Консерватория докторанты Қазақстандағы креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасын талқылауға қатысты
II оқу жылының докторанты Әсел Имае (арт-менеджмент) 16 қыркүйекте AlmaU университетінің Qaynar bulak алаңында офлайн және онлайн өткен Қазақстандағы креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасын талқылауға қатысты.
Конференцияда креативті индустрияларды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы ұсынылды. Құжат 2021 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша әзірленген болатын. Әзірленген тұжырымдама бірыңғай стратегиялық құжат болып табылады, сектораралық сипатқа ие және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен өзара байланыста болады. Құжат Қазақстанның креативті индустриясына қатысты пайымды, дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін, сондай-ақ мемлекеттік саясатты іске асырудан күтілетін нәтижелерді айқындайды.
Тұжырымдаманы әзірлеуге экономиканың креативті секторының өкілдері, шығармашылық бірлестіктер мен қоғамдастықтар, сондай-ақ жеке тұлғалар – креативті кәсіпкерлер мен осы саладағы сарапшылар қатысты.
Мәселен, 2021 жылғы ақпан-маусым аралығында докторант Әсел Имае Covid-19 пандемиясының креативті индустрияларға, атап айтқанда Қазақстанның академиялық өнер саласына әсері тақырыбындағы Creative Spark жобасы шеңберіндегі зерттеуге қатысқан болатын.
Жобаның мақсаты пандемияның Қазақстан өнер қайраткерлеріне теріс әсер ету дәрежесін анықтау болды. Зерттеудің нәтижесі ММХҚИ-дың "Халықаралық процестер" басылымында жарияланды. Авторлар жүргізілген сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, карантиндік шараларға байланысты туындаған проблемаларды анықтады, сондай-ақ саяси құрылымдар үшін Қазақстанның музыка индустриясының академиялық секторын қолдаудың нысандары мен шаралары туралы ұсынысты қарауға ұсынды.
Қазақстанда креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасына сәйкес отандық креативті кәсіпкерлердің ірі халықаралық шығармашылық байқауларға, көрмелерге, фестивальдарға қатысуын ұлғайту жоспарлануда және Қазақстан брендін халықаралық аренада тануға ықпал ететін болады.
Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында креативті индустриялар субъектілері үшін пилоттық жоба режимінде акселераторлар, креативті кластерлер құруды, гранттық қолдауды, сондай-ақ бизнес үшін қызметтер көрсетудің креативті орталықтары деп аталатындар базасында креативті кәсіпкерлік саласындағы құзыреттерді күшейтуді қамтитын қолдау құралдарының неғұрлым кең ассортименті көзделетін болады.
Тұжырымдаманы заңнамалық деңгейде бекіту осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.