Menu HELPDESK

Шабыттың ұшқыны

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің шығармашыл жастарының бастамасымен, консерваториямыздың Үлкен концерт залында «дирижерлеу» кафедрасының ұйымдастыруымен «Шабыттың ұшқыны» атты хор музыкасының концерті өтті.
Шабыттың ұшқыны - бұл Амангелдинов Аянның көркемдік жетекшілігімен аралас және жастар хор ұжымының тұсаукесер көрсетілімі. Бұл концерттің мақсаты қазақстандық көрермендерге хор өнерін кеңінен насихаттау. Сондай-ақ Аянның Кореяда 3 жыл бойы жинаған білімі мен өнерін көрсету дейді ұйымдастырушылар. Бұл кеште Қазақстанда алғаш рет Корея мен Австралияның композиторлары Hye-yeong Jo және Naomi Crellin-нің хор шығармалары, сонымен бірге бірқатар Қазақстан, Ресей, Латвия және Британия композиторларының үздік туындылары да орындалды.
Хор музыкасы кешінің қонақтары «Atman» аспаптық триосы. Бұл топ ерекше стилі бар, көрерменді таң қалдыра алатын жас команда. Олардың ерекшелігі күрделі техникалық тәсілдерді талап ететін шығармаларды орындауларында. Трио құрамы: Евгений Ястремский, Асана Нарбутаев (гитара) және Рафис Зарипов (аккордеон).


WhatsApp Image 2020-02-06 at 17.15.57.jpeg

WhatsApp Image 2020-02-06 at 17.15.57 (1).jpeg
Альбомдарға оралу