Menu HELPDESK

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаевпен кездесу өтті

Бүгін 05.02.2021 ж. ZOOM платформасында конференция өтті, оған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаев, Алматы қаласы аудандарының әкімдері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, «Sanaly yrpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі К.А. Тоқышев және «IZGILIK ELSHISI» жобалық кеңсесінің өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласының жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысты. Консерватория атынан: тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор М.А. Ешмұханов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы, жалпы фортепиано кафедрасының меңгерушісі И.В. Олексенко, кеңес мүшелері К.М. Азубаев және А.М. Аширова қатысты.
Бүгінгі іс-шарада 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды және 2021 жылға жаңа міндеттер қойылды, студенттік, оқытушылық және қоғамдық ұйымдардың жұмысына әдістемелік ұсыныстар мен көмек көрстету, ықпал ету тұстары анықталды. Қазіргі уақытта ең басты міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудитті жүзеге асыру жөніндегі ұсынысты қарау болып табылатыны атап өтілді. Бірқатар іс-шаралар, вебинарлар, кездесулер және т. б. өткізу жоспарлануда.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаев және республикалық жобалау офистерінің басшылары атқарған жұмыстары үшін ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.
Альбомдарға оралу