Menu HELPDESK

Коронавирус: Сақтық шаралары, алдын алу

Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа түрі өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден Өзіңіздің денсаулығыңызды қорғау мақсатында төмендегі алдын алу шараларын сақтауды сұраймыз:
- Дене температурасын күніне 2 реттен кем емес өлшеу;
- Ғимараттар мен үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету;
- Күн сайын ылғалды тазалау жүргізу;
- Қолды сабынмен жиі жуу;
- Жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т. б.) пайдалану.
- Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармай, медициналық көмекке дер кезінде жүгінуі, сондай-ақ жіті респираторлық инфекция симптомдары кезінде жөтелу этикетін сақтауы қажет (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде аузыңызды жабыңыз және бір рет қолданылатын майлықтармен немесе киіммен шайыңыз және қолыңызды жуыңыз).
- 1406 телефоны бойынша күдікті жағдайлар мен жетіспейтін медициналық көмек туралы хабарлау;
Үй карантині жағдайында оқшауланған адамға:
- жеке жақсы желдетілетін бөлме таңдау;
- оның басқа адамдарға баруын болдырмау;
- халықтың жаппай жиналатын орындарына баруын болдырмау;
- қоғамдық көлікті пайдаландыруға болмайды.
Барлық мектепке дейінгі және мектептегі жалпы білім беру мекемелерінде, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарда (қоғамдық дәретханалар, аналар мен бала бөлмелері, қоғамдық тамақтану объектілері, банк терминалдары, дүкендер, сауда үйлері, жабық базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, метро станциялары және өзге де әкімшілік қоғамдық ғимараттар), сондай-ақ жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарында:
- ЖРВИ (ОРВИ) белгілері бар науқастарға маскалық режим;
- қолға арналған сұйық сабынды және тері антиспетиктері бар мөлшерлеуіштерді, бір рет қолданылатын қағаз сүлгілерді немесе электрлік кептіргіштерді орнату, олардың үздіксіз қолданылуын қамтамасыз ету;
- күн сайын әрбір екі сағат сайын дезинфектантпен сүрту жолымен есіктің тұтқаларын, тұтқаларды, банкоматтарды, лифттердің кнопкаларын, балалар аттракциондарын және электрондық анықтамалардың беттерін дезинфекциялауды жүргізу;
- дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күніне 2 рет, міндетті түрде желдету арқылы ылғалды тазалау жүргізу;
- барлық ғимараттарды, үй-жайларды күніне кемінде 2 рет: жұмыс күні басталғанға дейін және жұмыс күні ішінде ультракүлгін сәулелендіргіштермен ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз етуді сақтауды ұсынамыз.

Каз 1.jpg

Каз 2.jpg
Альбомдарға оралу