Menu HELPDESK

Креативті индустриядағы үздік стартап идеяларға арналған конкурс басталды

inst1_650x450.jpg

Қазақстан-Британ Техникалық Университеті және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Хенли Бизнес мектебімен, Рэдинг университетімен бірлесіп Creative Spark (British Council) бағдарламасы шеңберінде креативті индустриядағы үздік стартап идеяларға арналған конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс Британдық Кеңес қаржыландыратын Қазақстанда Creative Enterprise Hub құру жөніндегі жобаны іске асырудың бір бөлігі болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты өңірде креативті индустрия мен стартап-мәдениетті қолдаудың тұрақты экожүйесін дамытуға бағытталған Орталық Азиядағы алғашқы Creative Enterprise Hub дамыту болып табылады.

Байқау келесі бағыттар аясында ашылды:

- Жарнама және маркетинг

- Сәулет

- Сәндік-қолданбалы өнер және қолөнер

- Дизайн

- Кино

- Ақпарат және телекоммуникация, бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік қызметтер

- Баспа ісі

- Кино

- Музейлер, галереялар және кітапханалар:

- Музыка, орындаушылық және бейнелеу өнері.

 

Егер сіздің жоғарыда көрсетілген бағыттар аясында стартап болуы мүмкін бизнес-идеяңыз бар болса, біз сіздің өтінімдеріңізді күтеміз! Өтінімді жазу тілі – орыс/қазақ және ағылшын (міндетті түрде).

Өтінімдерді ұсыну мерзімі – 2021 жылғы 21 ақпанға дейін (Нұр-сұлтан қаласының уақытымен 23:59 дейін). Осы мерзімнен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Word форматындағы өтінімдер электрондық пошта арқылы келесі мекен-жайға жіберілуі керек: creativespark@henley.ac.uk және / немесе creativespark@kbtu.kz

 

Өтінім нысаны мен толық ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: https://drive.google.com/drive/folders/1Yw3kpVCgC_9Hm04M3jluK6oZHwLZsI88?usp=sharing



Альбомдарға оралу