Menu HELPDESK

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық – білімнің жаңа көкжиегі» атты дөңгелек үстел өтті

2020 жылдың 27 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы кітапханасының оқу залында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық – білімнің жаңа көкжиегі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел ҚҰК оқытушылары мен студенттерін кітапхана қорындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы аясында жарық көрген кітаптармен таныстырауға, олардың мазмұны мен оқу үдерісінде қолданудағы маңызын айқындауға бағытталды. Дөңгелек үстелдің жұмысына Құрманғазы атындағы ҚҰК кітапханасы ұжымы, арт-менеджмент, музыкалық білім беру және психология, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраларының оқытушылары қатысты.
ҚҰК кітапханасының Әдебиеттерді жинақтау және каталогизациялау бөлімінің жетекшісі Б.Д.Дүйсекова дөңгелек үстелге қатысушыларды кітапхана қорындағы жоба бойынша шыққан әдебиеттермен таныстырып шықты, оларды оқу мүмкіндіктерін көрсетті, оқу залындағы кітаптар көрмесінің жүйелі түрде жұмыс істейтінін атап өтті. Арт-менеджмент, музыкалық білім беру және психология, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраларының оқытушылары менеджмент, маркетинг, психология, философия, мәдениеттану, тарих, тіл білімдеріне қатысты оқулықтарды жеке-жеке қарастырып, олардың білім алушылар үшін қажеттілігі мен маңыздылығына ерекше мән берді. Оқытушылардың ойынша, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы аясында жарық көрген кітаптар білім беру үдерісіне жаңа мазмұн беретіні сөзсіз.











Альбомдарға оралу