Menu HELPDESK

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ 2021



Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын арнады.
Президент Жолдауы – еліміздің жыл сайынғы даму стратегиясын айқындап беретін маңызды құжат.

Құжатта ең басты міндет – халықтың әл-ауқатын көтеру екені айрықша айтылып, осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар міндеттер белгіленді. Әлемде орын алған пандемия көптеген түйткілді мәселелердің бетін ашып, сондай-ақ жаңа үрдістердің қалыптасуына ықпал етті. Әсіресе білім беру ісіндегі қашықтықтан оқыту мәселелері сала мамандарына жаңа талаптар ғана емес, сонымен қатар мүмкіндіктер де туғызуда.

Мемлекет басшысы жаңа уақыт талаптарына сәйкес еліміздің экономикалық дамуына, өнеркәсіпті күшейтуге, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауылшаруашылығы саласына аса көңіл бөлуге, білім және ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, бизнес және әлеуметтік мәселелер секілді елдегі барлық саланың жұмыстарына қатысты міндеттерді бекітіп берді. Сондай-ақ Президент педагогтардың мәртебесін арттыру, оларды қолдау ісінің жалғаса беретінін және театр, кино, әдебиет, музыка, бейнелеу сияқты өнер салаларында шығармашылықпен айналысатын жастарды қолдау, олардың жаңашыл бағыттағы жұмыстарына тиісті деңгейде баға беріп, сыйлықтар тағайындау, ынталандыру керектігін де назарға алып, тиісті ведомстволарға тапсырды.
Альбомдарға оралу