Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатқан XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының алғашқы жеңімпаздары анықталды
5 наурыз 2020
Қымбатты достар! 2020 жылдың 3 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы басталды. Өнер-білім додасында шығармашылық бағыттағы жоғары оқу орындары және басқа да университеттердің музыкалық факультеттерінің студенттері жеті бағыттағы мамандықтар бойынша сайысқа түспек: «Дәстүрлі музыка өнері», «Аспаптық орындаушылық», «Арт-менеджмент», «Музыкалық білім беру», «Дирижерлеу», «Композиция», «Вокалдық өнер».
XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының алғашқы күні «6B02102 – Аспаптық орындаушылық» мамандығы бойынша басталып, алғашқы жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.
«Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша келесі студенттер марапатталды:
I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ - ЖАРЫЛҚАП АИДА
II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - НАУРЫЗБАЕВ БЕКАРЫС ПЕН ЖҮСІП НҰРЖАН
III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - ҚАЗИЕВА МӘНШҮК, АМАНГЕЛДІ МӘДИ ЖӘНЕ ӘМРЕЕВА Е.
Аталмыш номинация бойынша қазылар алқасына Құрманғазы атындағы ҚҰК-сы, "Ішекті аспаптар" кафедрасының меңгерушісі, ҚР халық артисі – Мырзабекова Гаухар Құрманбекқызы төрағалық етті.
Айта кетейік, өнер мен білім додасы консерватория қабырғасында 10 -сәуірге дейін жалғасады.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024