Біліктілікті жоғарылату және қосымша білім беру бөлімі
Телефон: +7 (727) 338 45 14
Электронды пошта: сonservatory.pk@mail.ru
КОНСЕРВАТОРИЯ БАЗАСЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» біліктілікті жоғарылату курстарына келесі бағдарламалар бойынша тыңдаушыларды қабылдайды:
· «Авторлық курс» бағдарламасы (мамандықты оқыту әдістемесі) - 72 сағат (10 күн) -
(Құрманғазы ат. ҚҰК педагогтарының Авторлық курстарының тақырыптары)
- 48 750 тг
- 40 000 тг (тыңдаушылар тобында – 6 адамнан кем емес)
· «Мамандық» бағдарламасы 180 сағат (30 күн) - 118 625 тг;
· «Тағылымдама» бағдарламасы 120 сағат (1 жыл) - 313 625 тг;
· «Көшпелі шеберлік-сыныбы» бағдарламасы 36 сағат (3 күн) – 18 500тг.
Сондай-ақ арнайы онлайн-курс өткізеді:
· «Онлайн оқыту: мүмкіндіктер және практикалық қолдану» 72 сағат бұл курс PLATONUS-пен жұмыс істеу (тапсырмаларды, оқу кейстерін және тестілерді жүктеу), электрондық кітаптар мен онлайн-лекцияларды әзірлеу, оның ішінде музыкалық-теориялық және музыкалық-тарихи мәселелер бойынша тақырыптарды қамтиды.
Курс жүргізушілері:
- Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент - Ш.А.Аманжолова;
- Аға оқытушы, өнертану кандидаты - В.Е.Недлина;
- Аға оқытушы, магистр - К.К.Матжанова.
Тыңдаушылар контингенті:
- өнер және мәдениет саласындағы жоғары және орта кәсіптік білім беру, қосымша білім беру мекемелерінің оқытушылары, басшылары;
- мәдениет және өнер саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы білім беретін мекемелердің педагог қызметкерлері;
- тиісті бағдарлама бойынша біліктілікті арттыруға қажеттілігі бар білім беру және мәдениет жүйесінің өзге де мамандары.
Қосымша кәсіптік бағдарламалар бойынша оқыту оқуға қабылданатын тыңдаушының оқуына ақы төлеуді міндеттейтін жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Өтінім негізінде шақырулар жіберіледі (оф-лайн оқыту кезінде), шоттар беріледі және шарттар ресімделеді.
Рәсімдеу тәртібі:
Оқуға түсушілер құжаттар түпнұсқаларының сканерленген көшірмелерін сonservatory.pk@mail.ru электрондық поштасына жібереді
1. Жеке куәлігі (1ші, 2ші жағын)
2. Білімі туралы дипломдар
3. Тегін өзгерту туралы құжат (жеке куәлік пен дипломдағы деректер айырмашылығы болған жағдайда);
4. Тыңдаушының аты-жөні, Лауазымы, Оқу мерзімі, байланыс деректері, оқу формасы, сондай-ақ ұйымның мекен-жайы мен банктік деректемелері көрсетілген, өз ұйымы басшысының қолы қойылған, оқуға түсуші толтырған және қол қойған өтінім Өтінім (толтыру үлгісі). Содан кейін электрондық пошта арқылы түсушілерге Шарт пен төлем деректемелері жіберіледі.
Төлем төмендегідей жасалуы мүмкін:
· жеке тұлға онымен екіжақты шарт жасасқаннан кейін Каспий банкі арқылы консерваторияның есеп шотына қаражатты аудару жолымен;
· заңды тұлға қолма-қол ақшасыз есеп айырысу формасында, ол үшін консерваториямен шарт жасасу қажет, оның негізінде шот ұсынылады (шарттың қол қойылған және тиісті түрде ресімделген данасын тыңдаушы түпкілікті ресімдеу үшін келген кезде ұсынады не болмаса оны онлайн оқыту кезінде жібереді).
Төлем туралы мәлімет (төлем көшірмесі) сonservatory.pk@mail.ru
адресіне жіберілсін.
5. Шартты басып шығару, толтыру, қол қою және кері жіберу қажет.
Барлық құжаттар жиналғаннан кейін төлем жүргізіледі, Шарт жасалады, онлайн оқытуға қол жеткізу үшін курс жетекшілерінің кілттері мен парольдері жіберіледі.
БА бойынша оқу бағдарламасын орындаған және емтиханды сәтті тапсырған тыңдаушыларға емтихан хаттамасының негізінде курстан өткені туралы белгіленген үлгідегі Сертификат беріледі.
Назар аударыңыз!
Электронды және пошталық адрестер қатесіз көрсетілуі керек!
Біліктілікті арттырудың қосымша кәсіби бағдарламалары бойынша оқу мерзімі әр түрлі болуы мүмкін...
Біліктілікті жоғарылату бағдарламалары жөніндегі мамандар:
Бөлім менеджері: Толегенова Гульнур Каиртаевна, телефон: +7 708 110 20 98;
БЖҚБ бөлім басшысы: Баймуканова Анара Нуржановна, телефон: +7 701 807 99 96.