Menu HELPDESK

Дәстүрлі музыкалық өнер

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ:

«8D02104 – ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР»


 

Докторантураға түсушілер шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынған жағдайда ғана қабылдау жүзеге асыралады.

 

1.     МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Шығармашылық емтиханға мамандық бойынша концерттік бағдарламаны орындау және ауызша билет жауап кіреді.

 

Концерттік бағдарламаны орындау

Емтиханда 40 минуттан аспайтын еркін концерттік бағдарлама ұсынылады. Концерттік бағдарлама әртүрлі стильдер мен кезеңдерді қамту керек, оның ішінде Қазақстан композиторының шығармасы міндетті.

 

Ауызша билет жауап

Билет екі сұрақтан құрылған: музыка тарихы мен теориясы және мамандықтан.

Музыка тарихы мен теориясы бойынша сұрақтар:

1.       Музыкадағы жанр категориясы.

2.       Полифониялық қатаң хаттың жалпы сипаттамасы.

3.       Музыкалық тілдің элементтері. Әуен. Гармония. Метр және ырғақ. Фактура.

4.       Музыкалық құрылымның классификациясы: негізгі түрлері.

5.       Бағдарламалықтың түрлері, бағдарламалық шығармалардың жанрлары мен құрылымы.

6.       ХХ ғасы музыкасындағы полифония құрылымы.

7.       Фактура, оның түрлері мен функциялары.

8.       Ұлттық композиторлық мектептер.

9.       Драматургияның эстетикалық принциптері мен заңдары, Вена классикалық мектебінің музыкалық тілі.

10.   XIX-XXғғ. тоғысындағы орыс музыка мәдениеті.

11.   XX-XXIғғ. шетел музыка мәдениетінің даму көрінісі. Негізгі көркемдік ағымдары мен бағыттары.

12.   Қазақ музыкалық мәдениетіндегі концерттік жанр эволюциясы.

13.   Қазақ халқы ән жанрының даму тарихы (ХІХғ.).

14.   ХХ-XXIғғ. көпшілік музыка мәдениеті.

15.   П.Чайковский мен Н.Римский-Корсаковтың опералық шығармашылығы.

16.   Абай Құнанбаевтың музыкалық мұрасы, оның музыкалық-поэтикалық реформасы.

17.   Қазақ музыкалық фольклорының жанрлық жүйесі.

18.   Қазақстан музыкалық мәдениетінің дамуындағы А.Жұбановтың шығармашылық қызметі.

19.   Қазақтың әдет-ғұрып фольклоры.

20.   С. Мұхамеджанов шығармашылығындағы ұлттық дәстүр.

21.   Әл-Фарабидің музыка туралы трактаты.

22.   Қазақ операсының жанр эволюциясындағы дамуы.

23.   Қазақтың дәстүрлі аспаптық музыкасы. Мектептер мен дәстүрлер.

24.   ХХ ғасыр композиторлары шығармашылығындағы қазақ симфониялық музыкасы

25.   Қазақстан композиторлары музыкасындағы камералық-аспаптық шығармашылық.

Мамандандырылу бойынша сұрақтар:

1.       ХХ ғасырдың көрнекті орындаушылары (таңдаған мамандық бойынша).

2.       Таңдаған мамандық бойынша басты зерттеулер мен еңбектер.

3.       Түркітілдес халықтарының туыстас аспаптары (таңдаған мамандық бойынша).

4.       Дәстүрлі музыканы үйрету әдістері (таңдаған мамандық бойынша).

5.       Қазақ музыкалық фольклоры: өткені мен бүгіні (таңдаған мамандық бойынша).

6.       ХХ ғасырдың композиторлық техникалары мен орындаушылық шеберлік (таңдаған мамандық бойынша).

7.       Музицирлеудің камералық-ансамбльдік формалары (таңдаған мамандық бойынша).

8.       Кәсіби дағдыларды шыңдау жұмыстарының ерекшеліктері (таңдаған мамандық бойынша).

9.       Артикуляциялық-қағыстық мәдениеттің қалыптасуы мен даму мәселелері (таңдаған мамандық бойынша).

10.   Орындаушылық өнердегі суырып салма қасиеті (таңдаған мамандық бойынша).

11.   Жоғары білім берудегі музыкалық-педагогикалық үдерістің ерекшелігі (таңдаған мамандық бойынша).

12.   Орта кәсіби білім берудегі музыкалық-педагогикалық үдерістің ерекшелігі (таңдаған мамандық бойынша).

13.   Бастауыш білім берудегі музыкалық-педагогикалық үдерістің ерекшелігі (таңдаған мамандық бойынша).

14.   Орындаушының музыкалық шығармамен жұмыс жасау түрлері .

15.   Музыкалық шығармамен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдері.

16.   Еліміздің негізгі орындаушылық ұжымдары мен мәдени орындарына шолу

17.   Интерпретация – көркемдік ойлаудың феномені ретінде.

18.   Шығарма интерпретациясының қалыптасуындағы жеке аспекттер.

19.   Орындаушылық өнер тарихындағы интерпретация (таңдаған мамандық бойынша).

20.   Қазақстанның көрнекті орындаушылары.

21.   Қазақстанның орындаушылық мектептері (таңдаған мамандық бойынша).

22.   Қазақстанның заманауи музыкатануы.

23.   Орындаушылық репертуардағы Қазақстан композиторларының шығармалары (таңдаған мамандық бойынша).

24.   Музыкалық аспаптар классификациясы. Конструкциясының ерекшеліктері және таңдаған мамандығы бойынша дыбыс шығару.

25.   Жоғары білім беру жүйесіндегі орындаушының кәсіби құзіреттілігі.

 

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Мамандық бойынша шығармашылық емтиханның ең жоғарғы бағасы 50 баллды құрайды. Ең төменгі өту балы – 25.

-       45-50 балл (өте жақсы)

Талапкер жарқын музыкалық мәліметтерді, орындаушылық қабілеттерін, стилін, орындаушылық интонациялаудың мәдениетін көрсетуі тиіс. Емтиханның ауызша түрінде талапкер музыкалық, теориялық білімінің, аналитикалық ой-өрісінің кеңдігін көрсетуі абзал.

-          36-44 балл (жақсы)

Талапкердің орындауы мағыналы, авторлық мәтін нақты оқылған, стилистикалық түрде сақталған. Бірақ бұл ретте ол техникалық еркіндікті көрсетпейді, орындау әртүрлілігі мен сапасымен ерекшеленбейді. Емтиханның ауызша түрінде талапкердің білімі нақты, тақырыпты логикалық тұрғыда айқын, нанымды жеткізе біледі. Дегенмен, музыка тарихы мен теория сұрақтары бойынша түсінігі аз, музыкатанудың кілттік үрдістерін толыққанды білмеуі, өз ойын тұжырымдай алмауы, ойлау қабілеті жүйелі емес.

-          25-35 балл (қанағаттанарлық)

Орындалатын шығармалардың стилистикасы мен мазмұнын нашар түсіну, музыкалық интонациялаудың мәнерлі құралдарын жеткіліксіз меңгеру (интонация, есту, фразировка, ритм. Емтиханның ауызша түрінде шығармаларды, процестерді талдап жіктеу дағдылары нашар; материал жүйелілігінің логикалық тұрғыдан қарағанда жеткіліксіз болуы; музыка тарихы мен теориясы және әдістемелік мәселелер бойынша білімнің төмен болуы.

-         0-24 балл (қанағаттанарлықсыз)

Төзімділіктің, бастаманың, ырғақтық ерік-жігердің болмауы, интонациялаудың техникалық және көркем құралдарын нашар меңгеруі, бағдарламаның түсу үшін қажетті деңгейге сәйкес келмеуі. Емтиханның ауызша түрінде талдап жіктеу дағдылары нашар; материал жүйелілігінің логикалық тұрғыдан қарағанда жеткіліксіз болуы.

 

2.     ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН – РЕФЕРАТТЫ ҚОРҒАУ

Рефератқа қойылатын талаптар:

1.     Зерттеудің тақырыбы мен мазмұны мамандық бейініне сәйкес келуі керек;

2.     Реферат қазақ немесе орыс тілдерінде орындалады;

3.     Рефераттың бет көлемі 20-25 беттен төмен емес болуы керек;

4.     Рефератта көрсетуі тиіс қажетті мәліметтер:

·        тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы көрсетілуі тиіс;

·        зерттеу мақсаты, міндеттері, объектісі мен пәнін қою;

·        ғылыми гипотеза және әзірлеуге шығарылатын ережелер;

·        зерттеу әдіснамасы;

·        күтілетін нәтиже, зерттеудің практикалық маңыздылығы.

·        шешілмеген мәселелер мен мәселелерді сипаттау мақсатында соңғы жарияланымдар мен зерттеулерді талдау;

·        Рефератқа дереккөздердің толық шығу деректері көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі (атауы, шыққан жері және жылы, беттер саны) қоса беріледі;пайдаланылған дерек көздер (30 кем емес) шыққан жерін көрсету(атауы, жері, шыққан жылы, бет көлемі)

5.     Рефераттың дәйексөз материалы ғылыми жұмыстардың нормативтеріне сәйкес ресімделеді (әдеби дереккөзі көрсетілген сілтемелер, бет нөмірі міндетті);

6.     Дәйексөз материалы реферат мәтінінің жалпы көлемінің 20%-ынан аспауы тиіс;

7.     Ноталық мысалдар (егер бар болса) рефератқа қосымша ретінде беріледі және реферат мәтінінің негізгі парағына кірмейді;

8.     Мәтін келесі өлшемдерді сақтай отырып, 1 интервалдан кейін басылуы керек: оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, сол жағы – 30 мм, төменгі жағы – 20 мм. Рефераттың беттері бүкіл мәтін бойынша үздіксіз нөмірлеуді сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірленеді. Беттің нөмірі парақтың төменгі оң жағына (бірінші беттен басқа) қойылады.

Рефератты қорғау кезінде зерттеу тақырыбына байланысты музыка теориясы, тарихы және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.

 

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Рефератты қорғау бойынша шығармашылық емтиханның ең жоғарғы бағасы 50 баллды құрайды. Ең төменгі өту балы – 25.

-          45-50 балл (өте жақсы)

Талапкер өзекті мәселені, жеткілікті эрудицияны, аналитикалық ойлауды, ғылыми аппаратқа ие болуды, проблеманы шешу жолдарын көруді көрсетуі тиіс.

-          36-44 балл (жақсы)

Талапкер мақсаты мен міндеттерін жақсы құрастырады, зерттеудің негізгі ережелерін қисынды баяндайды. Бірақ бұл ретте қарастырылып отырған мәселенің теориясы, тарихы және әдіснамасы мәселелері бойынша білімнің жеткіліксіз деңгейін көрсетеді.

-          25-35 балл (қанағаттанарлық)

Зерттеу проблемасының мәнін әлсіз түсіну, жазбаша ғылыми баяндау дағдысын жеткіліксіз меңгеру, жұмыстың өзектілігінің жеткіліксіз дәлелденуі.

-          0-24 балл (қанағаттанарлықсыз)

Зерттеудің практикалық маңыздылығының болмауы, көлемі аз (10 және одан аз бет), ғылыми аппараттардың әлсіз болуы, тақырыптың мамандық бейініне сәйкес келмеуі.

 

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ: 


1.     Қабылдау емтиханының бағдарламасы құжаттарды қабылдау соңына дейін YOUTUBE арнасына сілтеме жасай отырып, қабылдау емтиханының техникалық хатшысына ұсынылады, ол өз кезегінде комиссия мүшелеріне алдын ала танысу үшін сілтемені жібереді;

2.     Түсу емтиханында орындау кезегін алдын ала оқуға түсушілерге жіберіледі;

3.     Баллдарды талқылау барлық тыңдаулардан кейін жүргізіледі, одан кейін есептелген баллдар консерваторияның түсу емтихандарының жауапты хатшысына жіберіледі.

 

БЕЙНЕ ЖАЗУ БОЙЫНША ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

 

1.     Бейнетүсірілім тоқтаусыз, туындыны орындаудың басынан аяғына дейін жүргізілуге тиіс. Шығармалар арасындағы жазбаларда кідіріс жасауға болады. Бейнетүсірілім бейнекамераны өшірмей және тоқтатпай, туындыны орындаудың басынан бастап аяғына дейін, тоқтаусыз және монтажсыз жүргізілуі тиіс. Бағдарламаны орындау кезінде видеода орындаушының қолдары, құралы және беті анық көрінуі керек.

2.     Түсу емтиханының барлық басқа талаптары сақталған жағдайда әуесқойлық форматқа рұқсат етіледі. Бейнежазба техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жіберілген бейне қарастырылмайды.

 

БЕЙНЕ ЖІБЕРУ ТАЛАПТАРЫ:

 

1.     Талапкер бейнеге сілтемені мына поштаға жіберуі керек aizhan-almaty@mail.ru, қабылдау емтихандарының соңына дейін бейнеге ашық қол жетімді болуы керек;

2.     Бейнеге сілтеме жасалған хатта талапкер мыналарды көрсетуі керек: аты-жөні, орындалатын бағдарлама, келіп түсетін кафедра, жеке куәліктің көшірмесі, байланыс деректері (сілтеме немесе бейне проблемалары болған жағдайда);

3.     Бейнежазба сипаттамасында талапкердің аты-жөні және орындалатын бағдарламаны көрсету қажет.

 

Барлық сұрақтар бойынша пәндік комиссия хатшысына хабарласуға болады – Бекенова Айжан

+7 707 119 0787