Ева, Иосиф және Семен Коган атындағы I Халықаралық аспапта орындаушылық байқауы
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында "Art Forum of Kazakhstan" ұйымы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Ева, Иосиф және Семен Коган атындағы I Халықаралық аспапта орындаушылық байқауын жариялайды. Байқау 2021 жылы желтоқсан айының 1-10 жұлдызы аралығында онлайн форматта өтпек.
Когандар – соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның музыкалық мәдениетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан отбасы. 1942 жылы Когандар Алматыға қоныс аударды. Иосиф Бенедиктович Коган - қазақстандық скрипка мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Оның ағасы Семен Бенедиктович - талантты пианиношы, көптеген әншілер мен аспапшылардың танымал аккомпаниаторы, ал қарындасы Ева Бенедиктовна – Мәскеу консерваториясында білім алған пианиношы – қазақстандық фортепиано мектебінің "тіректерінің" бірі, виртуозды музыкант болды. Иосиф Бенедиктович өзін үлкен ұстаз, өз жұмысында белгілі бір позицияны білдіретін тәлімгер ретінде көрсете білді. Ол білім алушылардың бойында ұлттық қазақ музыкасына деген жанды шығармашылық қатынасты тәрбиелеуге ұмтылды. Өмірінің соңына дейін консерваторияда жұмыс істеп, бірнеше буын кәсіби музыканттарды тәрбиелеген Иосиф Коганның 100 жылдық мерейтойын былтыр консерватория атап өтті.
Қолдау көрсеткендер:
· Алматы қаласы әкімдігі
· "Nur Otan" партиясы
· Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
· Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі
· "Art-Mirai" жеке қоры
· "PIANOS Музыка және өнер орталығы"
· Қазақстан Композиторлар одағы
· Республикалық еврей қайырымдылық қоғамдық бірлестігі "Хэсэд Полина" Қамқорлық Орталығы"
· "Jas Otan" жастар қанаты
1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
· заманауи өнердің үздік үлгілерін дамыту
· ұлттық мәдениетті жаңғырту, сақтау және көрсету
· қазақстандық композиторлардың шығармашылығын дамыту және насихаттау
· дарынды жастарды анықтау және қолдау
· орындаушылық шеберлік деңгейді жетілдіру
· балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру
2. Байқау номинациялары:
· "Фортепиано"
· "Ішекті аспаптар" (скрипка, альт, виолончель, контрабас, арфа)
· "Үрмелі және ұрмалы аспаптар" (үрмелі ағаш, үрмелі мыс және барлық ұрмалы аспаптар)
· "Ансамбльдік өнер" (2-ден 9 қатысушыға дейінгі кез келген аспаптық ансамбльдер)
· "Концертмейстерлік шеберлік" (ішекті, үрмелі, ұрмалы аспаптар мен вокалистердің концертмейстерлері)
3. Жас санаттары:
I 9 жасқа дейінгі жас тобы (қоса алғанда)
II жас тобы 10-12 жас
III жас тобы 13-15 жас
IV жас тобы 16-19 жас
V жас тобы 20-29 жас
"Ансамбльдік өнер" және "концертмейстерлік шеберлік" номинациялары үшін жас санаттары қарастырылмаған.