Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында коронавирустың алдын алу шаралары бойынша жиналыс өтті.
2 наурыз 2020
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Қытай Халық Республикасында тіркелген коронавирус инфекциясына байланысты мәжіліс залында факультет декандары, кафедра меңгерушілері және бөлім басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді. Жиналыста ректор Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жолдаған коронавирустық күдік бар науқастарды анықтау кезінде жүргізілетін санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шаралардың алгоритмімен таныстырды.
-Бүгінде елімізде ресми ақпарат бойынша коронавирусты жұқтырған адамдар жоқ. Бірақ бұл ауыр індеттің әлем елдеріне таралып жатқаны баршамызға мәлім. Қазір еліміздің барлық өңірлерінде вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, біз консерватория қабырғасында да ауруға қарсы сақтық шараларды жүргізуіміз керек, - деді сөзінде Арман Әділханұлы.
Ректор осы мәселеге байланысты арнайы комиссия құрып, оқу ғимараттары мен жатақханада санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар және қызметкерлердің шетелдерде өтетін шараларға қатысуларын шектеу, консерватория қабырғасында жоспарланған, көпшілік көп жиналатын шараларды да азайту керектігін айтты.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024