Menu HELPDESK

Арт-менеджмент саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы ІІ Халықаралық студенттер байқауы өтті




2021 жылдың 8-9 сәуір күндері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Арт-менеджмент саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы ІІ Халықаралық студенттер байқауы өтті.
Менеджмент саласындағы мамандандырылған және қызығушылық танытқан студенттердің басын қосқан байқау - Арт-менеджмент саласындағы білім беру қызметінің тиімділігін арттыруға және шоғырландыруға бағытталған іс-шара болды.
Байқаудың мақсаты - студенттердің арт-менеджмент саласындағы интеллектуалды белсенділігін арттыру.
Ұйымдастыру комитеті профильдік бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын практик менеджерлер, жұмыс берушілердің және жоғары оқу орындары өкілдерінің арасынан қазылар алқасын құрды.
Байқау үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
Байқауға қатысушылар - Арт-менеджмент саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы шығармашылық университеттерінің 1-4 курс студенттері (бакалавриат) болды.
Байқау екі кезеңнен тұрды:
1 кезеңде - шығармашылық іс-шараға арналған жобаның презентациясын қорғау;
2 кезеңде - ахуалды басқаруға арналған шығармашылық тапсырмалар.
Байқау Zoom платформасында онлайн режимінде өтті.
Байқауды ұйымдастырған: «ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ.
Байқау жеңімпаздары келесі нәтижелер бойынша марапатталды:
Бас жүлде иегері:
• Төлеу Рауана Бекболатқызы - Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы. «Арт-менеджмент» мамандығы 3 курс студенті. Жобаның тақырыбы – «Spoon Show». Жоба жетекшісі - Малаева Раушан Аманбекқызы.
1-ші орын иегері:
• Зейнулла Даяна Қайратқызы - Қазақ Ұлттық Өнер университеті. Жобаның тақырыбы - Реалити-шоу «Q-GENERATION». Жоба жетекшісі - Ильясов Жақсыгелді Қалкенұлы.
2 орын иегерлері:
• Әшірбекова Анель Ержанқызы - Қазақ Ұлттық Өнер университеті. Жобаның тақырыбы - Иммерсивное шоу «Бессмертие-Коркут-Музыка» Жоба жетекшісі - Арғынов Бабыр Мейрамұлы.
• Ахметуллина Ажар – Қазақ Ұлттық Өнер Университеті. Жобаның тақырыбы - фестиваль «Экофест».
3 орын иегерлері:
• Умарходжиев Елисей Константинович - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы. Жобаның тақырыбы - «Фестиваль чая». Жоба жетекшісі - Сорокина Юлия Владимировна.
• Солтанбек Айжан Қуанышқызы / Сұлтанбай Арман Мұқанұлы - Қазақ Ұлттық хореография академиясы. Жобаның тақырыбы - «Ұлы көш» эксперименталды көше перфомансы.
Жоба жетекшісі - Шаримов Алпамыс Ускенбаевич.
• Байжомартова Айдана Қанатқызы - Қазақ Ұлттық Өнер университеті. Жобаның тақырыбы - Creative agency “Light Entertainment”. Жоба жетекшісі - Арғынов Бабыр Мейрамұлы.




Альбомдарға оралу