Студенттер арасында ЖИТС-ке қарсы алдын алу шаралары
2021 жылдың 20 қазанында 1 курс студенттері арасында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры м.а. М.Ешмұханов және ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының (әрі қарай – ЖИТС орталығы) дәрігер-мамандары Үсенқұл Мадина мен Жұманова Анельдің қатысуымен «Студенттер арасында ЖИТС-ке қарсы алдын алу шаралары» кураторлық сағаты өтті. Кураторлық сағат барысында ЖИТС орталығының дәрігер-мамандары ЖИТС және АИТВ инфекциялық ауруларының таралу және оның алдын-алу жолдары туралы 1 курс студенттеріне толық ақпарат беріп, студенттердің көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Еліміздегі жастар арасында кеңінен таралып келе жатқан ЖИТС пен АИТВ ауруларының алдын-алу бойынша тәрбиелік іс-шаралар жоспарға сәйкес консерваторияның білім алушыларына әлі де ұйымдастырылатын болады.