Магистратураға түсетін құжаттар тізімі
Магистратураға түсуші тұлғалар консерваторияның Қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
- ұйым басшысының атына өтініш (1 қосымша);
- білім туралы құжат қосымшасымен бірге (түпнұсқасы);
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық құжаттаманы ұсынады. Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынылады;
- кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын нотариалды куәландырылған құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
- ғылыми-шығармашылық портфолио (бар болған жағдайда) (2 қосымша);
- осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес шет тілін меңгеруге тест тапсырғанын растайтын халықаралық сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса);
- талаптарға сәйкес болашақ магистрлік диссертацияның тақырыбы бойынша реферат (3 қосымша);
- емтиханда орындалатын шығармалар тізімін (орындаушылар үшін);
- КТ үшін төлем туралы түбіртек;
- құжат тігілетін папка (кәдімгі қағаз түрі), орташа конверт, 6 файл.
Қабылдау 2025