Консерватория жаңалықтары

Бибігүл Төлегенованың ХII Халықаралық вокалистер байқауы 2025 жылдың 10 мен 19 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында өтеді. Байқауға 1990 жылдың 1 қазаны мен 2006 жылдың 1 қазаны аралығында дүниеге келген әншілер қатыса алады.


2025 жылғы 03 қыркүйекте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыкатану, Арт-менеджмент және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер факультетінің музыкатану және композиция кафедрасының үшінші курс студенттері Артемий Пестов (композиция) және Мейірпаш Наурызбаева (музыкатану) сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде оқу үшін Өзбекстан мемлекеттік консерваториясына (Ташкент, Өзбекстан) келді.

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының конференц-залында оқу орнының ұжымы ректор Гаухар Қошқарбекқызы Тасбергенованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын тыңдады.

