Профессор Т.Тоқжановтың «Орындаушылық өнер тарихы» атты ашық сабағы өтті
5 қазан 2021
Бүгін «Домбыра» кафедрасының профессоры Төлепберген Тоқжановтың «Орындаушылық өнер тарихы» атты ашық сабағы А.Жұбанов атындағы РҚМММИ үлкен залында өтті.
Ашық сабақ «Домбыра» мамандығындағы 1 курс білім алушыларына арнайы ұйымдастырылған болатын. Оған сыбызғышы, «Құрмет» орденінің және «Халық күйшісі» төсбелгісінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, Өнертану ғылымдарының кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Мұқышев Талғат Кәріпжанұлы қатысты.
Өнер-білім ордасының табалдырығын енді аттаған жас буын қазақ күйшілік өнері, оның ішінде сыбызғы күйшілік дәстүрінің тарихы, атақты сыбызғышылар, сыбызғы күйлерінің тарихы, аспап түрлері, орындаушылық ерекшеліктері және Талғат Кәріпжанұлының жеке шығармашылығы жөнінде, сондай-ақ жалпы орындаушылық өнерге қатысты көптеген мәлімет алды. Қатысушылардың сұрақтарына тұщымды жауаптар берілді. Ашық сабаққа қатысқан әрбір студент өнер жолында серік еткен өз аспаптарының тарихына терең бойлап, білімдерін тереңдете түсті.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024