Menu HELPDESK

Хабарландыру


МАГИСТРАТУРАҒА КҮЗГІ ҚАБЫЛДАУ 2025 ЖЫЛ


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсын жариялайды:

• Дирижерлеу — 1 грант

• Музыкатану — 1 грант

• Композиция — 2 грант

• Арт-менеджмент — 1 грант

Үміткерлерге қойылатын барлық талаптар, білім беру бағдарламаларының сипаттамасы мен қабылдау ережелері Консерваторияның ресми сайтында орналастырылған.

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы ала аласыз: https://www.conservatoire.edu.kz/kz/learning-process/master/magistratura-kabyldau-2025-2026-kuz/


____________________________________________________________________________________________________________________



«Erasmus+ бағдарламасы – Виго қаласында оқытушылар мен студенттер үшін»

https://www.conservatoire.edu.kz/upload/09-2025/regulation_of_academic_mobility_rus.pdf

      Erasmus+ бағдарламасы аясында 2025–2026 оқу жылында Испанияның Виго қаласындағы Жоғары музыка консерваториясында тағылымдамадан өтуге конкурс жарияланады. Тағылымдама барысында университеттің оқытушылары мен студенттері үшін семинарлар және/немесе дәрістер, шеберлік сабақтары мен концерт өткізу жоспарланып отыр.

Студенттердің сапар кезеңі: 2026 жылғы қаңтар–мамыр.

Профессорлық-оқытушылық құрамның сапар кезеңі: 2026 жылғы наурыз.

Студенттерге арналған грант саны: 3 орын (әрқайсысы 5 айға).

Профессорлық-оқытушылық құрамға арналған грант саны: 3 орын (әрқайсысы 7 күнге).

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар келесі критерийлер мен талаптарға сай болуы тиіс:«Erasmus+ бағдарламасы – Виго қаласында оқытушылар мен студенттер үшін»


Қабылдау үшін QR коды:

 


_______________________________________________________________________________________________________________________


Құрметті студенттер!

Босаған мемлекеттік білім гранттарына конкурсқа қатысу үшін өтініш қабылдау жалғастыруда. Өтініштер 2025 жылдың  30 маусымына дейін өтінім беруге болады (өтініш үлгісі «Платонус» жүйесіндегі бас мәзірде «Хабарландырулар» бөлімінде тіркелген)

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарының саны

(2025 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша)


______________________________________________________________________________________________________________________

Бос білім беру гранттарын беру туралы қорытынды

2024-2025 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша

Бос білім беру гранттары туралы толық ақпаратты Бос гранттар бөлімінен алуға болады