүрі: негізгі проблемалары және зерделеу әдістері.
22. Алғашқы қазақ опералары XX ғасырдың бірінші жартысындағы опера өнері мен ұлттық музыкалық мәдениеттің даму контекстінде.
23. 1940-1990 жылдардағы Қазақстан композиторларының симфониялық музыкасында қазақ күйлерінің ерекшеліктерін бітімдеу жолдары.
24. Қазақстан композиторларының камералық-аспаптық музыкасының дамуының негізгі кезеңдері.
25. Қазақтың ұлттық аспаптарын зерделеудің негізгі кезеңдері. Б. Сарыбаевтың қызметінің мәні.
Музыка теориясы бойынша сұрақтар:
1. Полифонияның тарихи дамуының негізгі кезеңдері.
2. Қайта өрлеу дәуірінің полифониясы.
3. Барокко дәуірінің полифониясы.
4. И.С.Бах пен Г.Ф.Гендельдің фугасының формалық түзілуі.
5. Бетховеннің шығармашылығындағы фуганың симфонизациясы.
6. Батысеуропалық романтиктердің полифониясы.
7. ХХ ғасырдың композиторларының музыкасындағы полифония (Шостакович, Хиндемит, Стравинский).
8. Қазақстан композиторларының шығармашылығындағы полифония.
9. Мәнерлік жүйе. Негізгі категориялар мен ұғымдар.
10. Орталықтандырылған мәнерлік жүйелердің функционалдық құрылымдары.
11. Диатоника және хроматика. Теоретикалық концепциялары.
12. Классикалыққа дейінгі және заманауи музыкадағы модальдық гармония (негізгі принциптері мен белгілері).
13. Политональдық және полимодальдық – типологиясы мен жіктемесі.
14. Романтикалық гармония.
15. XIX ғасырдың орыс музыкасындағы гармония.
16. ХХ ғасырдың музыкасындағы хроматикалық тональдық (құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылу принциптері).
17. Орыс композиторларының шығармашылығындағы симметриялық мәнерлер (Глинка, Лядов, Римский-Корсаков, Скрябин, Стравинский).
18. Жаңа веналық мектептің атональдығы және додекафониясы.
19. Музыкалық стиль және стильдік талдау.
20. Музыкадағы көркемдік бейнелілік құралдары.
21. Формада бөліктерді баяндау типтері және функциялары.
22. Музыкалық материалдың дамуының әмбебап принциптері.
23. Аспаптық музыкадағы ән формалары.
24. Рондо формасы және рондальдық формалар: генезисі, типологиясы, тарихи трансформациясы.
25. Сонаталық форманың генезисі және эволюциясы.
Әдебиет бойынша сұрақтар:
1. Ерзакович Б.Г. Қазақ халқының өлең мәдениеті. А., 1966.
2. Аманов Б., Мұхамбетова А. Қазақтың дәстүрлі музыкасы және ХХ ғасыр. А., 2001.
3. Құнанбаева А. «Жанрлық дубльдер» дәстүрлі мәдениет универсалиясы ретінде // Ауызша дәстүр өнері. Тарихи морфология: И.И. Земцовскийдің 60 жылдығына арналған мақалалар жинағы. СПб., 2002. Б.55-62.
4. Халыкзаде Ф. «Китаби-деде-Коркуд» зерделеудің музыкалық аспектілері // Қорқыт және ұлы дала сазы. А., 2011. Б.14-22.
5. Сарыбаев Б. Қазақтың музыкалық аспаптары. А., 1978.
6. Өтеғалиева С.И. Түркі халықтары музыкасының үн әлемі. М., 2013.
7. Джумакова У.Р. 1920-1980-ші жылдардағы Қазақстан композиторларының шығармашылығы. Тарихы, мағынасы мен құндылығы проблемалары. Астана, 2003.
8. Музыкалық аспаптар және аспаптық музыка. 2 томдық. М.Л., 1987.
9. Қазақстандық музыкатанушылардың дәстүрлі аспаптық музыка проблемалары жөніндегі жұмыстары.
10. Қазақ музыкасының тарихы жөніндегі очерктер. А., 1962.
11. Арнольд Шёнбергтің шығармашылығы С.Павлишин мен Н.Власованың кітаптарында.
12. ХХ ғасырдың музыкасындағы гармония Л.Дьячкованың, Н.Гуляницкаяның және Ю.Холоповтың кітаптарында.
13. Ю.Холоповтың еңбектеріндегі музыкалық-теоретикалық жүйелер.
14. Когоутек Ц. ХХ ғасырдың музыкасындағы композиция техникасы.
15. XX ғасырдың музыкасындағы форма Т.Кюрегян, Г.Григорьева мен В.Холопованың еңбектерінде.
16. П.Хиндемиттің композициялық принциптері Н.Бать пен И.Тер-Оганезованың еңбектерінде.
17. Орыс музыкасының тарихы және орыс-кеңес композиторларының шығармашылық портреттері В.Холопованың еңбектерінде.
18. Симакова Н. Қатаң стиль контрапункты және фуга. М., 2007.
19. А.Соколовтың XX ғасырдың музыкалық композициясы жөніндегі еңбектері.
20. А.Чугаев, А.Должанский, К.Южактың жұмыстарындағы фуганың формалық түзілімі.
21. Ю.Евдокимованың полифония тарихы.
22. В.Протопоповтың аспаптық формалар тарихы.
23. Шетелдік музыка тарихы. XX ғасыр. Н.Гавриловтың редакциясында.
24. В.Дж.Коненнің музыкалық-тарихи мұрасы.
25. Н.Шахназарованың еңбектеріндегі музыкалық кәсіпқойлық концепциясы.
Жазбаша жұмыс
Туындының біртұтастық талдамасы (партитура, клавир).
Жазу уақыты – 5 академиялық сағат.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Мамандық бойынша шығармашылық емтиханның ең жоғарғы бағасы 50 баллды құрайды. Ең төменгі өту балы – 25.
- 45-50 балл (өте жақсы)
Талапкер кең музыкалық эрудицияны көрсетуі керек, теориялық білім, аналитикалық ойлау, практикалық кәсіби дағдылар.
- 36-44 балл (жақсы)
Талапкердің білімі нақты, материалды баяндау логикасы анық және сенімді, жазбаша жұмыс мамандықты жеткілікті меңгеруін көрсетеді (ережелерді сақтау, шығармашылық идея, ойды іске асыру дәлдігі). Бірақ ол музыканың тарихы мен теориясы мәселелерінде әлсіз бағдарланады, музыканың негізгі үрдістері туралы жеткілікті хабардар емес, тұжырымдарда өзін-өзі ұстамайды, жүйелі ойлай алмайды.
- 25-35 балл (қанағаттанарлық)
Құбылыстарды, шығармаларды, процестерді талдау дағдысының әлсіз болуы; материалды баяндаудағы логикалықтың жеткіліксіздігі; музыкатану әдіснамасы, тарихы және теориясы мәселелері бойынша білімнің жеткіліксіздігі. Музыкалық-теориялық пәндердің практикалық формаларындағы орташа дағдылар.
- 0-24 балл (қанағаттанарлықсыз)
Құбылыстарды, шығармаларды, процестерді талдау дағдысының болмауы; материалды баяндауда қисындылықтың болмауы. Музыкалық-теориялық пәндердің практикалық формаларында дағдылардың болмауы.
2. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН – РЕФЕРАТТЫ ҚОРҒАУ
Рефератқа қойылатын талаптар:
1. Зерттеудің тақырыбы мен мазмұны мамандық бейініне сәйкес келуі керек;
2. Реферат қазақ немесе орыс тілдерінде орындалады;
3. Рефераттың бет көлемі 20-25 беттен төмен емес болуы керек;
4. Рефератта көрсетуі тиіс қажетті мәліметтер:
· тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы көрсетілуі тиіс;
· зерттеу мақсаты, міндеттері, объектісі мен пәнін қою;
· ғылыми гипотеза және әзірлеуге шығарылатын ережелер;
· зерттеу әдіснамасы;
· күтілетін нәтиже, зерттеудің практикалық маңыздылығы.
· шешілмеген мәселелер мен мәселелерді сипаттау мақсатында соңғы жарияланымдар мен зерттеулерді талдау;
· Рефератқа дереккөздердің толық шығу деректері көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі (атауы, шыққан жері және жылы, беттер саны) қоса беріледі;пайдаланылған дерек көздер (30 кем емес) шыққан жерін көрсету(атауы, жері, шыққан жылы, бет көлемі)
5. Рефераттың дәйексөз материалы ғылыми жұмыстардың нормативтеріне сәйкес ресімделеді (әдеби дереккөзі көрсетілген сілтемелер, бет нөмірі міндетті);
6. Дәйексөз материалы реферат мәтінінің жалпы көлемінің 20%-ынан аспауы тиіс;
7. Ноталық мысалдар (егер бар болса) рефератқа қосымша ретінде беріледі және реферат мәтінінің негізгі парағына кірмейді;
8. Мәтін келесі өлшемдерді сақтай отырып, 1 интервалдан кейін басылуы керек: оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, сол жағы – 30 мм, төменгі жағы – 20 мм. Рефераттың беттері бүкіл мәтін бойынша үздіксіз нөмірлеуді сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірленеді. Беттің нөмірі парақтың төменгі оң жағына (бірінші беттен басқа) қойылады.
Рефератты қорғау кезінде зерттеу тақырыбына байланысты музыка теориясы, тарихы және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Рефератты қорғау бойынша шығармашылық емтиханның ең жоғарғы бағасы 50 баллды құрайды. Ең төменгі өту балы – 25.
- 45-50 балл (өте жақсы)
Талапкер өзекті мәселені, жеткілікті эрудицияны, аналитикалық ойлауды, ғылыми аппаратқа ие болуды, проблеманы шешу жолдарын көруді көрсетуі тиіс.
- 36-44 баллов (жақсы)
Талапкер мақсаты мен міндеттерін жақсы құрастырады, зерттеудің негізгі ережелерін қисынды баяндайды. Бірақ бұл ретте қарастырылып отырған мәселенің теориясы, тарихы және әдіснамасы мәселелері бойынша білімнің жеткіліксіз деңгейін көрсетеді.
- 25-35 баллов (қанағаттанарлық)
Зерттеу проблемасының мәнін әлсіз түсіну, жазбаша ғылыми баяндау дағдысын жеткіліксіз меңгеру, жұмыстың өзектілігінің жеткіліксіз дәлелденуі.
- 0-24 баллов (қанағаттанарлықсыз)
Зерттеудің практикалық маңыздылығының болмауы, көлемі аз (10 және одан аз бет), ғылыми аппараттардың әлсіз болуы, тақырыптың мамандық бейініне сәйкес келмеуі.
Барлық сұрақтар бойынша пәндік комиссия хатшысына хабарласуға болады – Бекенова Айжан +7 707 119 0787